Сабақ тақырыбы: «Мерекелер мен ойын-сауықтар»



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі18,76 Kb.
#83319
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
матемммм
Заттардың көлемені қабылдау ерекшеліктеріне байланысты дидактикалық ойындар картотекасы, Қимылды ойындар ортаңғы тобы
Өзіндік музыка қызметі
Әр бала музыка сабағында танысқан материалды өз бетімен жеткізуге тырысады, бидің элементтерін аса қызығушылықпен және шыдамдылықпен қайталайды немесе музыкалық аспапта сәйкес әуенді таңдайды және т. б. мұндай жаттығулар сабақтың жалғасына айналады, оларды өзіндік іздену сәттері ретінде қарастыруға болады. Балаларға ешқандай сүйемелдеусіз өздеріне ыңғайлы тональдылықты әнді орындап шығу немесе белгілі бір шығарманың, хороводтың өз нұсқасын шығару ұсынылады және т. б.
Әсіресе балалардың мерекеден, ойын-сауықтан, музыкалық сабақтан, телебағдарламаны көргеннен кейін алған жарқын әсерлеріне негізделген сюжеттік-рольдік ойындарда олар өздерін жан-жақты тұрғыдан көрсетеді. Оларға «концерт», «музыкалық сабақ», «жұмбақ» және т. б. ойындар жатады. Тәрбиеші балалардың ойынын бақылай отырып, әрқайсысының қызығушылықтары мен қабілеттерін ескере отырып, олардың өзіндік шығармашылық қызметтеріне үнемі жетекшілік етеді және тактикалық түрде көмек көрсетеді. Сәйкес жағдайлар қалыптастырып, топтық бөлмедегі орындарын анықтау барысында балалар музыканы ойнап, еркін қимылдайды. Өзіндік музыка қызметі мерекелерден және ойын-сауықтардан алған әсерлерінің негінінде оқыту нәтижесі болып табылады және ол баланың
жинақтаған тәжірибесінің негізінде қалыптасады.
I тапсырма:

  1. Сіздерге тапсырма, ойын-сауықтардың түрлерін атаңыз

  • Қысқы ойын-сауық

  • Спорттық ойын-сауық

  • Мерекелік ойын-сауық және т.б.

2. Балалар ертеңгілігіндегі музыканың рөлі қандай?




1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды. 2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды. 3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады. 5 жас &ndash баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады. 6 жас &ndash балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет