Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзіндегі ықпалдастық үрдістер. Халықаралықұйымдардың қызметі және бүгінгі Қазақстан



бет1/3
Дата08.07.2017
өлшемі345,01 Kb.
#20910
  1   2   3
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзіндегі ықпалдастық үрдістер.

Халықаралықұйымдардың қызметі және бүгінгі Қазақстан

Білімдік мақсаты: Дүниежүзіндегі ықпалдастық үрдістер, Халықаралық ұйымдардың қызметі және бүгінгі Қазақстанның дүниежүзілік аренадағы мәртебесі жөнінде мағлұмат беру.

Дамытушылық мақсаты: Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының стандарт талаптарына сай тарихымызды таныта отырып, студент дүниетанымы шеңберін кеңейту, жеке студенттердің зерттеушілік қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді отансүйгіштік сезімге, өз халқының әдет-ғұрпы мен мақсат-мүддесіне сызат түсірмей қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Біріккен сабақ

Әдісі: Сұрақ-жауап, білімді ғылыммен ұштастыру, шығармашылыққа баулу.

Көрнекілігі: «Қазақстан Республикасының Конституциясы», 1998 ж. Н.Ә. Назарбаев. «Ғасырлар тоғысында», Алматы. «Өнер», 1995 ж., Қазақстан Республикасының Конституциясына арналған таблицалар, слайд, суреттер, видеофильм, карточкалар, кестелер.


САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:


  1. Ұйымдастыру кезеңі. Студенттердің назарын үй тапсырмасын тексеруге аудару.

  2. Үй тапсырмасын қайталау: § 26 Араб елдері тақырыбы, 192-200 беттер,

ACTIVboard қолдану арқылы интерактивті тақтамен тест жұмысын орындау.

  1. Араб әлеміндегі ең алғашқы республикалар

  2. А) Сирия, Ливан

  3. B) Оман, Кувейт

  4. C) Катар, Әмірліктер

  5. D) Сауд Арабиясы, Палестина

  6. E) Египет, Бахрейн

  7. Бағдат пактін құрған жыл?

  8. А) 1946 ж

  9. B) 1956 ж

  10. C) 1955 ж

  11. D) 1951 ж

  12. E) 1948 ж

  13. Соғыстан кейін Иордания қандай елге айналды?

  14. А) Мұсылман елге

  15. B) Республикаға

  16. C) Әмірлікке

  17. D) Тәуелсіз мәліктікке

  18. E) Араб мағрибіне

  19. Мына елдердің қайсысында монархия тәртібі орнаған?

  20. А) Тунис

  21. B) Марокко

  22. C) Алжир

  23. D) Египет

  24. E) Эфиопия

  25. Республикалық тәртіп орнаған елдерді көрсет

  26. А) Тунис, Марокко

  27. B) Марокко, Алжир

  28. C) Тунис, Судан, Алжир

  29. D) Египет, Иордания

  30. E) Ирак, Израиль

  31. Тәуелсіздік алғаннан кейін қайсы ел социалистік бағыт ұстанды?

  32. А) Алжир

  33. B) Марокко

  34. C) Ливия

  35. D) Тунис

  36. E) Нигерия

  37. 1989 жылы Араб Мағрибінің Одағы қайсы елдің бастамасымен құрылды?

  38. А) Ливия

  39. B) Судан

  40. C) Тунис

  41. D) Марокко

  42. E) Египет

  43. Алжир араб елінің президентін ата

  44. А) И.Хасан

  45. B) З.А.Бин Али

  46. C) А.Бутефлика

  47. D) Г.А.Насыр

  48. E) К.Каунда

  49. Араб елдері мен Израиль арасындағы соғыстарды реттеу жолдары неге нәтиже бермей отыр?

  50. А) Ливия үкіметі лаңкестік ұйымдарды жақтауда

  51. B) Шетелдік империалистер мұны қолдауда

  52. C) АҚШ пен Израиль араласып мәселе шиеленісті

  53. D) Автономияға айналдыру көзделуде

  54. E) айтылған жауаптың бәрі дұрыс

  55. 1972 ж. «Өзара достық пен ынтымақтастық туралы» шартқа қай елдер отырды?

  56. А) Израиль мен Франция

  57. B) КСРО мен Ирак

  58. C) Газа Секторы мен Палестина

  59. D) Ирак пен Египет

  60. E) КСРО мен Египет



  1. Жаңа сабаққа кірісу

  1. ЖОСПАР:



  1. БҰҰ-ның қызметі, НАТО ықпалының өсуі

  2. Дүниежүзіндегі аймақтық- экономикалық ықпалдастықтар

  3. Европалық Одақ беделінің өсуі, Шанхай бестігі және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы

  4. Дүниежүзілік банк тобы, Қызыл Крестің қызметі

  5. Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалар

  6. Көппартиялық жүйе

  7. Қазақстанның мәдениеті, ғылымы, өнері мен әдебиетіндегі жаңа құбылыстар

  8. Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі

  9. Шетелмен дипломатиялық қарым-қатынастар

  10. Қазақстанның қазіргі кезеңдегі дамуы



  1. Кіріспе. Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда тәуелсіздік алғаннан кейін айқын сыртқы саясат жүргізе бастады. Тек осы кезден бастап қана Қазақстан әлемдік аренаға халықаралық құқықтың толыққанды субъектісі ретінде шықты. 1991 жылдың соңына дейінгі екі апта ішінде Қазақстан тәуелсіздігін 18 мемлекет танып үлгерді, олардың ішінде Түркия, АҚШ, Қытай, Германия, пәкістан бар. Бұрынғы одақтық республикалар бір- бірінің дербестігін мойындады. Қазақстан отарлық езгіден құтылып,әлемдік қауымдастықтың тең құқықты мүшесі болды.

  2. Қазақстан тәуелсіздігін әлемнің басқа елдерінің тануы өте тез өтті. 1992 ж. наурызда қазақстан ең ірі және беделді халықаралық ұйым- Біріккен Ұлттар Ұйымының толық құқықты мүшесі болды. Сондай-ақ, Қазақстан Дүниежүзілік банктің, Европа қайта құру және даму банкінің, Халықаралық валюта қорының, ЮНЕСКО-ның мүшесі болды.

  3. Әлемдік қауымдастықпен бірігуге қарай жасалған үлкен қадам Финляндия астанасы Хельсинкиде жасалды, мұнда Қазақстан КСРО мен СФРЮ (Югославия) ыдырағаннан кейін пайда болған басқа да елдермен бірге, Европадағы қауіпсіздік пен ынмымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) қорытынды актісіне қосылды.

  4. Біз осыған дейінгі сабақтарда халықаралық ұйымдардың түрлерімен танысып, олардың қызметі қандай екендігімен кездесіп жатырмыз. Қандай халықаралық ұйымдарды білесіңдер?

  5. Оқушылармен тақырыпты пысықтау үшін оқулықпен жұмыстар ұйымдастырылады да, тапсырмалар бөлініп беріледі:

    1. жұмыс. Халықаралық ұйымдардың ықпалы

  1. Халықаралық ұйымдар тәуелсіз мемлекеттерге, олар елді басқару жүйесін өзгерту үшін қысым көрсете алады. Бұған мысал ретінде БҰҰ-ға енетін мемлекеттердің Оңтүстік Африка Республикасы ьарлық азаматтарына дауыс беруге рұқсат етпейінше (1993 жылға дейін қара нәсілді халық сайлауда дауыс бере алмады), сауда- саттық қарым- қатынас жасаудан бас тартқан кезін айтуға болады.

  1. Серігіңізбен жұптасып, мемлекеттердің саясатын өзгертуге ықпал еткен халықаралық ұйымдардан екі мысал жаз.



  1. Жұбыңызбен бірге, халықаралық ұйымдар қай кезде бір мемлекеттегі биліктің саясатын өзгертуге мәжбүрлей алатынын жеке көзқарас тұрғысынан сипаттап беріңіз.

  1. Бұл тапсырманың мақсаты: студенттерге халықаралық ұйымдардың іс-әрекеті қандай шарт бойынша жүзеге асатынын және әсер ету түрі туралы ойлануға түрткі болу. Біз мемлекет өз азаматтарының құқығын қалай ойласа, солай аяққа басуға ерікті бола бермейтінін көрсетуге тырысамыз.



  2. Каталог: 2016
    2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
    2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
    2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
    2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
    2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
    2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
    2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
    2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
    2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет