Сабақтың тақырыбы: Әбіш Кекілбаев. «Үркер», «Елең-алаң»



бет2/3
Дата13.06.2020
өлшемі63,44 Kb.
#73376
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
f87ebc97-010e-4002-afbe-e723c9cce237
63a86c00-89a4-49c5-9ee4-3ebe255e32d0, 63a86c00-89a4-49c5-9ee4-3ebe255e32d0
«Аңыздың ақыры» туындысының бас тұлғасы – Алмас ханның астарлы ой ағымы (өткенді еске түсіру, өзімен-өзі екіұдай болып айтысуы) тірі жанғы сыр шашпайтын айлакердің сұрқия бейнесі сомдалып, бірте-бірте ашылады, алуан қырынан көрінеді. Ұзаққа созылған жорықтан оралған Алмас хан ту тіккен ордасы Байтақ қалаға келгендегі өз өмірінің өткен бір тұсын есек алатын сәтін көзге елестетіңіз. Бір қолында-сәби, бір қолында-жалаң қылыш...

Хан тағына қолы жеткен, мың сан елді аяқ асты етіп жентектеген айбарлы әміршіні көресіз. Өжеттігі мен көзсіз батырлығы еріксіз бір тәнті етсе, сұңғыла патшаның қол астындағы хандар мен би-бектердің, алыс-жақынның құрдымдағы ойын алдын ала болжап біліп, ініне су құйып жіберген құрт жеген шірік алма, көзді арбаған мұнара, Кіші ханшаның ұйқыдағы бір сәті-үшеуін қисынды өріп, өрістетіп алып кетеді.

Айбатынан ай жасырынған Алмас хан ұзақ жорықтан оралған беті Кіші ханшамен жолығуға асығуда. Ал Кіші ханша әміршінің жеңіс жолының сәтті аяқталар қуанышына арнап, аспанмен тірескен көк мұнара тұрғызған еді. Жаппар есімді жас ісмерге тілегін орындатқан ханша сүйкімді жігітті жығыла сүйгенімен, өз ұжданына зорлық ете алмаған. Түн ішінде Кіші ханша бөлмесіне кірген әмірші әйелінің ұйқыдағы қалпын қызғанып, қызыл алма ішіндегі құрт қозғалғандай кеудесі өртеніп сала берген.

Алмас хан – шексіз билік иесі, бірақ қолы жеткен аспандағы жұлдызы – арман-мақсаты соншалықты бақытсыздыққа душар етті. Себебі, биліктің иесі емес, оның құлына айналған.



Әбіш Кекілбаевтың прозасы, жалпы алғанда, өмір құбылыстарына байсалды ой-парасат көзімен қарауға шақырып, өткен мен бүгіннің ажырамас, диалектикалық бірлігін тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл проза қазақ тілінің ауызша, жазбаша озық өнегелеріне арқа сүйейді, содан да ол философиялық интеллектуальдық мағыналарға бай болып келеді.
Әбіш Кекілбаев «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған, 1986 жылы «Үркер», «Елең-алаң» романдары үшін ҚССР-нің Мемлекеттік
Абай атындағы сыйлығының лауреаты атанды. 1995 жылы Әбіш Кекілбаевқа Қазақстан халқының тарихына, рухани мұрасына құрмет сезімін қалыптастыратын терең әдеби және публицистикалық шығармалары үшін «Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық» сыйлығы берілген. Әбіш Кекілбаев – «Қазақстанның халық жазушысы», мемлекет және қоғам қайраткері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет