Сабақты қалыпты түрде емес, ерекше бастау


Жазып алушы (Жазып алушы қажетті жерлерін түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды береді) Сөйлеуші



бет8/9
Дата13.09.2023
өлшемі1,7 Mb.
#180948
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Стратегиялар

Жазып алушы (Жазып алушы қажетті жерлерін түрліп алып, әңгіме соңында қорытынды береді)

  • Сөйлеуші (Сөйлеуші бір нәрсені айтады, сұрақты түсіндіреді)

  • Сұрақ қоюшы (Сұрақ қоюшы көмектесіп айтып отырады және түсініктеме беруді сұрайды)

  • Мозаика

    Мақсаты:
    Сұрақтар топтамасымен жұмыс істеудің құрылымдалған тәсілі және топта жұмыс істеуге мүмкіндік туғызу.
    Ұйымдастыру:
    Оқушыларды сынып бойынша үш-төрттен орналастырыңыз.
    Жаттығудың сипаттамасы:
    «Мозаиканың» басымдылығы - оның топты жұмыс істеу үшін құрылымдауы, ол сондай-ақ сөйлеуге және тыңдауға мүмкіндік береді. http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc

    Үлкен топ шағын топтарға бөлінеді

    Мұғалім барлық сыныпты кішкентай топтарға бөледі (топта шамамен төрт оқушыдан). Мұғалімнің мұндай бастамасы барлық топтарда гендерлік теңдік сақтап, барлық сыныптың мүмкіндіктері мен қарым-қатынасын көрсетуге арналған .

    Барлық бастапқы топқа жалпы тапсырма беріледі. Үлестірме материал ұсынылған. Оқуға арналған материал күрделі емес, әрі көлемі шағын. Егер топта төрт оқушы болса, онда топқа арналған негізгі тапсырманің ішінде төрт сұрақ немесе тапсырма беріледі. Әр топта сұрақтар мен тапсырмаларды оқушылар өздері бөледі.

    Ортақ проблемамен жұмыс істеу үшін, барлық оқушылар өз сұрақтары немесе тапсырмаларына сәйкес сарапшы топ болып, қайта топталады. Талқылау соңында әр оқушы өз сұрағы бойынша сарапшыға айналады, себебі сарапшы топта басқа оқушылармен ол сұрақты талқылады.

    Бастапқы топ қайта құрылады. Тарату басталады. Бастапқы топқа соңғы тапсырма беріледі. Бұл шешім немесе жаңа тапсырма болуы мүмкін. Бұл жаттығудың шешуші мәні - тапсырманы аяқтау үшін оқушылардың бастапқы топтың біріккен «даналығын» құруы болып табылады.

    Құндылықтар спектрі

    Мақсаты:
    Пікір айту, құндылықтарды көрсету, пікірлердің әртүрлілігін талқылау, көпшілік алдында сөйлеуге тарту.
    Ұйымдастыру:
    Спектр үшін жіптің немесе қыспақтың кесіндісін қолдану; шеттеріне стрелка жасап, екі шетіне қарама-қарсы екі пікірді қою.
    Жаттығудың сипаттамасы:
    Бұл форматта оқушылар немесе оқушылар топтары келісіп немесе келіспей арандататын мақұлдауларға жауап берулері керек. Бір неше әдістері: оқушыларды жіптің қасына келіп өздері келісетін мақұлдаудың қасына келіп тұруды сұрайды , сондай ақ басында оқушылардан мақұлдауды топта талқылауды, кейін топтың атынан, жіптің немесе сызықтың, олар келісетін жағына, өз ұстанымдарын түсіндіре отырып карточканы орналастыруды сұрайды.
    Бұл түрлі сұрақтарды салыстырудың және олардың ойлауларындағы қарама - қайшылықтарды анықтаудың жақсы форматы http://www.at-ristol.co.uk/cz/teachers/Debate%20formats.doc)



    ақша білім



    • оқушылар өздері пікір таңдайды

    • таңдаған пікіріне нақты қорғау үшін дәлілдемелер келтіреді

    • пікірлері бір бірнеше оқушы топтаса алады

    • қарама қайшылық қандай қажеттіліктен туындап тұрғандығы анықтауға көмектеседі

    Алтын балыққа арналған аквариум

    Мақсаты:
    Топқа идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді, негіздеу қабілетін , аналитикалық сұрақтар қоюды, идеялар алмастыруды дамытады.
    Ұйымдастыру:
    Орындықтарды сынып бөлмесінің ыңғайлы жеріне топ мүшелерінің санына сәйкес орналастыру қажет. Ортадағы топ аквариум ішінде талқылау кезінде басқа топ мүшелері тыңдалым дағдысын жүзеге асырады.
    Жаттығудың сипаттамасы:
    Барлық сынып алда өз пікірін топ ішінде білдіреді. Мінмітін бойынша бөлініп, кезекпе кезек сөйлейді. Айтылым дағдысы жүзеге асады.айналасындағы тұрған оқушылар оқулықта берілген ақпаратты басшылыққа ала отырып, өздеріне түсінікті емес тұстарына сұрақ белгісін қояды. Жұмыс соңында берілетін сұрақтарын дайындайды. http://www.xpday.org/session_formats/goldfish_bowl



    1. қадам- теңіз асты тіршілікті тамашалату;

    2. онда не көргендігімен, ондағы сезімдермен ой бөлісу;

    3. әр топқа тақырыпты тең етіп бөліп беру;

    4. өз тақырыптар бойынша жеке отырып түсінік қалыптастыру;

    5. өз аквариумдарында топ болып танысқан ақпараттарын талқылау;

    6. аудиториядағы басқа оқушылар, үндемей тұрып, оқулықты пайдалана отырып тыңдау, түсінбеген тұстарын түртіп алу;

    7. сабақ соңында дайындаған сұрақтарына жауап ала алды.

    Стоп-кадр

    Мақсаты:
    Талқылауды демеу үшін кинестетикалық әдіс.
    Ұйымдастыру:
    Шеңберде бастап кейін топтарға бөліну – үстелдерді жылжып әрекет етуге мүмкіндік болатындай кеңістік қалдырып қойыңыз.
    Жаттығудың сипаттамасы:
    Оқушылардан тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте – стоп-кадрдың сыныпқа көрінбейтін басы және аяғы бар (Сонымен де ол фотографиялық суреттен айрықшаланады). Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін, көрсетеді. http://www.lgec.org.uk/LagaNews/jun04tool.pdf

    1. Мәтіндегі барлық оқиғамен танысып шық






    1. Болып жатқан оқиғаның осы тұсы турасында әңгімелеп бер

    2. Берілген ақпараттың дұрыс бұрыстығына көз жеткізу үшін ресурсты пайдалан отырып,топпен бірге талқылаңыз

    Айналмалы бекеттер

    Мақсаты:
    Басқа біреулердің идеяларын құру, тақырыпты немесе сұрақты, белсенді және енжар толықтай талқылау.
    Ұйымдастыру:
    Сынып бөлмесін бірнеше бекеттерге бөлу. Онда әр топ флипчартта берілге сұрақтарға ойларын белгілер арқылы бейнелеп жазады. Оны жалғастырушы топтың мақсаты ойды ұштастырып алып кету. Осылайшы өзінің бастапқы орынына келгенше жалғасады.
    Бұл қалай жұмыс жасайды:
    Әр шағын топты бекетте орналастырылған сұрақты талқылауға және ойларын қағазға немесе тақтаға жазуға 10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда топ басқа бекетке ауысып алдағы топтың жұмысын жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады. Әр топ барлық позицияларда болып шыққанға және барлық топтардың ойларын ойлап шыққанға дейін жалғаса береді. http://drscavanaugh.org/discussion/inclass/discussion_formats.htm






    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2   3   4   5   6   7   8   9




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет