Сабақтың тақырыбы: Дамыта оқыту мақаттары, міндеттері. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру



бет1/3
Дата06.01.2022
өлшемі23,37 Kb.
#110183
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
305 1 жпт 07.04


«07» сәуір 2021ж.

Курсы, тобы: ШМ-305/1

Пән атауы: Жаңа педагогикалық технологиялар

Сабақтың тақырыбы: Дамыта оқыту мақаттары, міндеттері. Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерін салыстыру

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру



Оқытушы: Курмантаева А.Т.

Дамыта оқыту мақсаттары төмендегідей: - оқушы субъекті, яғни ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тəрбиелей алады; - баланың қабілетін, дарынын дамытуға ықпал жасайды (іскерлігі, машығын дамыту емес); Білім дайын күйінде ұсынылмайды, бала – тыңдаушы, мұғалім – ақпарат беруші емес керісінше, бала – зерттеуші, ізденуші, жаңалық жаратушы. Олардың дағды, іскерлігі белгілі бір мəселе, жағдаятты шешу арқылы қалыптасады. Демек, мұғалім – оқушы іс-əрекетін ұйымдастырушы, бағыт беруші ғана. Дамыта оқытудағыбастыіс-əрекет – диалог, пікірлесу, пікірталас. Дамыта оқытудағы мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші балалардың іс-əрекеті, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы. Білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеруде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде əркім оның дұрыстығын өзінше дəлелдей білуге үйретіледі. Əр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Əрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, əр бала жасаған еңбегінің нəтижесін бөлісіп, дəлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тəжірибесін қорытындылауға үйренеді. Осындай негізде құрылған іс-əрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: Қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (əрекет, операциялар), нəтижесін шығару. Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар (В. А. Карковский, Е. А. Ямбург, А. Н. Тубельский, т.б. мектептері). Сонымен жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бəріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей: - оқушылардың базалық білім, ептілік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру; - оқыту үдерісінде оқушының теориялық жəне өнімділік ой құрастыру əрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру; - оқушылардың танымдық қызығушылығын, оқуға деген мотивациясын дамыту; - оқу материалын игеруде жəне оқу іс-əрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру; - белгілі бір мəселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру; - көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану; - оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру; - оқу үдерісінде компьютерлік технологияларды қолдану; - оқыту барысында əр түрлі шапшаңдықпен жəне əр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігін ашу; - дамытушы оқытуға арналған ойындарды қолдану; - жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру (коммуникациялық жаттығулар, зейін, ес, ойлау жəне т.б. жаттығулар). Осы міндеттерге жүгіне отырып, дəстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жəрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар: - мектепте жəне əрбір сыныпта, оқу тобында мұғалімдер мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру; - оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы əрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде жүзеге асырылуы; - оқыту үдерісінде репродуктивтік жəне шығармашылық іс-əрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдаймен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы; - оқыту деңгейінің анықталған бір ізділікті-біртіндеушіліктің болуы; - оқу материалы бөлек-бөлек пəндерге бөлінуі жəне соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы; - оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген əр түрлі əдіс-тəсілдерінең кең қолданылуы; - оқушылар əжептəуір уақыт аралығында, мысалы, белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз санды топтар қалыптасып уақытша қызметтесуінің мүмкіндігі жəне жұппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі; - балалардың эмоционалды-сезімділік жəне абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі; - үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бəріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үдерісінде əрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығушылықтарының ескерілуі; - оқу жоспарларында міндеттелген жəне таңдап оқитын пəндердің үйлесімді қосылуы; - оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып жəне білім алу нəтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау; - оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау əрекеттерінің ұйымдастырылуы. Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу əдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т.б. Балама мектеп идеяларын дəстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дəлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруінде жатыр, яғни ол таза əлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуында. Осының барлығын іске асыру үшін кəсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, жаңалықтан жаны шошымайтын, танымгер, өз ісіне құштар, яғни деонтологиялық əлеуеті жете дамыған мұғалім қажет. Бала ұрпақты баулу, тəрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уəзипа – деп, ақылшы ақын М. Əлімбаев айтқандай, əрбір ересек адамның сана-сезімінде салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт деп ойлаймыз. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой əрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-əрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет