Сабақтың мақсаты : Білімділік : Студенттердің өздерінің білімін пайдаланып, өткен сыныптардағы



Дата04.08.2017
өлшемі92,82 Kb.
#22735
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы: Электр өрісі туралы ілімнің дамуы. Электрлік өзара әрекет. Электр

заряды. Электр зарядының сақталу заңы.



Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Студенттердің өздерінің білімін пайдаланып, өткен сыныптардағы

(10с) білетінін еске түсіру.Алған теориялық білімдерін есептер

шығаруда қолдана білу дағдысы мен қабілеттерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: Сабаққа деген қызығушылығын арттыру. Есте сақтау, ойдау қабілеттерін

дамыту. Электр өрісі ұғымын кеңінен түсіну.



3. Тәрбиелік Жауапкершілікпен өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Көрнекіліктер. Интерактивті тақта, электронды оқулық., электрометр, слайд, т.б.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.

Пәнмен байланысы: Биология, химия
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Өткен сыныптардағы білімі бойынша оқушылардың білім- білік дағдыларын тексеру.

3. Жаңа тақырыпты баяндау.

4. Өтілген тақырыпты бекіту.

5. Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын беру.



Үйге берілген тапсырманы қайталау:

10 сыныпта өткен материалдарды еске түсіріп, қайталау ( сұрақ қою, есеп шығарту).

1. Физика не туралы ғылым?

2. Қандай қозғалыс заңдарын білесіңдер?

( Ньютон заңына есеп:№139, Р )

Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН –ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді? ( 2 м/с2 )

3. МКТ негізгі қағидалары.

4. Диффузия дегеніміз не ( мысалдар келтіру )

5. Идеал газ, температура, абсолют температура дегеніміз не?

( Газ қысымының молекулаларының концентрациясына және температурасына есеп: № 474,Р )

Ілгерілемелі қозғалыстағы газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы қандай температурада 6,21 * 10 -21 Дж – ге тең? ( к= 1,38*10-23 Дж/К ) ( 300 К)

6. Изопроцестер дегеніміз не, түрлері.

7. Менделеев – Клапейрон теңдеуін жазып, сол теңдеу бойынша Р, V,Т, m шамасын табу керек. ( Осы тақырыптағы есеп: №489,Р )

Температурасы 12 0 С, сыйымдылығы 20 л баллондағы сығылған ауаның массасы 2 кг болса, оның қысымы қандай? ( Мауа =29*10-3 кг/моль ) ( 8,2 МПа)

8. Термодинамиканың І заңы. Формуласы. Термодинамиканың І заңын термодинамикалық процестерге қолдану.



Жаңа сабақты түсіндіру:

Жаңа сабағымызды 11с оқулығы бойынша бастаймыз. Жалпы оқулық « электродинамика »,

«қазіргі заманғы физика» бөлімінен – 8 тарау, 46 параграфтан тұрады. Электродинамика - электромагниттік өріс заңдарын қарастыратын физика бөлімі.Бүгінгі тақырыбымыз: Электр өрісі туралы ілімнің дамуы. Электрлік өзара әрекет. Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы.

Электр деген сөз қайдан алынған?

Орасан зор қуатты мотордан бастап, түймедей микроқозғалтқышқа дейінгі электр қозғалтқыштары Жерде өндірілген барлық электр энергиясының көп бөлігін тұтынады. Қазіргі таңда электр энергиясын өндіру, тарату және пайдалану өндірістің барлық материалдық игілігінің негізі болуда. «Электр», «Электр тогы», «Магниттер», «Электромагниттік құбылыс» деген сөздер қазіргі заманда әр адамға таныс.

Егер пластмасса тарақтарды немесе қаламдарды киімге үйкелесе, онда ұсақ қағаздарды өзіне тартатынын көруге болады. Құрғақ шүберекпен сүртілген айна, шыны, пластинка тозаңды және басқа ұсақ бөлшектерді өзіне тартады.

Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі. Біздің заманымызға дейінгі 600 жылдары ертедегі гректер сары янтардың ерекше қасиеті бар екендігін байқаған.Сол кезде гректер құрғақ, қатты шайыр күйдегі сары янтарь өндірген. Гректер оны «электрон», ал оған қатысты құбылысты денелердің электрленуі деп атаған. Денелердің электрлену құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы, соқтығысуы, жарылуы кезінде көрініс табады.

Денелердің өзара электрлік әрекеттесуінен электр заряды деген физикалық шама туындайды. Зарядтардың екі түрі болады: + оң ( шыны ), - теріс ( эбонит ). Электр зарядтарының өзара әрекеттесуін қарастырайық: аттас зарядтар бірін –бірі тебеді, ал әр аттас зарядтар біріне – бірі тартылады.



Электр зарядтарының қасиеттері:
1
.Зарядтың екі түрі бар:оң және теріс
2.Электр заряды инвариантты (оның шамасы санақ жүйесіне тәуелді емес,яғни ол жүйе қозғалыста ма,тыныштықта ма, одан тәуелсіз болады)
3. Электр заряды үзікті, яғни кез келген дененің заряды электрон зарядын бүтін санға еселегенге тең: q=±Ne, мұндағы N=1,2,3,...,n-бүтін сан.
4. Электр заряды аддитивті (денелердің кез келген жүйесінің заряды жүйеге кіретін денелердің зарядтарының қосындысына тең).
Зат неден тұратынын және атом құрылысы туралы айту.

Атом құрылысын Э.Резерфорд ашқан.




Атомда қанша протон болса, сонша электрон болады. Егер өзара әрекеттесу барысында электронын беріп жіберсе, ол оң зарядталады, ал керісінше, басы артық электронды өзіне қосып алса, онда ол теріс зарядталады.

Электронның электр зарядын элементар заряд д.а.

Электрон заряды теріс және оны е әрпімен белгілейді: е = 1,6*10-19 Кл

Электронның массасы m = 9.1 * 10 -31 кг.

Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесін оқшауланған немесе тұйықталған д.а. Бұл жүйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады:

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады: q 1 + q 2 + q 3 + … + q n = const,

мұндағы q 1,q 2 , q 3 , … , q n- денелердің оң немесе теріс зарядтары.



Тұйық жүйе деп сыртқы денелермен заряд алмаспайтын жүйені айтады.

Электрленуді байқауға арналған құрал электроскоп д.а.

Электр зарядтарын өткізу қабілеттілігіне қарай заттар шартты түрде: электр өткізгіштер және электр өткізбейтіндер болып бөлінеді. Зарядтар еркін қозғала алатын заттарды өткізгіштер д.а. Оларға – адамның, малдың денесі, ылғал жер , барлық металдар, тұздар және қышқылдардың судағы ерітіндісі жатады.

Электр зарядын өткізбейтіндерге ( диэлектриктерге ) – пластмассалар, фарфор, шыны, эбонит, янтарь, резеңке, маталар, май, ауа жатады. Оларды оқшаулағыштар (грек тілінен – оңашалау) д.а.



Сабақты бекіту:

Слайд арқылы тақырып бойынша мәліметтерді жаздыру.



Тапсырма:
Электроскоп, эбонит таяқша, жүн мата, пластмасса сызғыш, бор, картон, темір шеге алдарыңда жатыр. Осы денелердің ішінен өткізгіштер мен өткізбейтіндерді анықтап, кестені толтыр.


Өткізгіштер:

Өткізбейтіндер:

1.

2.

3.



1.

2.

3.



Үйге тапсырма: § 1, 2

«Маңғыстау гуманитарлық колледжі» МКҚК


Бекітемін:

ПЦК жетекшісі: Тумурунова М.Е.

«____» _________2014ж.



Электр өрісі туралы ілімнің дамуы. Электрлік өзара әрекет.

Электр заряды. Электр зарядының сақталу заңы

(Ашық сабақ)


Пәні: Физика

Пән оқытушы: Қозыбақова А.П.


Ақтау қаласы



***

Кім білмейді бұл токты,

Сөніп – жанған жарықты...

Қолданамыз тұрмыста,

Пайдасы көп халыққа.


***
Алғаш оны анықтап,

Танытқан бізге данагөй

Ұмытпаймыз есімін,

Атақты ғалым Фарадей.

***


***

Электр күші зор екен

Физика – пәні күш қылған

Қасиеті де көп екен,

Зеректі жанға ұқтырған.


***
Тараққа шашың тартылса

Таңқаласың бұл не деп?

Оң, теріс заряд болады.

Білім арқылы ұғым тек.

***

139, Р



Ілмегіндегі тарту күші 15 кН болатын трактор тіркемеге 0,5 м/с2 үдеу береді. Тарту күшін 60 кН –ға жеткізетін трактор сол тіркемеге қандай үдеу береді? ( 2 м/с2 )
474,Р

Ілгерілемелі қозғалыстағы газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы қандай температурада 6,21 * 10 -21 Дж – ге тең? ( к= 1,38*10-23 Дж/К ) ( 300 К)
489,Р

Температурасы 120 С, сыйымдылығы 20л баллондағы сығылған ауаның массасы 2 кг болса, оның қысымы қандай?

( Мауа =29*10-3 кг/моль ) ( 8,2 МПа)
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет