Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы



бет1/2
Дата09.08.2017
өлшемі149,68 Kb.
#23038
түріСабақ
  1   2
Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық №2 орта мектебі

физика пәнінің мұғалімі Сақтағанова Гүлнар Құрманғалиқызы

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Дене импульсі, күш импульсі, импульстің сақталу заңы туралы түсінік алуға жағдай жасау. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне –бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық мақсаты: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау, жүйелеу, сұрақ-жауап, есептер шығару, кестемен жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар , анықтамалық кітапша.

Сабақтың өтілу моделі: 1. Тақырыбы

2. Мақсаты

3. Үй тапсырмасы «Білгір физик»

4. Жаңа материал «Сен білесің бе?»

5. Жаңа материалды бекіту “Жүйрік болсаң жетіп көр”36 жаттығу

6. Қорытындылау “Ой толғаныс”

7. Бағалау

Жоспар : "Білгір физик"

«Сен білесің бе?»

“Жүйрік болсаң жетіп көр”36 жаттығу

“Ой толғаныс”


  1. "Білгір физик"

  1. Ньютонның І заңын тұжырымда

  2. Ньютоннның ІІ заңын тұжырымда

  3. Ньютонның ІІІ заңын тұжырымда

  4. Күш дегеніміз не? Олардың түрлері қандай?

  5. Бүкіл әлемдік тартылыс заңын тұжырымда. Формуласын жаз.

  6. Гравитациялық тұрақтының сан мәні, өлшем бірлігі

  7. Жер бетінен h биіктіктегі еркін түсу үдеуінің формуласы

  8. І ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Формуласы

  9. ІІ ғарыштық жылдамдық дегеніміз не? Сан мәні?

  10.  Дененің салмағы дегеніміз не?

  11. Егер дене үдемелі жоғары қозғалса дененің салмағы қалай өзгереді?

  12. Дене үдемелі төмен қозғалғандағы салмақтың формуласы?

  13. Ньютон Исаак (1643 – 1727)Ньютон зерттеулерi механикаға, оптикаға, астрономияға, математикаға арналған. (жалғастыр) 

Сабақтың тақырыбы:
Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.

Грек. Impulsus- “соққы” немесе қозғалыс мөлшері


Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шаманы дене импульсі деп аталады. Дене импульсі: өлшем бірлігі кг·м/с

Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі күш импульсі деп аталады.


Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет