Сабақтың мақсаты: Құжаттық сызба. Макет. Нобайы (эскиз). Сызба. Сызба сызықтары. Масштаб



Дата23.08.2017
өлшемі33,35 Kb.
#25271
түріСабақ
Тақырып: Құжаттық сызба

(Сызу пәнінен, 9 сынып).

Сабақтың мақсаты:


  1. Құжаттық сызба. Макет. Нобайы (эскиз).

  2. Сызба. Сызба сызықтары. Масштаб.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке, туралыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Сызба сызықтарының плакаты. Жасалған макет, заттар, геометриялық фигуралар.

Сабақтың түрі: жаңа білім беру.



  1. Ұйымдастыру.

  2. Сабақ мақсатын қою.

  3. Жаңа сабақты түсіндіру.

  4. Түсініктерін тексеру.

  5. Үйге тапсырма беру.

  6. Сабақты қорыту.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындау.

  2. Сабақтың мақсаты.

  1. Оқушыларға кез келген жасалатын заттардың ең алдымен сызбасы орындалатынын түсіндіру;

  2. Сызба түрлері (нобай) –макет, масштаб. Сызықтар туралы түсіндіру.

  3. Түсінгендерін практикада пайдалану.

Жаңа сабақ:

Кез келген бөлшекті немесе затты жасау үшін оның сызбасы не техникалық сұлбасын дайындап алуымыз керек. Ондай бейнелерді құжатты сызба деп атаймыз.

Макет – кез келген заттың дәлме-дәл кішірейтіп жасалған пішіні.

Эскиз – қолмен салынған зат бейнесінің өлшемін көрсететін және бөлшектердің арақатынасын көрсететін сызба бейнесі.

Масштаб – өлшемнің неше есе үлкейтілген немесе кішірейтілгенін көрсететін мөлшер.

Мысалы, М 1:4 деген белгі 4 есе кішірейтіліп көрсетілгенін білдіреді. М 4:1 деген белгі 4 есе үлкейтіп көрсету. М 1:1 нақты өлшем.

Сызылып алынатын бөлшектің пішінін, өлшемін және оны құрал –сайманмен сызуға болатынын, оларды құрастырып өзара бұйым жасауды көз алдына елестете білуді сызбаны оқу деп атаймыз.

Сызбада өлшемнің барлығы миллиметрмен белгіленеді, бірақ мм деген сөз жазылмайды.

Кез келген заттың сызбасын алты жағынан көруге болады. Сызбада толық бейнесін көз алдымызға елестету үшін оның үш жақ көрінісі де жеткілікті: алдыңғы көрініс (негізгі көрініс), сол жағынан және үстіңгі жағынан алынған көрініс.

Түсініктерін тексеру: 3 топқа бөлу.

Жарыс жоспары:


  1. Аттарын қорғау.

  2. Масштаб бойынша сызба.

  3. Сызбаларды салыстыру. Венн диаграммасы.

  4. Заттардың нобайларын салу.

  5. Сызықтар. Миллиметр.

атауы

бейнесі


қызметі

Мөлшері


Тұтас жуан сызық

-------------

Көрінетін

контурдың сызығы

Қалыңдығы 0,5 ...1,4 мм

Тұтас жіңішке сызық

___________

Шығаратын және мөлшер сызығы

Қалыңдығы /2/.../3/

Штрихті-пунктирлі жіңішке сызық

------------

Осьтік және орталық сызық

Қалыңдығы /2/.../3/

Штрих ұзындығы 5...30 мм

Штрих аралығының қашықтығы 3...5 мм

Шрих сызығы

- - - - - -

К-р3нбейт3н контурды4 сызы5ы

Қалыңдығы /2/.../3/

Штрих ұзындығы 2...8 мм

Арақашықтығы 1...2 мм

Тұтас ирек сызық

Үзу сызығы

Қалыңдығы /2/.../3/

Екі нүктелі штрихті – пунктирлі сызық


  • - - - -

Кескіндегі ию сызығы

Қалыңдығы /2/.../3/ шрих ұзындығы 5...30 мм

Арақашықтығы 4...6 мм

Үйге тапсырма: бір заттың сызбасын өлшем бірлігімен сызып келу.



Сабақты қорыту: бағалау, марапаттау.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет