Сабақтан тыс қызметтің ұйымдастыру модельдері


Диагностиканың үшінші мәні – бұл педагогтің кәсіби ұстанымы, оқушы тұлғасын дамытудың тағы бір аса маңызды шарты



бет16/22
Дата07.05.2020
өлшемі98,16 Kb.
#66548
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
акерке1

Диагностиканың үшінші мәні – бұл педагогтің кәсіби ұстанымы, оқушы тұлғасын дамытудың тағы бір аса маңызды шарты.

Ұстаным бұл – сана мен адамның қызметінің бірлігі, бұл жерде қызмет оның базалық құндылықтарын жүзеге асыру амалдарының бірі ретінде қатысады. Осыған орай мынаны анықтау маңызды: тәрбие педагогтің саналы түрде таңдап алған қызметі болып табыла ма (немесе педагог өзіне біреумен жүктелген міндеттерді орындай ма); педагогтерде қандай кәсіби құндылықтар қалыптасқан (немесе ондай құндылықтар мүлдем жоқ, және педагог өзінің жұмысын немқұрайлы атқара ма)? Сол сияқты педагогтік ұстанымның сипаты да жоғары маңызға ие. Тәрбие берушінің бойында гуманистік немесе авторитарлы педагогикалық ұстаным қалыптасқан ба, ол тәрбиеленушінің өзін-өзі басқаруын бағамдай ма немесе оны өз ойларын іске асыру үшін қарастыра ма? Бұл жерде педагогтің тәрбиеші ретіндегі кәсіби ұстанымының диагностика әдісін қолдануға болады.

Сабақтан тыс қызметтегі нәтижелер мен формалардың өзара байланыстарын, оның диагностикасын түсіну педагогтерге мүмкіндік береді:


  • сабақтан тыс қызметте нәтижелер туралы айқын көріністері бар білім бағдарламасын әзірлеуге;

  • белгілі бір деңгейде нәтижеге қол жеткізуге кепіл болаты сабақтан тыс қызмет үлгілерін іріктеп алуға; нәтижелердің бір деңгейінен келесі деңгейіне ауысу логикасын құруға;

  • сабақтан тыс қызметтің тиімділігі мен нәтижелілігін диагностикалауға;

  • сабақтан тыс қызмет бағдарламасының сапасын бағалауға (қандай нәтижеге таласады, таңдап алынған үлгілер болжанған нәтижелерге сәйкес келе ме т.б.).

Соның арқасында, сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру түрінің біреуін мектепте жүзеге асырудың нәтижесінде тәрбие беру жүйесінің тиімділігі мен оқушылардың әлеуметтенуі арта түсуі мүмкін, сондай- ақ, мектеп өміріне айырықша үлес қосуға жағдай туады.

Мектептегі сабақтан тыс қызметтің елеулі сипаттамалары мыналар:



  • оқушылардың білім алу мұқтаждықтарына ата-аналардың, қоғамның, мемлекеттің бағдарлануы;

  • құндылықтарды баланың өзінің әрекеті арқылы қабылдауы, мұғалімдер мен тәрбиешілердің, ата-аналардың, қатарластарының және басқа да ол үшін маңызды адамдардың педагогикалық ұйымдасқан ықпалдастығы;

  • базалық құндылықтардың әртүрлі көздерін пайдалану (оқу материалдарының мазмұны, фольклор, көркем әдебиет, фильмдер және т.б.);

  • жалпы білім беретін мектептерде басым рөлге ие тәрбие беру мен әлеуметтенудің әртүрлі субъектілері қызметтерінің бірлігі; балаларды тәрбиелеу мен әлеуметтендіруде орталық тәсілді іске асыру.

Көп қырлы қызмет түрлері енгізілген және айналадағы өмірде жағымды қарым-қатынас жүйесіне қосылған баланың өмірі материалдық және рухани құндылықтар жинақтауға әсер етеді. Бұл ретте ол тұтынушыдан материалдық және рухани игіліктер өндірушіге біртіндеп өтуге ықпал етеді, ал ол өз кезегінде тұлғаның әлеуметтенуінің өзегі, даму мен адамның өсуінің көрсеткіші.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет