Сабақ типі: жаңа сабақ Сабақ түрі: лекция, ішінара ізденіс сабағы. Әдіс-тәсілдер : әңгіме, иллюстрациялау, сызу



бет2/4
Дата26.08.2017
өлшемі18,53 Mb.
#28976
түріСабақ
1   2   3   4


Бірнеше проекция жазықтығына проекциялау. Бір нроекция бойынша нәрсенің геометриялық пішіні туралы, әркашан дәйекті пікір айтуға болмайды. Мысалы, а-суретте берілген бір проекция бойынша нәрсені б және в-суреттерде көрсетілгендей етіп түсінуге болады. Сондайақ өз проекциясының кескіні а-суретте берілгендей болатын баска нәрселерді де таңдап алуға болады. Бүған қоса, мұндай кескінде нәрсенің үшінші өлшемі бейнеленбеген.

а) б) в)

Егер нәрсенің бір емес, екі проекциясын өзара перпендикуляр екі жазықтыкта: фронталь және гооизонталь жазыктықта (оны Н әрпімен белгілейді) салсақ онда мұндай кемшіліктің бәрін жоюға болады.

Фронталь V жазықтықта проек-ция алу үшін нәрсені-алдыңгы жағынаи, ал горизонталь Н жазықтықты үстіңгі жағынан қарастырамыз. Нәрсенің V жазықтыктағы проекциясы-фронталь проекция, Н жазықтыктағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын (ол х-пен белгіленеді) проекциялар осі деп атайды (б-сурет). Осындай жолмен салынған проекциялар кеңістікте әр түрлі жазықтықтарда (горизонталь және вертикаль) орналасқан болып шығады. Нәрсенің кескінін бір парақ қағазға, яғни бір жазықтыққа сызады. Сондықтан нәрсенің сызбасын сызу үшін, екі жазықтықты да бір жазықтыққа келтіреді. Ол үшін проекциялардың горизонталь жазықтығын, ол вертикаль жазыктықпен беттесетіндей етіп х осінен твмен қарай 90°-қа бұрады. Сонда екі проекция да бір жазыктықта орналасқандай болып шыгады. Проекциялар жазықтығының шекарасын сызбада көрсетпесе де болады, Егер қажет болмаса, проекциялаушы сәулелер мен проекциялар жазықтықтарының қиылысу сызығы, яғни проекциялар осі де сызбаға түсірілмейді.

Беттестірілген жазықтықтарда нәрсенің фронталь және горизонталь проекцияларын проекциялық байланыста, яғни горизонталь проекцняяы фронталь проекцияның дәл астына орналастырады. Нәрсеніц төменгі шығыңқы жерінің горизонталь проекцияда көрінбей қалғанына көңіл аударыңдар, сондыктан ол штрих сызықтармен көрсетілген.

Тағы да бір мысал қарастырайық. суреттеғі сызба бойынша детальдың жалпы пішінін көз алдымызға оңай келтіре аламыз. Бірақ вертикаль бөліктегі ойықтың пішіні айқындалмай қалады. Оның қандай екенін көру үшін тағы да бір жазықтыққа проекция салу керек. Оны Н және V проекция жазықтықтарына перпенди-куляр орналастырады.

Проекциялардың үшінші W жазықтығы профиль жазықтық деп, ал одан шыққан проекция нәрсенің профиль проекциясы деп аталады (бұл француздыц «профиль» деген сөзінен шыққан, қазақша «бүйірінен қарағандағы көрінісі» дегенді білдіреді). Оны w әрпімен белгілейді (а-сурет).

Проекцияланған нәрсе кеңістіктерде V, Н және W жазықтықтарымен жасалған үш қырлы бұрышқа орналасқан және үш жағынан алдыңғы, үстіңгі және сол жағынан қаралады. Нәрсенің өзіне тән нүктелері арқылы проекция жазықтығымен киылысқанға дсйін проекциялаушы сәулелер жүргізіледі. Қиылысу нүктелерін түзу немесе кисық сызықтармен қосады. Алынған фигуралар нәрсенін, V, Н және W жазыктықтарындағы проекциялары болады. Проекциялардың профиль жазықтығы-вертикаль жазықтық. Ол Н жазықтығымен қиылысқанда у осі, ал V жазықтығымен қиылысқанда 2 осі шығады. Сызбаны шығарып алу үшін W жазықтығын оңға қарай 90°-қа, ал Н жазықтығын төмен қарай 90°-қа бұрады б-сурет). Осындай жолмен табылған сызба нәрсенің тік бұрышты үш проекциясынан: фронталь, горизонталь және профиль (а-сурет) проекциясынан тұрады. Проекция осі мен проекциялаушы сәулелер де сызбада көрсетілмейді(б-сурет).

Сызбада профиль проекцияны фронталь проекциямен проекциялық байланыста, яғни оның оң жағына бірдей биіктікте орналастырады. Бірнеше тік бұрышты проекциялардан тұратын сызбаны тік. бұрышты проекциялар жүйесіндегі сызбалар деп атайды. Нәрсенің сызбадағы геометриялық пішінінің күрделілігіне қарай, ол бір, екі және одан да көп проекциямен берілуі мүмкін.



Каталог: uploads -> doc -> 0b9a
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b9a -> М. Т. Шаменова Cынып: 2 «ә» Оқушылар саны: 13 Сабақ
0b9a -> Сабақтың тақырыбы: Алматы қаласы. Сабақтың мақсаты: Білімділік


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет