Сабақ тақырыбы: М.Әуезов «Абай жолы»



бет3/4
Дата27.11.2023
өлшемі32,91 Kb.
#193742
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Абай жолы роман- эпопеясы, мазмұны, кейіпкерлері тақырыбына ашық сабақ жоспары (9 сынып)
downloadPdfUmkd (2), Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мазмұнын білу, 1135e663-8c36-11e3-bf6e-f6d299da70eeКаз адеб окыту адис для преп (2), «Студенттердің-ғылыми-зерттеу-жұмыстары-туралы-Ережесіне»-өзгерістерді-енгізіп-бекіту (1)
ІІІ Бекіту

        1. АБАЙ ЖОЛЫ ӨМІР ЖОЛЫ. ӨМІР ДЕГЕН ТУЛАП АҚҚАН ТЕҢІЗДЕН ӨЗ ОРНЫМЫЗДЫ ТАБУ. Абайша айтсақ, «Атаның ұлы болмай, адамның ұлы болу» біздің мақсатымыз. Біз қандай мамандық таңдасақ та, қандай өмір жолында жүрсек те, біз Абай атамыздың әділдігін, оқу-білімге ұмтылуын ту етіп биік ұстауымыз парыз!



І топқа

1.М.Әуезов қай жылдары өмір сүрді?


А) 1900-1973
Ә) 1897-1961
Б) 1895-1960
В) 1894-1959
2.Мұхтар 11 жасынан бастап кімнің тәрбиесінде болды?
А) Немере ағасы Қасымбектің
Ә) Әкесі Омарханның
Б) Нағашыларының
В) Атасы Әуездің
3. М.Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесін жазғанда қанша жаста еді?
А) жиырмадан енді асқан
Ә) жиырмада
Б) Отызда
В) он сегізде
4.М.Әуезовтің пьесасын белгілеңіз.
А) «Бақыт жолына»
Ә) «Бәйбіше-тоқал»
Б) «Ш.Уәлиханов»
В) «Ант»

5.Абай Ділдәға үйленгенде бас құда болып барған адамды белгілеңіз.


А) Майбасар
Ә) Тәкежан
Б) Ызғұтты
В) Ербол

6.М.Әуезовтің 1917 жылы жарық көрген тырнақ алды мақаласының атын табыңыз.


А) «Мәдениет һәм ұлты»
Ә) Философия жайынан»
Б) Адамдық негізі-әйел»
В) Оқу ісі

Жауабы: 1-ә, 2-а,3-а, 4-ә,5-б,6-б

ІІ топқа
1.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясы арқылы өзінің қалай қазақ болып кеткенін білмей қалғанын жазған жазушыны белгілеңіз.
А) Б.Матип
Ә) К.Федин
Б) Бельгер
В) Л.Арагон
2.М.Әуезовтің әңгімесін табыңыз.
А) «Қаракөз»
Ә) «Абай жолы»
Б) «Еңлік-Кебек»
В) «Жетім»
3.М.Әуезовтің «Абай жолы» романында Абайға:»Бөжекеңді көрген жерде сәлеміңді түзу бер»,-деп айтқан адамды табыңыз.
А) Зере
Ә) Айғыз
Б) Ұлжан
В) Күңке
4. М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Сүйіндіктің қандай адам екенін белгілеңіз.
А) Табанды , қырсық адам
Ә) Сыр бермес
Б) Жалтақ адам
В) Сұм адам
5.М.Әуезовтің тұңғыш көркем туындысы қалай аталатынын белгілеңіз.
А) «Абай жолы»
Ә) «Қилы заман»
Б) «Қаракөз»
В) «Еңлік-Кебек»
6.М.Әуезов Санкт-Петербург университетін қай жылы бітірді?
А) 1922
Ә) 1928
Б) 1924
В) 1926

1-а,2-в,3-ә,4-б, 5-в, 6-ә

ІІІ топқа
1«Қорғансыздың күні» әңгімесінің басты кейіпкері кім?
А) Рабиға
Ә) Ғазиза
Б) Жәмила
В) Қадиша
2М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы Абай қол ұшын бере алмай, қыршын кеткен қарындасының атын табыңыз.
А) Кәмшат
Ә) Айгүл
Б) Мағыш
В) Салиха
3.М.Әуезовтің қай шығармасында Жарасбай, сәлмен, Қатша деген кейіпкерлер кездесетінін белгілеңіз.
А) «Қилы заман»
Ә) «Қаралы сұлу»
Б) «Қараш-қараш оқиғасы»
В) «Оқыған азамат»
4. «Абай жолы» романындағы асы берілген адамның атын табыңыз.
А) Бөжей
Ә) Байдалы
Б) Қодар
В) Қаратай
5.М.Әуезовтің 1956жылы қандай кітабы басылып шықты?
А) Абай жолы» ІІ кітап
Ә) «Абай жолы» І,ІІ кітап
Б) «Дос-бедел-дос»
В) «Абай жолы» І кітабы
6.М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының І кітабында Абайдың кім ретінде қалыптасқанын белгілеңіз.
А) Азамат
Ә) ақын
Б) Ел қамқоры
В) Азамат-ақын

Жауабы:, 1-ә, 2-а, 3-б, 4-а, 5-а,6-а






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет