Сабақтың мақсаты : Бабалардың «даналық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту



бет2/4
Дата07.02.2022
өлшемі28,43 Kb.
#92326
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Бабалар

Мұғалім түйіндейді:
Бабалар сөзі- кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен - билерден, ақын - жыраулар мен сал - серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Даналық дегеніміз – асыл сөздер, қасиетті сөздер, өсиет сөздер, өнегелі сөздер, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, нақыл сөздер. Олар бізді әдептілікке, жақсы адам болып өмір сүруге жетелейді. Бұл сөздерді даналар айтқан. Ал дана адам деп, айтар ойын нақты да дәл, шубарламай бір-екі сөзбен жеткізетін ақылды, көпті көрген адамдарды айтамыз. Даналардың айтқан даналығының мәнділігі соншалықты, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, бүгінгі күнге дейін жетіп отыр. Ол сөздер ешқашан ескірмейді, ұмытылмайды, атадан балаға мирас болып қала береді, Өйткені оның болашақ ұрпаққа берер өнегесі мол.
Әңгімелесу:
Сабақ тақырыбын таныстыру мақсатында әңгімелесу ұйымдастырылады.
Оқушы әңгімелейді:(1-шағын көрініс.)
Бір күні Данышпан ата досының үйіне келсе, ол үйін тазалап жатыр екен.
Данышпан ата досынан:

  • Ей, досым, не істеп жатырсың? – деп сұрапты.

  • Данышпан ата екенсің ғой ? Мынау – ескірген киім, қағаз, кітап бәрін өртейін деп жатыр едім – дейді досы.

  • Қой досым ! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескірсе де, ішіндегі ақыл, даналық сөздер ескірмейді, - депті сонда Данышпан ата.

Оқушылардың күнделікті өмірде колданатын дана сөздерге кезек береміз.


Дана сөздер.
1-оқушы. Өзін-өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі 
(Сара Алпысқызы)
2-оқушы.Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара
(Фридрих Шиллер)
3 оқушы.Өнер-білім де, оқу менен табылған. (Ыбырай Алтынсарин)
4 оқушы. Сүйіп істеген іс шаршатпайды. (Халық мақалы)
5 оқушы .Армансыз адам болмайды (Халық мақалы)
6-оқушы. Әдептілікті данадан үйрен (Халық мақалы)
7-оқушы. Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады (Халық мақалы)
8-оқушы. Отан үшін отқа түс –күймейсің. (Бауыржан Момышұлы)
9-оқушы.Өмірге риза болып, алғыс айт. (Халық даналығы)
10-оқушы.Аялауды табиғаттан үйрен (Халық даналығы)
11-оқушы. Шаңырақ сәні – сыйластық (Халық мақалы)
12-оқушы. Көп жүрген жер –көңілді.
Көп еңбегі – өнімді (мақал)
13-оқушы. Ел ұлымен берік, қызымен көрікті. (Халық даналығы)
14-оқушы. Татулық –достық кепілі. (Халық мақалы)
15-оқушы. Жақсы сөз – жан семіртеді. (Халық мақалы )
16-оқушы. Ұқыптының уақыты мол. (М.Әлімбаев)
17-оқушы Адам бойындағы ең тамаша нәрсе-білім мен ақыл. (Ж.Баласағұни.)
18-оқушы. Бейнетің қатты болса, Татқаның тәтті болар. (Халық мақалы)
19-оқушы Мақтаншақ кісі –менмен кісі.
20-оқушы. Менмендік – адамның міні. (Ж.Аймаутов)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет