Желбуаз, мес- қауашақ секілді, іші қуыс, тұтасымен көн теріден жасалады. Екі не үш жеріне дыбыс беретін ұзынша үндік қамыс түтікшелер орнатылған. Түтікшелердің аузында ашылып жабылатын тілшесі, бекітілген тығыны бар. Жалпы ұзындығы – 65-70 см. Көне аспап.
Шертер- домбырадан гөрі қобызға ұқсас екі не үш ішекті көне музыкалық аспаптардың бірі. Шертіп ойнауға арналған тәсіліне байланысты осылай аталған. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен қапталып жасалған. Жалпы тұрқы -60-70 см. Пернесі жоқ, ішектің орнына жылқының қылы тағылған.