Сабақтың атауы Әлiппенiң атасы (А. Байтұрсынов жинағынан) Мақсаты Күтілетін нәтиже



бет65/73
Дата24.02.2020
өлшемі3,65 Mb.
#58916
түріСабақ
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73
Байланысты:
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура
Әдебиеттік оқу 3-сынып Атамура



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Абай. Жаз

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Білімділігі: Оқушылардың Абай туралы түсініктерін кеңейту. «Жаз» өлеңінің мазмұны мен идеясын ашу. Мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын танымдылық қызығушылығын дамыту, шығармашылыққа баулу.
Тәрбиелігі: Оқушыларды имандылыққа, табиғатты сүйе білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау, сөздік, сұрақ - жауап, кубизм
Көрнекілік: Абай суреті, Жаз мезгілінің суреті
Пәнаралық байланыс; дүниетану, бейнелеу, музыка

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,



Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Психологиялық дайындық «Шаттық шеңбер» құру
2. Қызығушылығын ояту. Оқушыларды топқа бөлу
1 - топ «Күз».
2 - топ «Қыс»
3 - топ «Көктем»
4 - топ «Жаз»
«Ой қозғау»:
- Әр топтан бір оқушы жыл мезгілдеріне байланысты өз ойларын айтып суреттейді.
3. «Мағынаны тану». Мұғалімнің түсіндірмесі.
- Сендер, жаз мезгілі туралы осылай суреттейді екенсіңдер. Ал, енді Абай атамыз қалай суреттеген
екен? Өлеңді оқымас бұрын Абай атамыз туралы білетіндерімізді есімізге түсірейік.
- Әр топтан бір оқушыдан айтады.
Топтастыру арқылы Абай туралы білетіндерін еске түсіру.
жазушы, аудармашы
Абай Құнанбаев. қоғам қайраткері,
ұлы ақын, қазақ халқының ақыны, философ
- Балаларға арнап жазған өлеңдерін білеміз бе?
Абай Құнанбаев өмірімен таныстыру. Мұғалімнің түсіндірмесі
- Сонымен қатар Абайды лирик ақын деп те атаймыз. Өйткені табиғаттың әсем сырларын, ондағы болып жатқан құбылыстарды, адам өмірінен арнап жырға қосты. Оның жылдың төрт мезгіліне арнап шығарған «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұрым» және т, б өлеңдері бар.
- Бүгінгі сабағымызда Абай суреттеген «Жаз» өлеңімен танысамыз.
1 - топ Өлеңді мәнерлеп оқу.
2 - топ Оқушыларға іштей оқыту
3 - топ Өлеңнің мазмұнын айту
4 - топ Мәнерлеп оқу минутын өткізу
4. INSERT стратегиясы(маған таныс емес) деген сөздің астын сызу.
- Сөздік жұмысы.
Күркіреп - өзеннің ағып жатқандағы дыбысы
Шұрқырап - кісінейді
Шалғын - жайылым немесе қалың шөп
Жоны - арқасы
Ыңқылдап - тойынғанның белгісі
5. Мазмұнын ашу.
Абай бұл өлеңінде...................
6. Топпен жұмыс.
1. топ. Жаз мезгіліне сурет салу.
2. топ. Берілген ұйқастардан өлең құрастырады.
3. топ. Жаз мезгіліне байланысты мақал - мәтел айтады.
4 - топ Жаз мезгілі. Эссе жазу
7. Сергілу сәті. «Желсіз түнде жарық - ай» әнін орындау
8. Венн диаграммасы.
«Қыс»
«Жаз»
9. Ой толғау. « Бес жолды өлең» құрастыру
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4Сөз тіркесі
5. Синоним
Бекіту. « Тобықтай түйін»
- Абай - ұлы ақын, жазушы, лирик т. б
- Жаз өлеңін оқып таныстық
- табиғат, сұлулық, әсем сырларын ондағы болып жатқан құбылыстырды, адам өміріне арнап жазған

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мазмұндау

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады



Пәні

Ана тілі3-сынып

Сабақтың тақырыбы:

Міржақып Дулатов «Шілде»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Бұл сабақта жеті модульді ықпалдастыра отырып, мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу.Жаз айларында болатын өзгерістерді ашып көрсету.

Дамытушылық: оқушылар халықтың салт-дәстүрі туралы кеңінен танып,тіл байлығын,ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелілік: топтық жұмыс істеуге баулу, өзара көмекке, ынтымақтастыққа, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Бір-біріне сұрақтар қою, жауап беру арқылы сөйлеу мәдениеті артады.Жаз мезгілін сипаттап, өзіндік пікір айтуға үйренеді..Өз ойын тиянақтай біледі, нақты толық жауап береді.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып. Слайд.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық

Интербелсенді тақта, слайдтар, смайликтер.



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Қоршаған өмір әлемі,

Не деген көркем, әдемі.

Сол сұлулықты сақтайық,

Мадақтайық, мақтайық







Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ:Маусым

2-топ: Шілде

3-топ: Тамыз



Үй тапсырмасын тексеру

Абай «Жаз»

Өлеңді жаттау.Өлең бойынша сурет салу






Жаңа сабақ

Бейнероликтен «Жайлаудағы жылқылар»туралы слайд көреді.

«Миға шабуыл» стратегиясын

пайдалана отырып, жаңа

сабаққа байланысты

бірнеше жабық сұрақтар

қоямын.


-Жайлау – дегенді қалай түсінесіңдер?
-«Қырық күн шілде» деген сөз бар.Қалай түсінесіңдер

Міржақып Дулатов өмірі туралы сызба.


Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.


Оқушылар жауап береді.




Оқулықпен жұмыс

*Балалар өздері оқиды.

*Бір-біріне мазмұнын айтып береді.



Оқушылар оқып шығады.

Дәптермен жұмыс

Оқыған бөліктерге ат қояды.

1.Басы (Жазда)

2.Ортасы(Жайлаудың қызығы)

3.Соңы (Оқуға бару)


Сергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды.

Тапсырма

1-топ:Төрт түліктің пайдасы туралы

2-топ: «Шілде» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру

3-топ: «Шілде »сөзіне ребус құрастырасыңдар

Постер қорғайды

(Берілген тақырыптар бойынша қорғап шығады).



Қорытынды

Балалар мәтінді оқып шығады

Оқушылар мәтінді оқиды.

Үй тапсырмасы

Міржақып Дулатовтың «Шілде» мәтінін мазмұндау.Шілде тақырыбына шығарма жазу.

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Топтық жұмыс нәтижелерін, жеке жұмыс нәтижелерін қортындылап бағалау

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді

Рефлексия

Оқушыларға стикерлер таратылады

Оқушылар жауабын жазады.



Пәні

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:

Сәбит Мұқанов «Шыбынсыз жаз»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:мәтіннің негізгі идеясын ашуға жағдай жасау, жаз мезгілінің ерекшелігі, таудағы табиғаттағы өзгерістер жайлы нақтылау.

Дамытушылық:таулы жердегі тіршілік,өсімдіктер мен жануарлар әлемінің алуан түрлілігі жайлы түсінеді, ойлау дағдылары дамиды.

Тәрбиелілік:табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі.Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып. Слайд.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық

2.Слайдтар, смайликтер.



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(ағаш, бұта,шөп бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ: Ағаш

2-топ: Бұта

3-топ: Шөп



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Міржақып Дулатовтың «Шілде»

Оқушылар түсінгендерін айтады.

ІІІ. Жаңа сабақ

«Қазақстан таулары» атты бейнеролик көреді.

«Ой қозғау» әдісі

-Қазақстандағы тауларды атаңдар?

-Осы тауларда ауа райы қандай болады?

-Тауда шыбын болады ма?

Сәбит Мұқановтың өмірі туралы түсінік беріледі.



Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды,өздері білетіндерімен толықтырады.(Алтай, Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы т.б.)

ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді бөліккебөліп беремін.

1-топ:Алатаудың етегі.

2-топ:Маусым, шілде айлары

3-топ: Мамыр, тамыз айлары.



Оқушылар оқып шығады.әр топ түсіндіреді.

Ү. Дәптермен жұмыс

Оқулықтағы ағаш, бұта, шөп аттарын теріп жазу.

Жазған ағаш, бұта, шөп аттарын оқиды.

ҮІСергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

ҮІ. Тапсырма

1-топ: Ағаштар тобына

Алатауда өсетін ағаштардың суретін салу.

2-топ: Бұта тобына:

Тауда мекендейтін жануарлар

3-топ: Шөп тобына

Тау туралы мақал, не өлең құрастыру



Постер қорғайды



ҮІІІ. Қорытынды

Венн диаграмасы

Оқушылар салыстырады

ІХ. Үй тапсырмасы

Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз» мәтінін оқу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Х. Бағалау

Сабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді

Рефлексия

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Өзара бағалау



Екі жұлдыз, бір ұсыныс



Пәні

Ана тілі

Сабақтың тақырыбы:

Мұқан Иманжанов «Таңның атуы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Оқушыларға табиғаттың құдіреттілігін таныта отырып, жаз мезгілінің әсемдігін сезіне, бағалай білуге баулу.

Дамытушылық:табиғат ерекшеліктерін елестете білу,шығармашылық ,іскерлік дағдыларын дамыту, ұжымдық жұмыс жасауға үйрету.

Тәрбиелілік:табиғаттың өзіне тән сұлулығын қорғау, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже

Ойы толығады.Өзіндік ойын ортақ пікірге тоғыстырып біледі.Дүниетанымы кеңейеді, пәнге деген қызығушылығы артады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Сілтеме

Оқулық 3 сынып. Слайд.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Оқулық

2. Слайдтар, смайликтер.



Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық

Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сәбит Мұқановтың «Шыбынсыз жаз»

Графикалық диктант арқылы тексеремін.

-Олай болса жаз айларын атап жіберейікші?





Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылығын ояту:

Сыныпты топқа бөлу(жаз айлары бойынша)

Оқушылар топтарға бөлінеді, топ басшысын сайлайды.

1-топ: маусым

2-топ: шілде

3-топ: тамыз



ІІІ. Жаңа сабақ

Сөз жұмбақ шешеді жаңа тақырып ашылады.

Бейнероликтен

«Таңның атуы» атты үзіндіні көреді
«Мұқан Иманжановтың өмірімен танысады.

Оқушылар бейнеролик бойынша тұжырым жасап,жаңа тақырыпты анықтайды.

Слайд көреді, өздері білетіндерімен толықтырады.


ІҮ. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді іштей оқиды.

Мәтінді тізбектей оқиды.


-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді екен?

-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?



«Шолпан» жұлдызы туралы аңыз оқып берейін.

Оқушылар оқып шығады.әр топ түсіндіреді.

Ү. Дәптермен жұмыс

Шолпан жұлдызы туралы берілген сөйлемді тауып жазыңдар

Жазған сөйлемдерін оқиды.

ҮІСергіту сәті

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығулары

Әуенмен қимыл-қозғалыс жаттығуларын жасайды

ҮІ. Тапсырма

1-топ:Эссе жазады.

2-топ «Таңның атуы» мәтінін топтастыру

3-топ: «Таңның ату» суретін салу


Постер қорғайды



ҮІІІ. Қорытынды

«Бәйге жарысы» бойынша

-Мұқан Иманжанов қай жылы туылды?

-Таң атарда шығыс жақ қандай боп көрінеді ?

-Шолпан жұлдызы қай уақытта туады?

-Мұқан Иманжанов қай өңірде туылған?

-Қандай пьессалары бар?

-Әңгімелері қай тілде аударылған?




ІХ. Үй тапсырмасы

Сәбит Мұқановтың «Таңның атуы» мәтінін оқу

Тапсырманы күнделіктеріне жазып алады.

Х. Бағалау

Сабақ барысында алған баллдарын қорытып, бағалау. Күнделіктеріне қою.

Бағаны не үшін қойды, қысқаша сипаттама айтып өтеді

Рефлексия

-Сабақ сендерге ұнады ма?

Өзара бағалау



Екі жұлдыз, бір ұсыныс



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

С.Сейфуллин «Дала»өлеңі

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

1.Ақынның өмірі,шығармашылығынан жалпы мәлімет бере отырып,өлеңнің тақырыбын идеясын ашу.

2.Оқушының іздемпаздық қасиеттерін дамытып,қалыптастыра отырып,ойлау,

сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.Білім,білік дағдыларын арттыру.

3.Отан сүйгіштікке,сыйластыққа ең бастысы адамгершілікке баулу.



Түрі:Жаңа сабақты игеру.

Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,баяндау,суреттеу,топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс:Тарих,география,қазақ тілі.

Психологиялық ахуал

1.Ұйымдастыру кезеңі.Амандасу.

Кезекші диалогы.

Тілдік ортаға ену.

Апта,күн,ай.

2.Үй жұмысын тексеру.Ахмет Байтұрсынұлы қысқаша өмірбаянын сұрау.

3.Жаңа сабақтың мақсаты:С.Сейфуллин өмір жолына тоқтала отырып,

«Дала»өлеңін мәнерлеп оқу,мағынасын ашу.



Мағынаны тану.Ой қозғау.

Біздің кентіміз қалай аталады?

С.Сейфуллин кім?

С.Сейфуллинге арналып мектебімізде не ашылды?

Ол мүйісте нелер бар?

С.Сейфуллин өмірін хронологиялық кесте бойынша түсіндіру.

1894ж-Қарашілікте дүниеге келді.

1905ж-Нілді орыс-қазақ мектебіне түсті(Өспен ауылы)

1913ж-Омбы семинариясына түсті.

1916ж-Бұғалы мектебін ашты.

1922ж-«Асау тұлпар»өлеңдер жинағы шықты.

1926ж-Гүлбпаһрам Батырбекқызына үйленді.

1938ж-С.Сейфуллин өмірден өтті.

Хронологиялық кесте бойынша әңгімелету.

Мәтінді оқыту.

Ойларын жинақтап кластер құру.




С.Сейфуллин

1922ж-«Асау тұлпар»өлеңдер жинағының алғашқы бетіне арнау түрінде жазылған «Дала» өлеңіндегі сөздікпен жұмыс.



Дала-степь

Құшағын жайған-раскрыл объятия.

Бейне бір жас баладай-как младенец.

Шатттанып-радоваться

Иісін аңқытып-с душистом запахом

Оқушыларға 2-3рет оқыту.



Өлеңді талдау:

Өлеңді мәнерлеп оқимын,оқушыларға тізбектей,толығымен оқытамын өз сөзімізбен орыс тіліне аударамыз.

-Мәнерлеп оқу(бірнеше оқушы);

-мазмұнына қарай баяндау;

-өз ойларын қосып әңгімелеу;(5мин)

Сұрақ тапсырмаларға жауап бергізу.



Дәптермен жұмыс. С.Сейфуллиннің қандай шығармаларын білесіңдер?

1Қазақ тілінде неше септік бар?Атап шығыңдар.

2.Өлең жолдарынан септік жалғауларының ең көп түрін анықтаңдар.

3.Өлеңнен ақын қолданған теңсеулерді тауып,мағынасын түсіндіріңдер.

Мысалы:анадай,баладай, т.б.

Ой толғау:

Шағын эссе сурет бойынша «Менің далам»тақырыбында 2-3сөйлем немесе тақпақ құрастыру.



Оқыту.

Сабақты бекіту:Ой қорыту:

Біздің кентіміз қазір қалай аталады?

С.Сейфуллин кім?

Мүйістен нені көрдіңдер?

Сендер сол мүйіске қандай үлес қосар едіңдер?

Қандай өлеңмен таныстық?



С.Сейфуллин қай жылы қайтыс болды?

Қызығушылықты ояту

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үйге тапсырма

Мәнерлеп оқу

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс



Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   73




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет