Сабақ тақырыбы: «Тұрақты электр тогы»



бет1/2
Дата04.08.2017
өлшемі334,16 Kb.
#22738
түріСабақ
  1   2
Аканова Каракат Акановна

«Жамбыл атындағы орта мектебі» КММ

Физика және информатика пәнінің мұғалімі

Сабақ тақырыбы: «Тұрақты электр тогы» тарауын қорытындылау
Сабақ мақсаты:


  1. Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін кеңейтіп, біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыру.

  2. Өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын, білімдерін, ойлау қабілетін және электронды оқулықпен жұмыс жасау, есеп шығару қабілеттерін дамыту.

  3. Оқушылардың шапшаңдыққа, өзін – өзі бағалауға, уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.


Сабақ түрі: Сайыс сабақ

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, электронды оқулықпен, топпен жұмыс

Көрнекіліктер: суреттер, электронды оқулық, компьютер, жазулар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Сыныпты екі топқа бөліп, сабақтың өту барысын оқушыларға таныстыру



ІІ. Сайыс түрлерін өткізу

  1. бөлім. « Кім көп біледі?» (электронды оқулықта берілген тарау бойынша берілген тесті орындау)

  1. Электр тогы

  2. Ток көздері, ток тізбегі

  3. Электр кернеуі

  4. Токтың жылулық әсері




  1. бөлім. «Кім шапшаң?» (сұрақтарға жауап беру)

  1. Ток күші дегеніміз не? (өткізгіштің көлденең 1 с ішінде қандай заряд өтетінін көрсететін физикалық шама)

  2. Токтың жұмысы дегеніміз не? (Токты тудыратын электр өрісінің жұмысы)

  3. Амперметрмен нені өлшейміз? ( Ток күшін)

  4. Вольтметрмен нені өлшейміз? (кернеуді өлшейді немесе өткізгіштің ұшындағы токтарды өлшеуге арналағн құрал)

  5. Электр кедергісі қандай шама? ( тізбек бойымен өтетін токқа өткізгіштің кедергі жасау қасиетін сипаттайтын шама)

  6. Электр кернеуі дегеніміз қандай шама? (тізбек бөлігінде заряд тасымалдауға жұмсалатын ток жұмысының мөлшерін көрсететін физикалық шама)

  7. Өткізгіштерді тізбектей жалғау дегеніміз не және тізбектей жалғағанда ток күштерінің, кернеудің және кедергілердің мәні қалай анықталады? ( I=I1=I2=…=In, U=U1+U2….+Un, R=R1+R2+….Rn)

  8. Өткізгіштерді параллель жалғау дегеніміз не және параллель жалғағанда ток күшінің, кернеудің мәні қалай анықталады? (I=I1+I2+….+In, U=U1=U2=…Un, 1/R= 1/R1+1/R2….+1/Rn)

  9. Тізбек бөлігіндегі кернуді есептеу формуласы (U=A/g)

  10. Тізбек бөлігіндегі ток күшін табу (I=U/R)

  11. Тізбек бөлігінің кедергісін есептеу формуласы (R=U/I)

  12. Тізбек бөлігінің ұштарындағы кернеуді есептеу формуласы ( U=I*R)

  13. Электр тогының қуатын есептеу формуласы ( P=A/t=I*U)

  14. Джоуль –Ленц заңының математикалық түрде өрнектелуі (Q=I2*R*t)




  1. бөлім. «Кім тапқыр?» ( сәйкестендіру тестін орындау)




  1. бөлім. « Кім ізденімпаз?» ( ғалымдар өмірбаяндарына шолу)

1. А. Ампер 2. Г. Ом 3.А. Вольта


  1. бөлім «Кім жүйрік?» ( есептер жинағынан есеп шығару)

№560, 561, 571, 576

№511, 513, 520, 522


ІІІ. Сайысты қорытындылау (топ оқушыларын бағалау)

ІV. Үйге тапсырма: Есептер шығару, қайталау

Сабақтың тақырыбы: Paint графикалық редакторының құралдары. Қисық сызықтарды, көпбұрыштарды, тік сызықтарды т.б салу
Сабақтың мақсаты:

    1. Графикалық редакторда жұмыс істеуге үйрету

    2. Оқушылардың біліми іскерлік дағдыларын дамыту

    3. Paint графикалық редакторындағы әрекеттерді тиімді пайдалануға баулу


Сабақ типі: Практикум
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Paint графикалық редакторын іске қосу әрекеттерінің тізбегі қалай?

  2. Paint редакторының терезесінің құрлымы қандай?

  3. Құралдар жиынына анықтама беру.

ІІІ. Жаңа сабақ


  1. «Білім биржасы» ойыны

Тақтадағы сұрақтардан оқушылар өз мүмкіндіктері мен қабілетіне қарай тапсырма алады.

Жауаптары «акциялармен» бағаланады

«Акционер» оқушы жауабының толықтығына қарай әр түрлі түстегі «акциялар» алады:

Толық емес жауап – қара түсті «акция»

Дұрыс бірақ кеңінен ашылмаған – қызыл түсті «акция»

Дұрыс әрі толық ашылған жауап – ақ түсті «акция»


Оқушы бағасы «акция» түсімен бағаланады

Ойын тапсырмаса:



1- деңгей тапсырмалары:
1. Сызық сызу әрекеттерінің тізбегін ата

2. Қисық сызықты салу әрекетін ата

3. Көпбұрыш салу әрекеттерін көрсет

4. Үзінділермен қандай әрекет (амалдар) жүргіземіз

5. «Бояу бүрку» әдісін тудыру үшін не істеу керек?

6. Қабаттасқан шеңбер сал ( әр түрлі түспен сал)

7. Жұмбақты шеш суретін сал

8. Тауды және гүлді сал. Гүлді бірнеше рет көшірмеле.

9. Қыстың бейнесін сал. Салу әрекетін ата.

10. Балықтың суретін сал және көшірмеле.

900, 1800, 2700- қа бұру әрекеттерін орында

11. Сурет салу кезеңдерінің әрекеттерін ата

12. Суретке мәтін жазу әрекеттенрін ата

2- деңгей тапсырмалары:

1. «Қазақстан -2030» сөйлемін қарындашпен жаз

2. Гүл салынған ыдыстың суретін сал

3. Кампьютер бейнесін сал, оны түрлі түспен боя

4. Тұйық контурды бөлу әрекетін ата, көрсет

5. Түрлі түске боялған жеңіл машина сал

Төменгі жағына пайдаланылған құралдың бірін жаз

6. Үзіндіні қалай жояды? Үш тәсілін ата

7. Әр түрлі құрал пайдаланып пирамида сал

8. Масштабты қалай үлкейтеміз

3- деңгей тапсырмалары:


  1. Үзінді дегеніміз не?

  2. Өшіргіш құралын пайдалану әрекетін айт?

  3. Егер контур тұйықталмаса не болады?

  4. Көпбұрыш құралын пайдаланып алты бұрыш сал

  5. Көпбұрышпен компазиция құр



IV. Бағалау. Үйге тапсырма беру

Сабақтың тақырыбы: § 54. Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның планетарлық моделі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Резерфорд тәжірибесін, атом ядросының құрылысын анықтайтын құбылыстардың физикалық және химиялық мағынасын, түсіндіру, химиялық элементтің негізгі қасиеттерімен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың танымдық деңгейлерін кеңейту, ойлау қабілеттерін дамыту, элементтердің құрамын анықтай білуге дағдыландыру, ой-өрісін дамытуға, өз бетімен қорытынды жасауға үйрену.

Тәрбиелік: оқушыларды білімділікке, ізденімпаздыққа, белсенділікке, топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі: СТО әдісі, ауызша баяндау, электронды оқулық, сұрақ-жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: суреттер, химиялық элементтер кестесі, плакаттар

Пәнаралық байланыс: Математика, химия

Сабақтың құрылысы:

І. Ұйымдастыру. (оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару)

II. Мағынаны тану «ББҮ» кестесі бойынша

Оқушылар бүгінгі жаңа сабағымызға байланысты “ББҮ” кестесін толтырамыз.



А) Атом құрылысы бойынша , өткен тақырыптар бойыншаөз білетіндерін толтыру. «Білемін» бағанын толтырайық .

1) Атом деген не?

2) Құрамында не бар?

3) Фотоэффект дегеніміз не?

4) Электрон дегеніміз не?

5) Протон, нейтрон деген не?

6) Атомды кім ашты?

7) Электронның шығу жұмысы дегеніміз не?

8) Фотоэффект туралы Эйнштейн формуласы.

9) Радиактивтік дегеніміз не?

10) Рентген сәулелері дегеніміз не?

ІІ. Жаңа тақырыпты игерту.

Б) Осы сұрақтар бойынша білімдеріңді толықтыру үшін «Білгім келеді» бағанын толтырайық.

1) Резерфорд атомды қалай ашты?

2) Қандай тәжірибе арқылы ашты?

3) Атом құрылысының химиялық мағынасы?

4) Атом құрылысының физикалық мағынасы?

5) Нуклид дегеніміз не?

6) Нуклондар дегеніміз не?

7) Изотоптар дегеніміз не?

8) Массалық сан дегеніміз не?




  1. Резерфорд тәжірибесі туралы түсіндіру, электрондық оқулық.

1911 жылы Эрнест Резерфорд α –бөлшектерінің өте жұқа алтын және платина пластикаларынан өтуін зерттеді.

Айтып кеткендей Резерфорд ашқан атом үлгісін Күн жүйесіне ұқсас атомның планетарлық моделі деп айтады. Модель бойынша атом оң зарядталған ядродан және оны айналып жүретін теріс зарядты электрондардан тұрады


Электрондардың массасы аса аз болғандықтан атомның бүкiлдей дерлiк массасы ядрода шоғырланған. Ядроның диаметрі 10-12 – 10-13 см, ал атомның диаметрі 10-8 см шамасында.

Егер атомның көлемін футбол алаңының аумағына дейін үлкейтетін болсақ, атом ядросының көлемі футбол алаңында түсіп қалған шие дәніндей ғана болар еді.



Ғалымдардың зерттеуі бойынша атом ядроларының заряды

Мұндағы Z – элементтің Менделеев Кестесіндегі реттік саны;

e – элементар заряд .

Бұл теңдіктен мынадай қорытынды шығаруға болады:

- әрбір электронның немесе протонның заряды бір элементар зарядқа (e = 1,6*10-19 Кл) тең;

- кез-келген элемент атомының ядросындағы протондар саны сол элементтің менделеев кестесіндегі Z реттік санына тең.



Реттік нөмірдің физикалық мәні осында.Элементтердің реттік нөмірі – оның атом ядросының заряды. Атомның ядро заряды химиялық элементтердің қасиеттерін сипаттайтын маңызды шама. Атом құрылысын одан әрі зерттеу кезінде құрамына протондар мен нейтрондар деп аталатын бөлшектер кіретіні анықталды.

   1. Элемент атомының массасы протон мен нейтрон массасының қосындысына тең.

   2. Ядродағы протон саны элементтің реттік нөміріне тең. 

                       А = Z + N; A – атомдық масса;  Z – протон;  N – нейтрон



Мысалы, гелий атомы ядросының () заряды , ал заряд саны Z1 = 2.
Кез-келген элемент атомының ядросындағы протон мен электронды жалпылап нуклондар деп атайды, ал тұтас ядроны нуклид дейді.
Бір- бірінен тек ядросындағы нейтрондар санына қарай ажыратылатын элемент түрлерін изотоптар деп атайды. - жеңіл сутегі өте көп; - ауыр сутегі дейтерий сирек кездеседі; - тритий кездеспейді.

Элемент изотоптарының химиялық қасиеттері бірдей, сондықтан оларды химиялық амалдармен ажыратуға болмайды. Изотоптарды тек массалық сандарына қарай ажыратып, сезімтал құралдардың жәрдемімен бөліп алады.

  1. Кесте толтыру

  2. Атомның элементар бөлшектері:

Бөлшектер

Белгісі

Салыстырмалы заряды

Салыстырмалы массасы

Протон

Р

+

1

Нейтрон

П

0

1

Электрон

Е



0


Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет