Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушылардың ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысығ ашаршылық туралы білімдерін тексеру



Дата17.02.2017
өлшемі62,92 Kb.
#9471
түріСабақ
Атырау қаласының Жамбыл атындағы №21 орта мектептің I санатты тарих пәнінің мұғалімі Исмуханова Нағима Сәлменқызы

Тақырып:Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру. П.16 11 сынып.Қазақстан тарихы

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Оқушылардың ауыл шаруашылығын ұжымдастыру барысығ ашаршылық туралы білімдерін тексеру.

2.Тәрбиелік мақсаты: Аштық,індет туралы айта отырып,оқушыларды әрқашанда өз іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға, саяси саналылыққа тәрбиелеу.

3.Дамытушылық мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыруға талдау жасау арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ

Сабақтың әдісі: топпен, жеке жұмыс, тест

Көрнекілік: суреттер аштық туралы,Сталин,Голощекин порттреттері,»Ашаршылық! Видео, слайд

Сабақтың жүрісі:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты 2 топқа бөлу,ассистенттер тағайындау

I. Миға шабуыл

1. Сталин,Голощекин портреттерін жасырып, мұғалім қайраткерлерге сипаттама береді, оқушылар тұлға есімдерін табады.

Мысалы: 1 Атақты революционер, көп жылдар бойы КСРО-ны басқарған, қуғын-сүргінді осы адамның атымен байланыстырады,»Коба» лақап аты болған, 1953 жылы қайтыс болған қайраткер. (Сталин)

21925-1933 жылдары Қазақстан өлкесін басқарған, Кіші Қазан идеясының авторы. (Голощекин)

2) Қайраткерлерге оқушылар қосымша материал бойынша кең түрде сипаттама береді.

Сталинге – Оқушы Гаухар

Голощекинге- Оқушы Әйгерім

II. Мәтінді меңгеру.

Жоспар:

1.Ұжымдастыру барысы.



2. Ашаршылық,шаруалар көтерілістері.

1) Топтарға тапсырма беру. Жоспар бойынша тақырыпшаларға кластер құру. Оқулық 86-87 беттер.

2) Мұғалім, оқушылар қосымша мысалдар арқылы тақырыпты толықтырады. Газет- журнал материалдары.Әсірессе «Атырау» газет материалы.

3)Картамен жұмыс

1. Қазақстан территориясын көрсету

2. Шаруалар толқуларының аудандары.

Қостанай округі- Батпаққара.

Торғай өлкесі

Сырдария округі-Созақ

Ақтөбе округі-Ырғыз

Қарқаралы округ-Абыралы, Шыңғыстау,Шұбартау

Алматы-Қытай

3.Көшу жерлері

Маңғыстау,Ойыл-Түркіменстан,Қарақалпақстан

Иран,Ауғаныстан

Алматы-Қытайға

4.Видеодан үзінділер көрсету, талдау

5. Поэзия минуты.

1 «Ашаршылық» оқушы Үміт оқиды

2. Орыс тілінде өлең-жыр оқитын оқушы Мұса (19 жасар Татьяна Гаврилова Неведовская өлеңдерінен қазақ,орыс тілінде үзінділер)

III.Рефлексия,бағалау.

6.Дата мен оқиға. (Сәйкестендіру)

1927 жыл Шаруалар толқулары

1929 жыл Ашаршылық

1929-1931 жылдар Ұжымдастыруды аяқтау

1930-1932 жылдар МТС құрылуы

1932 жыл Ұжымдастыру шешімі қабылданды

1932 жыл көктем «Бесеудің хаты»

7. Халықтық педагогика

1.Киіз үй 2.Домбыра 3. Қобыз 4.Сәукеле 5.Түйе 6. Қамшы Бұл жәдігерлердің астында сұрақтар болады, оқушылар оларға жауап береді. Сұрақтарға жауап бермес бұрын жәдігерлердің әр қайсысына тоқталып кеткен жөн.

Сұрақтар:1. «Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын!» деген ұран тастаған өлкені ата және ұранның мағынасын түсіндір?(Торғай)

2. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет қашан шықты және оның орындалуы туралы айт?(1928 ж)

3.Республика аумағында толқулар мен көтерілістердің жалпы саны?(372)

4.Батпаққара көтерілісін қазақ өлкелік комитет қалай бағалады? (Бандиттік-басмашы қозғалысы)

5. 1930-1932 жылдарындағы оқиға аштық тарихта қалай аталды? (Ұлы жұт)

6.1932 жылы 400 киіз үй «қала үлгісіндегі поселка» қай ауданда құрылды?(Шу ауданы)

8.Тұжырым

Тұжырым

Дұрыс

Бұрыс

1.Ұжымдастыру Компартияның 15 сьезінде қабылданды.

+




2.Ұжымдастыру алдын-ала даярлықпен, жергілікті жағдай ескеріліп жүргізілді.




-

3.Голошекин жүргізген ұжымдастыру саясатын қазақ интелегенция түгел қолдады.




-

4.Республиканың 6,2 млн. тұрғынының 2,1 млн. аштықтан қырылды.

+




5.Ұжымдастыру астықты ауданда артель түрінде, мал шаруашылықты ауданда жерді бірлесіп өңдеу және шөп шабу серіктестігі түрінде құру көзделді.

+




6.Ұжымдастыру саясатын шаруалар қуана-қуана қабылдады.




-

9.Тест беру

1. Ғ.Мүсірепов,М.Ғатауллин,М.Дәулетқалиев,Е.Алтынбеков,К.Қуанышев (Бесеудің хаты): ашық хатты жазды

а) Сталинге в) Голощекинге с) Кагановичке д) Молотовқа е) Ленинге.

2. 1931-1933жылдары республиканың 6,2млн халқының аштықтан қырылғандары:

а) 2,2млн в) 2,5млн с) 2,1млн д) 1,2млн е) 1,5млн.

3. 1931-33 жылдары аштықтан қырылғандардың ішінде,қазақтан басқа халықтың шығыны:

а) 0,5млн в) 0,4млн с) 0,6 млн д) 0,7млн е) 0,8млн.

4. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада:

а) 40,5 млн мал басы в) 45 млн мал басы с) 28 млн мал басы д)4,5 млн мал басы е)35,5 млн мал болды

5. Ұжымдастыру басталардан бұрын республикада 40,5 млн мал болса, 1933 жылы не бары:

а) 40,5 млн в) 5 млн с) 40,5 млн і д) 4,5 млні е) 25 млн мал қалған еді.

6. 1931-32 жылдары Шұбартау ауданында мемлекетке етке өткізілген малдың мөлшері:

а) 84% в) 83% с) 81% д) 82% е) 80%.

7. Егер 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруашылықтың 2% ұжымдастырылған болса, 1931 жылы:

а) 60% в) 65% с) 75% д) 90% е) 80% ұжымдастырылды.

8. 1930-32 жылдары аштықтан, түрлі індеттерден қырылған халықтың мөлшері:

а) 50% в) 45% с) 40% д) 30% е) 35%.

9. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшіріліп әкелінді:

а) Корейлер в) Жапондар с) Шешендер д) Дүнгендер е) Татарлар.

10. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға көшірілді:

а) 100 мыңнан астам в) 200 мыңнан астам с) 300 мыңнан астам д) 400 мыңнан астам е) 150 мыңнан астам адам

11. Қызылорда және Алматы облыстарында қоныс аударушы корейлерден тұратын ұжымшалар саны:

а) 55 в) 57 с) 50 д) 47 е) 60

12. 1938 жылы Қиыр Шығыстан Қазақстанға қоныс аударушы корейлерден тұратын 57 ұжымшылар құрылды:

а) Алматы, Қызылорда обл в) Павлодар, Ақмола обл с)Қарағанды,Павлодар обл д) Жамбыл, Қызылорда обл е) Алматы,Жамбыл обл

13. Ұжымдастыру жылдары лаңкестік әрекеттерді, өрт салуларды есептемегенде, республика аумағындағы толқулар мен көтерілістер саны:

а) 377 в) 375 с) 272 д) 300. е) 372

14. Ұжымджастыруға қарсылық ошағы Қарақұм көтерілісін Орынборда орналастырылған:

а) 6-дивизия в) 116-дивизия с) 8 дивизия д) 114- дивизия е) 7-дивизия басып тастады.

Жауабы:1 в 2с 3в 4а 5д 6е 7в 8с 9а 10а 11в 12а 13е 14с

IV.Үйге П.16

Мекен-жайым: Атырау қаласы. Муканова көшесі үй 10 пәтер3



Индекс 060005 телефон 87011340067
Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет