Сабақтың тақырыбы: Цитологияға кіріспе



бет4/9
Дата03.02.2023
өлшемі1,07 Mb.
#167284
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Цито
Тыныс сро, Антибиотиктер, 1.Еңбек жағдайл-WPS Office, 1212, 3-апта СӨЖ Беккали, көші қон, патан тест рк база, Документ Merey, философия, 1. Қазақстан Ре-WPS Office, 8апта социология, серозды туберкулез Шакен Э 13-2, Бақылау сұрақтары мен есептер, Фарма, Микро бөж 3сабақ Шакен Э
Электронды микроскоп. Электронды микроскоптарда жарықтың орнына электрон сəулелері қолданылады, осыған байланысты қолданылатын қуаттың күші 50—100 кВ-қа дейін барады, ал толқын ұзындығы 0,056—0,035 А°-ге (Ангстрем) жетеді. Толқын ұзындығы неғұрлым қысқа болса, микроскоптың көрсеткіштік қабілеттілігі соғұрлым артады. Осыған байланысты электронды микроскоптардың көрсеткіштік қабілеттілігі 1-7А°-ға, ал үлкейткіштік қабілеттілігі 600 000-ға дейін жетеді.
  • Электронды микроскопты пайдаланып қалыңдығы 400—600А° препаратты көруге болады, өйткені қалың препараттан электрондар өте алмайды, олардың өткізгіштік қасиеті нашар. Электронды микроскопқа препарат дайындайтын приборды ультрамикротом деп атайды. Осы прибордың көмегімен жұқа кесінді жасап, оны объекті торына бекітіп, арнайы бояулармен бояп, электронды микроскоппен қарайды. Электрон сəулелері препарат арқылы өткенде объектінің үлкейтілген «көлеңкесі» экранға түседі.
  • Цитохимиялық жəне гистохимиялық əдістер жасушаның, ұлпаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін, сапасын тексеруге мүмкіндік береді. Бұл əдіс химиялық реакциялар арқылы жасушалар мен ұлпалардың құрамындағы қосылыстарды тексереді. Қазіргі кездерде қолданылып жүрген тəсілдер арқылы жасушаның құрамындағы белоктарды, нуклеин қышқылдарын (ДНҚ, РМҚ), ферменттерді анықтауға болады. Мұндай заттарды анықтау үшін химиялық қосындылар мен клеткалардың немесе ұлпаның арасындағы реакцияның нəтижесінде заттардың боялып көрінуін қамтамасыз ету керек.
  • Мысалы, жасушаның құрамындағы РНҚ-ны анықтау үшін — галлоцианин бояуы қолданылады, ал оның жасушада барын білу үшін рибонуклеазамен РНҚ-ны ажыратады (немесе жояды). Сəуле спектрін өзіне сіңіру арқылы жасушаның құрамындағы химиялық заттардың мөлшерін есептеуге негізделген приборды цитоспектрофотометр деп атайды. Бұл əдіс абсорбция заңына бағынады.
  • Авторадиография. Бұл əдіс жасушадағы зат алмасу процесін зерттеуде қолданылады. Ол үшін фосфор — (Р32), көміртегі - (С14), сутегі радиоактивті элементтер немесе олардың қосындылары пайдаланады.
  • Жасушаларды толық жəне жан-жақты зерттеуде басқа да əдістер қолданылады: ұлпалар мен жасушаларды өсіру, микрохирургия т.б.
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет