Сабақтың өткен күні



Дата09.03.2023
өлшемі16,17 Kb.
#171583
түріСабақ
Байланысты:
пікір (1)
лЕССОН СТАДИ ПАПКА 2

Мұғалім сабағына ата-ананың
ПІКІРІ
Мұғалімнің аты-жөні: Байбосынова Алтынай Бейбитбайевна
Сабақтың өткен күні: 20.12.2022
Сынып: 7 «А»
Пән: қазақ тілі мен әдебиеті
Тақырыбы:


Оқушылармен жұмыс істеудің әр түрлі әдіс-тәсілдері мен әдістерін қолдану бойынша жұмыстың белсенділігін, мотивоциясын бақылай алдыңыз да, жоқ па, соны байқап, пікірде көрсетіңіз.
Өткен тақырыпты қорытындылау сабақ болғандықтан, сабақтың екінші кезеңін мұғалім тест жазумен бастады және оны жұптық жұмыс арқылы тексерді. Жауап интербелсенді тақта арқылы көрсетіліп отырды. Математикалық диктантты өте жақсы орындаған оқушылардың есімдері анықталып, мадақтаулар айтылды. Қате жіберген оқушылардың қателеріне талдау жасалды. Жұмыс әрі қарай топтық жұмысқа жалғасты. Мұғалім Жаңа жылдың жақындағанына байланысты өткен барыс және келген қоян бейнесінде пазл құрастыруға арналған тапсырмалар берді. Балалар белсенді жұмыс атқарды. Келесі жұмыс түрі тақтамен жұмыс болды, оқушылар оқулықта берілген тапсырманы тақтада шығарды. Жалпы оқушылардың өткен тақырыпты жақсы түсінгені байқалды, тапсырмалар оқушылардың білім деңгейіне сай жасалған.

  • Сабақтың мақсаттары, іс-әрекет жоспары оқушыларға қолжетімді және түсінікті болды, оқуға ынталандырды;

  • Оқу материалын көрсету сипаты (қол жетімді);

  • Мұғаліммен және оқушылар арасындағы жеке қарым-қатынасқа жағдай жасалды;

  • Оқушылар өздері үшін маңызды мәселелерді шешуге көмек алды;

  • Мұғалім оқушыларды қызықтыра білді;

  • Білім беру ортасының жайлылығы (материалдық-техникалық қамтамасыз ету, жұмыс орындарын орналастырудың қарапайымдылығы) жақсы;

  • Психологиялық жайлылық: қолайлы климат (оқушыларға деген ізгі ниет, жеке және адамгершілік қатынас) сабақ барысында оқушылармен қарым-қатынасы жақсы, оқушыларды мадақтап жақсы, жарайсың деп қолдап отырды;

  • Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас стилі жақсы.

Сабақ барысында мұғалім сабаұты жақсы ұйымдастырды әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланды, оқушылар сабаққа жақсы қатысты. Интер белсенді тақта, көрнекіліктер, кесте қағаздарын тиімді пайдаланды. Оқушылардың сабаққа қызығушылығы жақсы.
Мұғалімге алғыс айтамын. Осындай жоғары деңгейде сабақ өткені үшін
Сабаққа қатысқан ата-ананың аты-жөні: _________ Игнатова Марина Васильевна
Оқушының толық аты-жөні: Шлякис Дмитрий Константинович
ПІКІР
Теміртау қаласы №22 жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі А.Б.Байбосынованың 7 «А» сыныбында 2022 жылдың 20 желтоқсанында өткен ашық сабағына пікір

  • Сабақтың түрі, сабақтың мақсаттары, іс-әрекет жоспары білім алушыларға қолжетімді және түсінікті болды, оларды оқуға ынталандырды;

  • Сабақтың мазмұны оңтайлы, оқушылардың түсінігі үшін қолайлы құрылған;

  • Оқу материалын оқушылар жақсы түсінген және ізденушілік қабілеттері жоғары деңгейде;

  • Білім алушылар үшін жұмыстың әр түрлі формалары топтық, жұптық және жеке жұмыс, оқулықпен жұмыс түрлері қарастырылған;

  • Білім алушылардың тәжірибесін жаңартуға, олардың жеке қарым-қатынасына жағдай жасалды;

  • Сабақ жобалау-сараптамалық іс-әрекетте, зерттеу әрекетінде негізгі құзыреттіліктерді дағдыларды қалыптастыруға ықпал етті;

  • Сабақ жеке тұлғаның коммуникативті дағдылар, тиімді қырым-қатынас пен ынтымақтастық, сыни тұрғыдан ойлау, шығармашылық, рефлексивтілік, өзін-өзі бағалау және сыйластық қасиеттерін дамытуға ықпал етті;

  • Білім алушылар өздері үшін маңызды мәселелерді шешуге көмек алды;

  • Мұғалім білім алушыларды қызықтыра білді, аудиторияға ие бола алды;

  • Сынып бөлмесі оқушылардың білім алуына сай жабдықталған, оқушылардың жұмыс орындары сабақ барысына сай оқу құралдарымен қамтамасыз етілген;

  • Үлестірмелі материалдар, электронды тасымалдағыштағы материалдар оқыту және бағалау әдістері сабақтың мақсатына сәйкес келеді және білім алушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне сәйкес жасалған.

  • Мұғалімнің оқушылармен қарым-қатынасы өте жақсы деңгейде;

  • Оқушылардың әр кезеңде жасаған жұмыстарын саралай отырып, мұғалім 10 ұпайлық жүйеде 50%-ын бағалады. Кері байланыс үшін рефлексия жасады. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап бере отырып, тақтада ілінген шеңберге жауаптарын ілді;

  • Мұғалім сабақтың құрылымын оқушылардың білім деңгейіне сай құрастырған. Сабақтың әр кезеңін әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, қызықты етіп өткізе білді. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлері болды және әр жұмысқа талдау жасалып отырды.



Сабаққа қатысушы: Әдістеме бірлестік жетекшісі ________ Аширбекова С.Е.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет