Сабақтың тақырыбы: А. Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы. Маса, Қырық мысал жинағы Сабақтың мақсаты



Дата10.12.2021
өлшемі14,76 Kb.
#78714
түріСабақ
Байланысты:
жауап
ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ ТҰТАС ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ, ОҚЫТУ ҮДЕРІСІ ТҰТАС ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ, руханият срс 13 апта

Күні: Пәні: қазақ әдебиеті Сыныбы: 11
Сабақтың тақырыбы: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы. Маса , Қырық мысал жинағы
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.Шығармаларының басты тақырыптарына тоқталу.Мысал жанрындағы шығармаларының мазмұныны түсіндіру
оқушыларды адамгершілікке,имандылыққа,асыл қасиеттерге тәрбиелеу;
Сабақ барысында оқушыларды өз ойын айта білуге, мәнерлеп оқуға дағдыландыру;
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Үй тапсырмасы
Оқушылардың үйге берілген тапсырмаға дайындықтарын тексеру. Үйге ХХ ғасыр әдебиеті туралы жалпы шолу берілген болатын.
Зымыран сұрақтар:
ІІІ . Жаңа сабақ:
Оқушыларды жаңа сабақ тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.Тақтаға күн реті мен сабақ тақырыбын жазу.Ой қозғау:
-А.Байтұрсынов туралы не білеміз?
-Қандай шығармалары бар?
- Шығармалары қандай тақырыпты қамтыды?
1. Мағынаны тану
Оқы,талда,бөліс
Оқушылар мәтінмен танысып,топта талқылайды.
Топтық жұмыс
Ітоп. А.Байтұрсыновтың өмір жолына хронологиялық кесте дайындау
А.Байтұрсынұлы
1872ж-5.ІХ қазіргі Қостанай обл. Торғай өңірі Сарытүбек ауылында туған.
1882-84жж -Ауыл мектебінде оқыды.
1890ж-Торғайдағы екі клас. орыс-қазақ училищесін бітірген.
1895ж-Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
1895-1909жж- Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орыс-қазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909ж-Патша үкіметінің саясатына наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып;
1910ж-Жер аударылды.
1912ж-Оқу құралы. Қазақша алифбасы Орынборда жарық көреді.
1913-17ж-Орынборда Қазақгазетін ұйымдастырып, редакторы болды. 
1918-19жж-Алаш Орда қатарында болады. 
1922-25жж-Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылыми-әдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Ақ жол газетінде қызметкер.
1925-29жж-Қазақ халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИ-де оқытушы болды.
1929ж- қамауға алынады
1934ж-Қызыл Крест комиссиясында қызмет еткен Е. Пешкованың қолдаухатымен Ахмет Байтұрсынұлы босатылған. 
1937ж- тамыз айында Ахмет Байтұрсынұлы тағы да қамауға алынған, алты айдан соң, 8 жел- тоқсанда халық жауы есебінде атылған.
ІІ топ. Құзырлылық тапсырма 
1.А.Байтұрсынұлы 1872ж Торғай облысының Қызбел атырабында дүниеге келген. Иә/жоқ
2.1909ж Қазақ газетінде редактор болып қызмет атқарды. Иә/жоқ
3. Қырық мысал жинағына аудармалар енген. Иә/жоқ
4. Маса кітабына енген өлеңдер жекебастың мұң-шері,тұрмыс-салт суреті айтылады? Иә/жоқ 
5. Қырық мысал жинағы 1909 жылы басылып шықты. Иә/жоқ
Ескерту: Әр жауапты түсіндіру. (неге иә, неге жоқ)
ІІІ топ. Блум гүлі 3 мин
1.А.Байтұрсынұлы қай өңірдің тумасы?
2. 1929 жылы А.Байтұрсынұлы тұтқындалады. Неліктен?
3. А.Байтұрсынұлының кітаптарын ата.
4. Маса мен Қырық мысал жинақтарының айырмашылығы неде?
5. Ақын өлеңдерінде қандай тақырыптарды қозғады?
6. Әдебиет танытқыш еңбегінің құндылығы 
Жұптық жұмыс 
І жұп. Кестені толтыру 
Мысал өлеңдері
өлеңдері
ІІ жұп. Маса өлеңінің тақырыптық және идеялық ерекшелігі
Ызыңдап, ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса....
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса? ...
ІІІ жұп.
І жұп. ПТМС формуласы
Бірінші сөйлем Менің ойымша, .................................................................................................
Екінші сөйлем Себебі, мен оны былай түсіндіремін................................................................
Үшінші сөйлем Оны мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын............................
Соңғы сөйлем Осыған байланысты мен мынадай қорытындыға келдім................................
ІҮ жұп. Бес жолды өлең
1.Зат есім: 
2.Сын есім:
3.Етістік: 
4.Төрт сөзден тұратын сөйлем.
5.Тақырып мәнін ашатын синоним .

Сабақты қорыту 
Қорытынды ұпайларды хабарлау.
Оқушылар тізімі 
Үй тапсырмасы
Топтық жұмыс
Жұптық жұмыс
Қорытынды баға
Бағалау Әр дұрыс жауап  1 ұпай

Кері байланыс. 
Үйге тапсырма: А.Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы 

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет