Сабақтың тақырыбы : ыбырай алтынсариннің «Әке мен бала»



Дата10.11.2016
өлшемі421,98 Kb.
#1448
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы : ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ «ӘКЕ МЕН БАЛА» ӘҢГІМЕСІ.

Сабақтың мақсаты::

1.Оқушылардың танымдық қабілетін жетілдіре отырып, әңгіме мазмұнын толық білу. Өз ойын тұжырымдап, топта жұмыс жасап, шығармашылықпен айналасуға үйрету. 2.Көп ізденуге бірін бірі тыңдап, өз ойын ірікпей айтуға дағдыландыру.

3.Адам болуға, еңбекқорлыққа баулу. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, оның ішінде адамгершілікке, сыпайлық, сыйластыққа үйрету.

Сабақтың әдістері: сұрақ- жауап, болжау әдісі, кубизм, әңгіме кестесі.

Көрнекіліктері: сызбалар, суреттер (бала, әкесі, таға, шие), түсті қарындаштар, сөздік.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Керекті құрал- жабдықтарын алдарына алдыртып, назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын сұрау. Үй тапсырмасына аңыз әңгімелерді қайталап келу берілген болатын. Осы өткен тақырыптарды қорыту үшін кесте толтырып келу керек.

АҢЫЗ ӘҢГІМЕЛЕР.

ТАҚЫРЫБЫ КЕЙІПКЕРЛЕР НЕ ТУРАЛЫ?

Аңыз әңгімелер кейіпкерлері негізінен болған адамдар. - Ауыз әдебиетінің авторы бар ма? - Аңыз әңгімелерден басқа ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ

Тұрмыс- салт мақал-мәтел жұмбақтар жаңылтпаш аңыз

жырлары әңгімелер

III.Жаңа тақырып

Ауыз әдебиетінің авторы - халық, яғни ауыздан ауызға тарайды. Ал бүгінгі танысатын тақырыбымыздың белгілі авторы бар. Сондықтан жазба әдебиетіне жатады. Бұл әңгіменің қандай және авторы кім екенін білу үшін, үнтаспадан өлеңді тыңдайық. – Өлең таныс па? Не туралы? Авторы кім? («Кел,балалар,оқылық!» өлеңі )

1.Ой шақыру. Қызығушылықты ояту.

- Ы. Алтынсарин туралы не білеміз? Есімізге түсіріп топтайық.

(Ы.Алтынсарин туралы айтып кету.)

2. Терминдермен болжау әдісі. Тақтаға сурет ілу.

- Ненің суреті?

- Оны неге пайдаланады?

Осы сөздермен кішкене әңгіме құрастыру. Топпен жұмыс. Әр топ өз бетінше әңгіме құрастырады.

3. Енді әңгіме не туралы екенін білу үшін ,мәтін оқылады.

Мәтінді оқу.

НЕ БОЛАДЫ? ДӘЛЕЛІҢ? НЕ БОЛДЫ?

2.Сөздік жұмысы.

ұста - кузнец

аяңдап жүрді – шли медленно

аузына салды – положил в рот

жерге түсті – упал на землю

еріну - полениться

3.Рөлге бөліп оқу. Бір оқушыға мазмұндату

I- топ Соңғы сөзді маған қалдыр. Мақалдың мәнін ашу.

II-топ РАФТ әдісіне таға рөлін алу

III-топ Кейіпкерге мінездеме

КЕЙІПКЕР ҚАСИЕТІ, МІНЕЗІ КЕЙІПКЕР ӘРЕКЕТІНЕ БАҒА

V.Кубизм. Әр топқа 2 сұрақтан.

1. Суреттеңіз: Әкесі мен баласына мінездеме.

2. Салыстырыңыз: Баланың әрекетін өз әрекетіңмен салыстыр.

3. Ойланыңыз :Әңгіме неге үйретеді? Қандай ой салды?

4. Қарсыласыңыз: Сіз әкесінің немесе баланың ісіне қарсы шығыңыз.

5. Қолданыңыз: Мәтіндегі мақалды тағы қандай жерде қолданар едіңіз?

6. Бейнелеңіз: Шиенің суретін салыңыз.

5. Әңгіме кестесі.

ӘҢГІМЕ ТАҚЫРЫБЫ ӘКЕ МЕН БАЛА

Авторы


Оқиға орны

Басты кейіпкерлер

Әңгіме не туралы

Оқиға қалай аяқталды

Шешімді кім жасады

Мақал


6. Үш қадам сұхбат құру.

ХАБАР ЖҮРГІЗУШІСІ:

- «Қадірлі көрермендер, сіздер бүгін «Жүздесу» хабарын көріп отырсыздар. Хабарға қатысушы – Ы. Алтынсарин шығармашылығымен айналысушы Әйгерім. Кешіріңіз, сізге сұрақ қоюға бола ма?

- Ы.Алтынсарин «Әке мен бала» әңгімесінен қай кейіпкер ұнады?

- Маған әкесі ұнады.

- Неліктен?

- Өйткені әкесі сабырлы, салмақты, өнегелі адам.

- Негізгі мақсаты неде?

- Әкесі баласын еңбек етуге үйретеді. Балаларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа тәрбиелейді.

ГАЗЕТ ТІЛШІСІ:

- Бүгін біздің мектебімізде «Жүздесу» хабары болды. Хабарға Ы. Алтынсарин шығармашылығын зерттеуші – Әйгерім қатысты. Зерттеуші Алтынсарин әңгімесінің негізгі ойын әсерлі жеткізе білді.

Әдеби әңгіменің белгілі авторы болады екен. Бүгінгі сабақтағы кейіпкерлерден әке бейнесі ұнапты. Себебі, ол өте мейірімді, сабырлы, өнегелі кісі.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!» .

VI. Үй тапсырмасына «Еңбектің наны тәтті» эссе жазып келу.

VII. Бағалау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға әңгіме жанрының ерекшелігін айта отырып, Ы. Алтынсарин әңгімелерінің тақырыптарын, идеясын, қоғамдық мәнін түсіндіру. Ыбырай әңгімелерін оқушыларға қысқашы мазмұндата отырып, оның шынайы өмірден алынғандығына назар аударту.

Тәрбиелілігі: Оқушыларды Ыбырай әңгімелеріндегі кейіпкерлердің жақсы мінез-құлық, орынды іс-әрекеттерін талдау арқылы адамгершілікке, адалдыққа, мейірімділікке, қамқорлық жасауға баулу.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой еркіндігін, эстетикалық сезімін ояту. Әңгімедегі көркем сөз айшықтарын білгізу, қысқаша мазмұндату арқылы тіл дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақтың көрнекілігі: Ы.Алтынсариннің шығармашалығына байланысты слайд, «Таза бұлақ» кітабы т.б.

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, сұрақ-жауап, ой талқы.

Сабақтың барысы:

І. Үй тапсырмасын тексеру.

Ы.Алтынсариннің шығармашылығы, ағартушылық қызметі.

«Кел, балалар, оқылық», «Өнер- білім бар жұрттар» өлеңдерін жатқа айту.

«Авторға хат»

І слайд Ыбырай портреті Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

1.Ыбырайдың жазушылық, ағартушылық қызметіне әсер еткен адамдарды ата.

2. Ы.Алтынсаринді не себепті балалар әдебиетінің атасы дейміз?

3. 1887 жылы Торғай даласында қандай жаңалық болды?

4. «Қазақ хрестоматиясы» атты тұңғыш оқулығы қай жылы шықты және қандай өлеңмен ашылды?

5. 1883 жылы «Мұсылмандық тұтқасы» атты оқу құралының кіріспесінде не жазды? Бұл кітаптың құндылығы неде?

6. «Дала қоңырауы» поэмасының авторы кім? Поэма кім туралы жазылған?

ІІ. Жаңа сабақ



Қызығушылықты ояту.

- Қазір үнтаспадағы шығармаға құлақ түрейік.

- Балалар, бұл шығарма сіздерге таныс па? Шығарманың аты мен авторын сұрау.

- Дұрыс, балалар. Бұл Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі.Олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні» Лексикалық тақырып: «Тәрбие –адамдықтың  түп қазығы»

Сабақтың мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Мағынаны тану.

Жаңа тақырыпты түсіндіру.



Ыбырай Алтынсарин есімі қазақ балалары үшін мектеп ашқан ұлы ағартушы, орыс әдебиеті классиктерінің балаларға арнап жазған шығармаларын қазақ тіліне аударған аудармашы ретінде ғана емес, қазақ жазба әдебиеті тарихында тұңғыш прозаик ретінде де белгілі. Олай дейтін себебіміз, Ыбырайға дейін шын мәнінде көркем проза қазақ жазба әдебиетінде қалыптаспаған еді. Мазмұны жағынан Ыбырай әңгімелері өз заманының келелі мәселелерін қамтиды. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке, т.б. ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықты құрал деп атап көрсетті.

Ыбырайдың шығармаларын оқи отырып, ол өз заманының беталысын анық аңғарғанын, халық өмірін жаңа арнаға салуда білім мен тәрбие мәселесі қатар жүру керектігіне назар аударғанын көруге болады. Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық тұрмысынан алынған. Өмірді, адам әрекеттерін ешқашан дағдыдан тыс әсірелеп суреттеп, шындықтан алшақтамаған. Кейіпкерлерді шынайы өмірге тән әректтері арқылы бейнелеуді мақсат тұтты.Оның әңгімелерін тақырып жағынан еңбек пен өнерге баулитын және адамгершілкке тәрбиелейтін шығармалар деп екі топқа бөліп қарастыруға болады.



ІІ слайд  Тіршілік тірегі-еңбек. Тәрбие басы –тал бесік.

Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар. Мысалы Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш, Бай баласы мен жарлы баласы, Қыпшақ Сейтқұл, т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар. Мысалы Асыл шөп, Бақша ағаштары, Таза бұлақ т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді.



Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.

Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі сабағымыздың нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде  жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.

 ІІІ слайд «Отбасы тәрбиесі, негізгі тірек –ана, әке».

Осы ойымыздың дұрыстығын таныту үшін сіздерге отбасы тәрбиесі шын мәнісінде көрініс беретін мына шығармаларына тоқталып, талдап көрейік. Бірінші топқа «Әке мен бала» әңгімесі, екінші топқа «Шеше мен бала», үшінші топқа «Бақша ағаштары» әңгімелері беріледі. Әр топ өзіне берілген шығарманың қысқа мазмұнын айтып, шығарманың негізгі ойын, идеясын анықтауы керек және шығарманың композициялық жоспарын жасап ұсыну қажет.

Оқушылардың жұмысын тыңдау.

-  Сонымен бұл әңгімелерде ортақ желі бар ма?

Оқушылар пікірін тыңдау.

Қорытынды түйін: Әке мен ана –баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екен.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қорытындыға келу.

Екі жақты күнделік стратегиясы

Жеке оқушылармен жұмыс. Әңгімеден үзінді берілген, үзіндіге байланысты өз пікірлеріңді, нақыл сөздермен білдіресіздер.



 ІY слайд Зияткерлік тест

Шашылған сөздерден сөйлем құра.Қай шығармадан алынған?

А) ауырды,жәшігім,салдым, мен, ішіне, жеңілдететін,бір, шөп. (Мен жәшігім ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым.)

Ә) барында, жоқ, бағу-қағуда, шек, көп, шырағым, мағына. (Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым.)

Б) тап,көп, жұмысты, аз, қиынсынсаң, боласың, жұмысқа. (Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боласың.)



Шығарма аты мен шығармадан алынған үзіндіні сәйкестендір.

Сәтемір хан

Мына сүрлеу, бүгін жүрген көштің сүрлеуі екен-малдың жас тезегі бар.

Бір уыс мақта

Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен?

Шеше мен бала

Бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады,орта шеніне барғанда құлап түседі,үшінші рет бар күшін салып қисая-мисая барып тамның төбесіне шығады.

Бай баласы мен жарлы баласы

Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас;

Бақша ағаштары

Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім.Менің бұл ісім сауап емес пе?

 

Артық кейіпкерді тап

-         Өрмекші, қоңыз,қарлығаш, құмырсқа.

-         Молда, бақташы, саудагер, жас жігіт.

-         Әлім, жылан, патша, айлакер бала.



Интерактивті тақтамен жұмы

Жалғасын тап

-         Әдепті бала ............, әдепсіз бала..........

-         Балапан ұяда не көрсе,...........................

-         Сын ................, мін.................................

-         Жақсының үлгісі....................................

-         Әдепсіз өскен ................, түзу өскен...........



Ұлылар үндестігі  Венн диаграммасы

Қазақтың маңдайына біткен ұлтжанды тұлғалары аз емес. Ыбырай заманында қазақ халқы үшін жаны күйзелген, толғаулы қара сөздер жазған ұлы ақынымыз Абай тұлғасы мен Ыбырай тұлғасын салыстырып, олардың азаматтық тұлғасындағы ұқсастықты саралап көрейік.



Жаңа сабақты бекіту сұрақтары

  1. Әңгіме деп қандай шығарманы айтамыз?

  2. Ы.Алтынсарин шығармаларының ерекшелігі неде?

  3. Әңгімелерінен жазушының өз бейнесін көруге бола ма?

  4. Алтынсариннің аудармаларын ата. Оны кімдерден аударды?

  5. Ы.Алтынсарин отбасы тәрбиесінде қандай идеяны қуаттайды?

  6. Ы.Алтынсариннің адамгершілік мінез-құлыққа баулитын әңгімелерін ата.

  7. Ы.Алтынсарин балаларға арнап шығарма жазуға кіріскенде алдына қандай мақсаттар қояды?

  8. Ыбырай шығармаларының басты тақырыптары.

  9. Ыбырай әңгімелерінің тәрбиелік мәні қандай?

 Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма:  1.Ыбырай шығармаларына сүйене отырып, шағын әңгіме жазу. 2. Ыбырай әңгімелерінен біреуін алып, кейіпкеріне хат жазу.

Ы. Алтынсарин әңгімелері

Авторы: Кенжетаева Қ.К

Жазылған уақыты: 2009-04-15



Тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин әңгімелері

Мақсаты: 1. Оқушылардың Ыбырай өмірі мен шығармашылығын қалай меңгергендігін пысықтау; әңгімелерінің тақырыбын ашу.

2. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ойын ашық айта білуге және өз пікірін қорғай білуге баулу.

3. Оқушыларды адалдыққа, еңбексүйгіштікке, жақсы жолдас бола білуге тәрбиелеу.

Түрі: Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: «Сын тұрғысынан ойлау»  технологиясы

Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту


  1. Сыныпты 2 топқа бөлу, топ басшыларын белгілеу және топ басшыларына бағалау парағын тапсыру.

  2. Сабақтың мақсатын айту.

- ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген әдебиет өкілі Ы. Алтынсариннің шығармалары бойынша алған білімдеріңді сарапқа салу мақсатында өткізіліп отырған бүгінгі ашық сабағымызда әңгімелерін талдау барысында өз ойларыңды ашық айта біліңдер, қойылған сұрақтарға толып жауап беру талап етіледі.
3. Үй жұмысын тексеру
«Деректер сөйлейді» тапсырмасы.(Рет-ретімен тұрған қағазды алып, ондағы сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып беріңдер)
1841  – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды. 
1850 Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі.
1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы
1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы.
1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп
ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,
Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп
ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде
оқытқан жылы.
1864 –  Мектептің қаңтар айында ашылған жылы
14  - Сол мектепке қабылданған бала саны.
1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы
1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған
кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш
кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы
1889 – қайтыс болған жылы.
1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы
1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы

         ІІ. Мағынаны ажырату


1. «Кластер» стратегиясы
- Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.

2. «Қарама-қарсы элементтер» стратегиясы



«Әке мен бала»,  «Жаман жолдас»  әңгімелері бойынша талдау жұмыстары.

 1 топ

2 топ

Әке

Бала

Жақсы

Жаман

Үлкен кісі
Тағаны алады
Ақылды адам
Шие сатып алды
Еңбектенді

Жас бала
Алғысы келмейді
Ақылсыз бала
Сатып алмады
Еңбектенген жоқ

Ауру жігіт
Жерге  құлады
Аю иіскеді
Жерден тұрды
Жауап берді

Сау бала
Ағашқа шықты
Аю
Ағаштан түсті
Сұрады

  • «Көнәз» стратегиясы

«Жақсымен жолдас болсаң жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң қаларсың ұятқа» 
-Қандай жолдаспен дос болу керек? Пікірталастыру
- Асты сызылған сөздерге фонетикалық талдау жасау

4. Фонетикалық талдау. /Қазақ тілімен байланыстыру/
І. топ
 Математикалық тәсілмен дауысты дыбысқа талдау
Берілгені: Жаманмен   /Сөзде неше дыбыс бар және олар іштей қалай жіктеледі?/
Шешуі: Жаманмен сөзінде 8 дыбыс бар, оның 3-еуі дауысты, 5-еуі дауыссыз
8    3   - (2 а, е)
5   - (ж, 2м, 2н)
а) Тілдің қатысына қарай
2   (2а) жуан    
1   (е) жіңішке
б) Жақтың ашылуы
2   (2а) ашық               
1   (е) жартылай ашық 
в) Ерін мен езудің қатысына қарай
3     3  (2а, е) езулік

 

ІІ. топ


Сатылай комплексті талдау
Жақсымен
Буын түрлері
1.  Аралас буынды
2. Жақ  -  сы  -  мен

                                          Тасымал


3. Жақ-  
сы-          болып екі жағдайда тасымалданады
мен

                                    Екпін


4. Жақсымен   (е дыбысы)

Буын үндестігі
5. Жақсымен — түбір мен қосымшаның арасында буын үндестігі
жоқ. Себебі (-мен) буын үндестігіне
бағынбайтын қосымша.

Дыбыс үндестігі
6. Жақсы — мен
Сөз дауысты дыбысқа аяқталғанда, дауыссыздан басталатын
қосымша үнді д-сыз дыбысынан басталады

ІІІ. Ой толғаныс
      «РАФТ» стратегиясы

  • Ыбырайдың бір әңгімесін алып, ондағы кейіпкерге хат жазу /өздеріне қатты ұнаған, оқыған  әңгімесін алу/

Бағалау

  • Топ басшыларының бағалауы бойынша баға қою.

Үйге тапсырма:

  • «Ы. Алтынсарин шығармалары балалар әдебиетінің бастау көзі» тақырыбына эссе жазу

  • Шағын әңгіме жазу /Ыбырайға ұқсау/

Просмотров: 33382


Каталог: uploads -> doc -> 071f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
071f -> Сабақ Тақырыбы: Қазақтың көне музыка аспаптарын жинаушы Болат Сарыбаев
071f -> «№8 жалпы орта білім беретін мектеп» мм «Ауаның ластануы. Ауаны
071f -> «Ғажайып физика» интеллектуалды конкурсын өткізу ережесі жалпы ережесі. Негізгі ереже 7 сыныптарға арналған «Ғажайып физика»
071f -> Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қызылорда қаласы, №264 мектеп-лицейі Бағыты: Қазақ тілі мен әдебиеті Тақырыбы: «Қазақ ертегілеріндегі қасқыр бейнесі»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет