Сабақтағы оқушылардың iс-әрекетiн ұйымдастыру. Топтық танымдық iс-әрекеттi ұйымдастыру


Ынтымақ: драмалау, ролдік ойын, интерактивтік әңгімелер. Жарыс және ойын формасындағы сабақтар



бет3/5
Дата10.12.2021
өлшемі27,4 Kb.
#78977
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
1c0b44a5-cd70-4411-ae97-6714b0043ad0

Ынтымақ: драмалау, ролдік ойын, интерактивтік әңгімелер.

Жарыс және ойын формасындағы сабақтар: 1.Конкурс, турнир, эстафета, жекпе - жек, КТК, іскерлік ойын, ролдік ойын, кроссворд, викторина. 2. Қоғамдық практикада белгілі жұмыс жанры мен әдістеріне негізделген сабақтар: зерттеу, өнертапқыштық, түпдеректерді талдау, комментарий, ой майданы, интервью, репортаж, сын - пікір т.б.Сайыс сабақ сабақтың атына байланысты сыныпта екі команда білімдері бойынша сайысқа түседі. Мысалы: есеп шығару, сөйлем талдау. Алдын-ала оқушылардың өзінен қазылар алқасы құрылады. Мұғалімнің көмегімен қай команданың жеңгені анықталады. Екі команданың капитандарының жарысы ұйымдастырылып, олардың да жауаптары салыстырылады. Соңынан қорытынды шығарылады.

Жарыс сабақ командалардың мұғалімдердің сұрағына тапсырмаларына жауап берудегі жарысы. Формалары: эстафета, бақытты сәт.Іскерлік ойын ең белсенді сабақтардың бір түрі. Сабақ - іскерлік ойында ойын түрінде өмірдегі жағдайлар, қатынастар модельденеді. Оның шеңберінде қаралып отырған мәселе шешімінің тиімді нұсқасы таңдалып, оның практикада жұзеге асуы бейнеленеді. Оның барысында проблемалық жағдаят, рөлдер мен рөлдік мақсат, ұжымдық әрекет, кәсіби әрекеттің имитациясы көзделеді. Іскерлік ойын оқу процесін белсендіреді, пәнге деген білім алушылардың қызығушылығын тудырады, олардың материалды игеру деңгейін арттырады, командада жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, ынталары мен жадын дамытады, өз пікірлерін дәлелдеп, қорғай білуге үйретеді. Ойын әрбір білім алушыға өзіндік шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен, іскерлік ойындар қысқа мерзімде оқыту мақсаттарына жетуге зор әсер етеді.



Көңілді тапқыштар клубыКТК- сабақ жарыс-сабақ түріне жатады, ол білім алушылардың бойында көрермендердің танымал және сүйікті бағдарламасына ұқсайды. КТК- сабақ түрін тақырыпты қайталау, қорытындылау барысында пайдалануға болады. Оның барысында материалды еске түсіру, міндеттерді шешу, шығармашылық тапсырмалар түрлері ұсынылады. Топ екі командаға бөлінеді. Олардың білімін әділ қазылар алқасы (білім алушылар қатарынан) бағалайды. Тақтада олардың алған ұпайлары жазылып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет