Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы Сабақтың мақсаты



Дата18.05.2017
өлшемі50,15 Kb.
түріСабақ
Шырымбекова Бибигуль Шахабаевна ,

«Дәуір» жалпы орта мектебі» тарих пәнінің мұғалімі.

ОҚО, Мақтарал ауданы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен тарихи оқиғаларды дәріптеп, мәдени мұраларымен таныстырып, шығармашылық белсенділігін арттыра отырып,бәсекеге қабілетті тұлғаларды қалыптастыру.

Дамытушылық: оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру,сөйлеу мәдениетін дамыту,проблемалық тапсырмаларды шешу арқылы оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру.

Тәрбиелік: оқушының Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев портреттері арқылы, оқушының жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру. Олардың өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі:СТО,АКТ ой толғау.

Сабақтың көрнекілігі: Карта, интерактивті тақта, слайт, комьпютер, постер, стикерлер т.б.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастру кезеңі:

1.Оқушыларды сабаққа дайындау, өтілу барысын түсіндіру

2.Оқушыларды топқа бөлу.

ІІ.Ұй тапсырмасын сұрау: &34 Қазақ хандығының құрылуының алғышарттары.

Ой қозғау. Әр топ 5 сұрақтан дайындап келесі топқа береді, әр бір оқушы бір сұраққа ғана жауап берді. Әр топта өз көшбасшысы болады, сұрақтарға кім жауап беретінін айтып отырады.

1-топ.


  1. Қазақстанда Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында саяси жағдай қандай дәрежеде болды?

  2. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылуы қарсаңында этникалық жағдайы қандай болды?

  3. XIV-XV ғасырларда қазақ тайпалары қандай географиялық аймақтарда көшіп-қонып жүрді?

  4. Қоңырат тайпасы қай жерлерді мекендеді?

  5. Үйсін тайсының мекендеген жері?

2-топ.

  1. Қазақ тайпаларының малшы және егінші бұқаралары көршілес отырған хандықтардан қандай қысымшылық көрді?

  2. Арғын тайсының мекендеген жері?

  3. Қазақ хандығының құрылуына экономикалық дамуы қалай әсер етті?

  4. Қазақ хандығы қай жерде, қашан құрылды?

  5. Керейлер тайпасы қай жерлерді мекендеді?

3-топ.

  1. Қазақ тайпалары, оларды басқарып отырған билеушілер неліктен қазақтың дербес хандығын құруға ұмтылыс жасады?

  2. Дулат тайпасы қай жерлерді мекендеді?

  3. Тайпа көсемдері мен ру ақсақалдары және еңбекші бұқара халық не себептен Керей мен Жәнібек сұлтандарды паналап, олардың төңірегіне топтаса бастады?

  4. Наймандар тайсының мекендеген жері?

  5. Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр хандығынан бөлініп шығып, дербес Қазақ хандығын құруына қажетті тарихи алғышарттар пісіліп-жетіліп пе еді?

Мұғалім кесте арқылы үй жұмысын қорытындылау
Қазақ халқының қалыптасуы


Әдет-ғұрып, салт-саналары, дәни наным-сенімдері, этникалық құрамы ұқсас болды.

Әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы ыңғайлас келді.



Қазақ халқының қалыптасыуы ХҮ-ХҮІ ғасырлар



Қазақстандағы этносаяси қауымдастық Жәнібек пен Керей сұлтандар төңірегіне шоғырланды.



Қазақ хандығының құрылуына, қазақ халқының этникалық құрамының күшеюіне мүмкіндік туғызды.

ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:



      1. Керей мен Жәнібектің Қазақ хандығының құру жолындағы күресі.

      2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы және халқы.

      3. Көрші елдермен қарым-қатынасы.

«ККК» әдісі бойынша 3 тақырыпты 3-топқа бөліп беремін. Оқушылар дайындығына 7 мин беремін. Әр топ өз тақырыптарын түсіндіріп береді

Слайд көрсетіледі: 5 мин оқушылардың ойларын сергіту үшін.

Сабақты кесте арқылы пысықтау:

Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары




Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті

Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 14651466 жылдары Қазақ хандығын құрды.





Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар толастамады




Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды

Картамен жұмыс: Картадан Қазақ хандығы құылған жерді көрсету, сол кездегі аумағы мен қазіргі аумағын салыстыру.

Сабақты бекіту: Зымыран сұрақтар.


  1. Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?

  2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

  3. Қазақ хандығы қашан құрылды?

  4. Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?

  5. Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?

  6. Тарихшы Мұқаммед Хайдари Дулати Керей мен Жәнібек туралы қай еңбегінде жазған?

  7. Қозбасдағы таудың «Хан тауы», «Хан ордасы» деп аталуының себебі неліктен?

  8. Керей мен Жәнібек хандардың туыстық жақындығы қандай?

  9. Бірінші болып хан тағына кім отырды, себебін түсіндір?

  10. Қазақ тайпалары Әбілқайыр ханға неліктен наразы болды?

  11. Моғолстан ханы Есен-бұға неліктен қазақ сұлтандары Керей мен Жәнібекті құшақ жая қарсы алды.

  12. Быйыл Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?

Слайд. Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақ хандығына-550 жыл».

Постермен жұмыс:

Бағалау: Әр топтың көшбасшысының өз тобындағы оқушыларды бағалауы пайыздық көрсеткіш арқылы бағаланады.

8% - «5» баға

6% - «4» баға

4% - «3» баға

2% - «2» баға

1-топқа 40% «5» 1оқушы, «4» 4оқушы, «3» 2оқушы. Топта 7-оқушы.

2-топқа 35% «5» 1оқушы, «4» 4оқушы, «3» 1оқушы. Топта 6-оқушы.

3-топқа 45% «5» 2оқушы, «4» 4оқушы, «3» 1оқушы. Топта 7-оқушы.

Сыныптағы барлық оқушы бағаланады.

Оқушының ойы: тақтаға бірін көңілді, екіншісін көңілсіз смайлик суретін іліп, стикер арқылы оқушының сабақты меңгергенін білемін.



Үйге тапсырма: &35 «Қазақ хандығына-550 жыл» тақырыбында эссе жазып келу.
Каталог: sites -> default -> files -> sabaktar
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Сүт қалай ұйықтады? Сабақтың мақсаты
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: М. О. Әуезов "Абай жолы" романы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Ш. Құдайбердіұлы «Бостандық таңы атты»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: «Діннің қоғамдағы ролі»
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері Сабақ тақырыбы
sabaktar -> Жайна ахмет асқарқызы М. Маметова атындағы жалпы орта мектебінің тәлімгері. Созақ ауданы Бабата ауылы Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»
sabaktar -> Сабақтың эпиграфы
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: Өзіңсің поэзия Пайғамбары
sabaktar -> Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғ. Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Ш. Уәлиханов


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет