Сабақ тақырыбы «пісірілген қосылыстардың ЖӘне пісірілетін жіктердің классификациясы»



бет3/6
Дата10.12.2021
өлшемі270,09 Kb.
#78781
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10.09.2020 конст лекция
11.09.2020
Бұрыштық қосылыс бұл бұрышпен орналасқан және олардың шеттері шектескен жерде дәнекерленген екі элементтің пісірілген қосылысы (2.9 сур.).
Бұрыштық қосылыстарды дәнекерленетін элементтердің тік неме-се еркін бұрышпен орналасуы кезінде жүргізеді және дәнекерлеу осы элементтердің бір немесе екі жағынан жиектері бойынша орындалады.
Бұрыштық қосылыстарды әртүрлі қорапты бұйымдарды, резервуар-ларды және сыйымдылықтарды дәнекерлеген кезде қолданады.
Жиектердің қиғаштығынсыз қапталдық жікпен бұрыштық қосылысты (2.10, а сур.) әдетте жіңішке металды дайындау-дәнекерлеу үшін қолданады. Жуанырақ қосылыстар тек пайдаланған кезде олар айтарлықтай жүктемелерге немесе жіктің тамырлық бөлігінде иілуге ұшырамайтын болатын жағдайда ғана орындалуы мүмкін. қосылыстың осы типін алу үшін жиектерді ешқандай да дайындау қажет болмайды, осындай қосылыстарды құрастыру өте қарапайым.

2.9 сур. Бұрыштық қосылыс



2.10 сур. Бұрыштық қосылыстардың түрлері:



  • – қапталдық жікпен жиектердің қиғаштығынсыз; б – элементтерді ішінара жа-бумен жиектердің қиғаштығынсыз; в – элементтерді өзара жабусыз жиектердің қиғаштығынсыз; г – жиектердің қиғаштығымен; д – бір жиектің екі симметриялы қиғаштығымен

Жиектердің қиғаштығынсыз элементтерді өзара жабусыз бұрыштық қосылыс (2.10, в сур.) қалыңдығы үлкен металды дайындау-дәнекерлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Біржақты дәнекерлеген жағдайда жіктің тамырының балқытылуын қамтамасыз ету қажет. Екіжақты дәнекерлеген кезде мұндай қосылыс айтарлықтай жүктемелерге шыдай алады. Онда дәнекерлеу кернеулері бірқалыпты бөлінген. Жиектер ке-скеннен кейін перпендикуляр бүйіржақтарға ие болуға тиіс, құрастыру үшін тиісті қысқыштар және кондукторлар қажет.
Жиектерді қиғаштап бұрыштық қосылыс (2.10, г сур.) үлкен беріктікке ие және қалыңдығы 3...60 мм металды дайындау-дәнекерлеу үшін қолданылады. Екіжақты дәнекерлеу мүмкін емес болған кезде жіктің тамырының пісіріміне назар аудару қажет. Жиектердің қиғаштығынсыз және өзара қабаттастырусыз бұрыштық қосылысты дайындауға қарағанда, бұрыштық қосылысты дайындаудың құны жоғарырақ.

Бір жиектің екі симметриялы қиғаштығымен бұрыштық қосылыс (2.10, д сур.) қалыңдығы 8...100 мм металл үшін, ауыр жағдайларда жұмыс істейтін конструкциялар үшін қолданылады. Дәнекерлеу екі жағынан орындалады. Жіктің тамырында жақсы балқытуды қамтамасыз ету қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет