Сабақтың әдістемелік нұсқауы «Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды ұйымдастыру»



бет7/59
Дата15.07.2020
өлшемі210,33 Kb.
#75246
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
лекция казакша
лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша, лекция казакша
Статистикалық таратпалы қатарлар

Статистикалық қатарлар зерттелетін құбылыстың құрылымын сипаттайды, жиынтықтың біртекті немесе әр тектілігін, даму заңдылықтарын анықтайды. Статистикалық қатарлардың жіктемесі 3 – суретте көрсетілген.
Динамикалық қатарлар құбылыстардың уақытқа байланысты өзгеруін көрсетеді; таратпалы қатарлар зерттелетін құбылыстың құрамы мен құрылымын көрсетеді.
Атрибуттық қатардың негізіне - сапалық белгі; вариациялық қатардың негізіне – сандық белгі алынады.  

Демография (demos – халық, grapho – жазамын) деген екі грек сөздерінен құралған – халық туралы және оның қоғамдық lfves туралы ғылым. Халық туралы мәліметтердің иаңызы өте зор. Біріншіден, қоғамның әлеуметтік-экономикалық lfvesy жоспарлау, емдеу, санитарлық. т.б. медициналық мекемелердің жұмысын тиімді ұйымдастыруға және сауықтыру шараларын жүргізуге, дәрігерлер мен орта білімді мамандарды дайындау мақсатында пайдаланылады. Екіншіден, демографиялық көрсеткіштер халық денсаулығын сипаттайтын көрсеткіштерге жатады. Үшіешіден, емдеу-профилактикалық мекемелердің жұмысын талдауда пайдаланады. Тұрғындар түсінігі – белгілі бір територияда, мемлекетте немесе облыс, аудан, қалада тұратын адамдар тобы. Тұрғандардың негізгі мінездемелерінің бірі денсаулық жағдайы болып табылады.

Жалпы демография (ерекше экономикалық) және әлеуметтік медицинаның қиылысуында аралас ғылым аймағы - медициналық демография пайда болды. Медициналық демография аймағындағы маманы, белгілі ғалым, профессор М.С. Бедный (1984) жылы «медицин­ская демография — халық денсаулығының жағдайы мен оың өзгеру тенденцияларына әсер ететін тұрғындар популяциясы мен әлеуметтік және табиғи факторлардың байланысын зерттейтін ғылым» деп жазды.

Тұрғындардың статистикалық зерттеуі екі негізгі бағытта жүргізіледі:

1. Халық статикасы.

2. Халық динамикасы.



Халық статикасы – бір уақытқа сәйкес халық санын білу, яғни халық санын бір тұрақты қалыптында жыныс, жас, әлеуметтік, топтық, кәсіби және қызметі, үйелмендік жағдайын сипаттау. Сонымен қатар ұлты, ана тілі, мәдениеттілік деңгейі, сауаттылығы, білімі, туған жері (қала, ауыл), географиялық орналасуы және тығыздығы анықталады.

Халық динамикасы – қозғалыс және халық санының өзгерушілігін зерттеу. Халық санының өзгерушілік себебі халықтың механикалық қозғалысы немесе халықтың табиғи өзгеруі болуы мүмкін.

Халық саны мәселесі Қазақстан үшін ерекше маңызды. Тұрғындар тығыздығы жалпы республика бойынша бір шаршы киллометрге 5,5 адамды құрайды. Мысалы, Қытайда бұл қөрсеткіш бір шаршы киллометрге 140 адамды құрайды.

Қазақстан Республикасының статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы 1-ші қаңтарда мемлекет тұрғындарының саны 15 394,6 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық тұрғындар - 8838,1 мтң (57,4%), ауыл тұрғындары – 6 556,5 мың адам (42,6%), ал 2008 жылы 1-ші қаңтарда - 15 565 647 адам, соның ішінде қалалық тұрғындар 8 230 319 (52,8%); ауыл тұрғындары 7 335 328 (47%).

2010 жылы 1-ші қаңтарда республика тұрғындарының жас құрамы былай құралды: жалпы халық санынан 15 жасқа дейінгі балалар 24% (24,2), 15 пен 65 жас аралығындағылар – 68,2% (68,0), 65 жас және жоғары жастағылар –7,8%. 2009 жылы 1-ші қаңтардағы көрсеткіштермен салыстырғанда 0 ден 15 жасқа дейінгі балалар саны 0,2%, 15-64 жас арасындағылар саны 1,5%, 65 жас және жоғары жастағылар саны 1,2% өсті.

Қазақстанда гендірлі ассиметрия - әйелдердің сандық басымшылығы орын алды. 1000 ер адамға 1078 әйел келеді. 2010 жылы 1-ші қаңтарда жалпы халық санынан ерлер саны 7407,8 (7324,8) мың адамды, немесе 48,1%, ал әйелдер саны 7986,8 (7894,5) мың, немесе 51,9% құрады. 15-64 жас аралығындағы әр 100 әйелдің өліміне осы жас тобындағы 246 ерлер өлімі келетіні бұл жағдайды ұлғайта түседі.

15-64 жас аралығындағы ерлер өмірінің қысқаруы стресске алып келетін заманауи әлеуметтік-экономикалық факторлардың бір қатар мәселелеріне байланысты.

Республикада 2010 жылы халықтың табиғи өзгеруі 157 891 адамды құрады. Халықтың табиғи өзгеруінің жалпы коэффициенті 2010 жылдың 1-ші қаңтарда 1000 тұрғынға 10,2 адамды құрады.

Мемлекетте 2001 жылы қаңтар-желтоқсанда өлім-жітім саны 158931 адамды құрады, соның ішінде, қалалық тұрғындар 92881 және 66050 ауыл тұрғындары. Бұл кезеңде 90760 ер және 68171 әйел, немесе 133 ер 100 әйелге қайтыс болды. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 10,3 өлгендерді құрады.

2010 жылы қаңтар-желтоқсанда мемлекетте 1 жасқа дейінгі сәбилердің 4561 өлімі тіркелді, соның ішінде ер балалар - 2701 және қыздар - 1860. Сәби өлімінің коэффициенті 1000 тірі туылғанға шаққанда 14,5 өлімді құрады. Сәби арасындағы өлімнің негізгі себебі перинаталды кезеңде пайда болған күй-жағдайлар. Сол себептен 2010 жылы қаңтар-желтоқсанда 2169 сәби, немесе барлық сәби өлімінен 47,6% құрады.

Демографиялық жағдайды жақсарту ролі денсаулық сақтауға байланысты. Тұрғындар миграциясы 2010 жылы қаңтар-желтоқсанда 10878 адамды құрады, соның ішінде ТМД елдерімен - 2989. Республикаға келгендердің саны 53309 адамды, ал шыққандардың саны - 42431 адамды құрады.

Қазақстанға келгендердің арасындағы қазақтардың ара салмағы 78,2%, орыстардың - 12,5%, немістердің - 1,0% құрады. Қазақстан шекарасынан тыс шыққандар арасында орыстар 69,5%, немістер - 7,1%, қазақтар - 5,3% құрады.

Статистика көрсеткіштері бойынша 15 пен 29 жас аралығындағы жастар саны Қазақстан тұрғындарының бүкіл санының 28% құрайды. Жастарға ересек қоғамның барлық мәселелері тән. Соның ішінде жұмыссыздық, жастар арасында ересектерге қарағанда 2 есе артық, ауыл жастарының қала жастарымен салыстырғанда кедейлік, жалпы құқықбұзушылық статистикасындағы жастар арасындағы қылмыстың өсуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет