Сабақтың мақсаты: Ақша ағымдардың теориялық сипаттамасын беру 1 тапсырма. Бақылау сұрақтары



Дата07.02.2022
өлшемі12,75 Kb.
#87979
түріСабақ
Байланысты:
asha-ayny-turaly-esept-rastyrudy-tura-ghne-ghanama-dster-tgh-7
rko, tayryp-21negzg-raldardy-paydalanu-timdlgn-krsetkshter-131020, rko

Тәжірибелік жұмыс №7
Тақырыбы: Ақша ағыны туралы есепті құрастырудың
тура және жанама әдістері
Сабақтың мақсаты: Ақша ағымдардың теориялық сипаттамасын беру

1 тапсырма. Бақылау сұрақтары.



  1. Ақша қаражаттары және олардың баламаларының түсінігі.

Кәсіпорындағы ақшасыз есеп айырысу мынадай негізгі нысандарда жүргізіледі:

  • төлем тапсырма;

  • чек;

  • вексель;

  • төлем-талап тапсырма;

  • ұлттық банктің құқықтық-нормативтік актілермен белгіленген басқа да төлем құжаттары;

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз – ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициарлар (ақшалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы-банкке тапсырады.
Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың нөмері мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «төлем белгіленуінің коды» жолында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2000 жылы 16 мамырындағы №195 қаулысына сай төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті. Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 1999 жылы 15 қарашадағы №388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшылыққа алған жөн.



  1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептің құрылымы.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға ұйымның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) жəне түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне əсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат ұйымның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады жəне пайдаланушыларға əртүрлі ұйымдардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға жəне салыстыруға арналған үлгілерді əзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ əртүрлі ұйымдардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын жеңілдетеді, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің əр алуан əдістерін қолданудан келтірілетін əсерін жояды

  1. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепті қалыптастырудың тура және жанама әдістері.

Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып ұсынылуы тиіс.

  1. Ақша қаражаттарының таза ағынын анықтау.

Есепті кезеңнің соңында, қолма-қол ақша ағыны оқулары мен жұмсалған қолма-қол ақшамен арасындағы айырма қосылады өндірістік компанииның немесе ұйымтең,.бизнестің қолма-қол ақш қажеттіліктерін қанағаттандыр кейіны компаниясымны қалады, сондықтан барлық деп аталатын қорлар: қолма-қол ақш ағыны мынадай анықтамасы онд тұжырымдамасын түсіндір түсіндір мақсатынд, ол арнайы экономикалық сөздіктер үшіны қолдануғы болады.- компания өзінің капиталы немесе инвестиция қалыптастыру үшін пайдаланады қолма-қол ақша жалпы сомасы ақша қаражаттарының таза ағыны: Біз келесі анықтамасын тұжырымдауға болады.
ақша қаражаттарының таза ағыны есептеу әдістері кіріс және жұмсалған бақылау үшін кәсіпорындарда қаржылық бөлімшесі болып табылады ақша.
2 тапсырма. Тура мен жанама әдіс көрсеткіштерін ажыратыңдар.

3 тапсырма. Дұрыс тұжырымдарды белгіле.

  1. Ақша ағынының тапшылығы байқалған кезде ұйымның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі төмендейді. +

  2. Ақша ағынының тапшылығы байқалған кезде ұйымның өтімділігі мен төлем қабілеттілігі артады. -

  3. Ақша қаражаты шектеусіз ресурстардың бірі болып табылады. -

  4. Көптеген елдерде ақша қаражаты туралы есепті ұсыну міндетті болып табылады және заңмен реттеледі. +

  5. Жанама әдіс компанияның нақты ақша қаражатын көрсете алмайды. -


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет