Сабақтың тақырыбы Еліміздегі табиғат ғажайыптары



Дата29.01.2017
өлшемі21,09 Kb.
#8169
түріСабақ
6-сынып

Сабақтың тақырыбы Еліміздегі табиғат ғажайыптары

Мақсаты: табиғатты туралы ой,ынта туғызу,туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру.

Міндеттері: 1.Табиғат туралы сөз қозғау. 2.Табиғатты, жерді қалай қорғау туралы айту. Түрі: Әдісі:түсіндіру, жазғызу, тақтаға шығару.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, суреттер, сызбалар, сөзжұмбақ, слайдтар.
Сабақтың барысы: 


І. Ұйымдастыру сәті Оқушылармен сәлемдесу, дұрыс отырғызып, сабаққа назарларын аудару. Сабақтың тақырыбымен,мақсатымен таныстыру. 

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Теледидардың пайдасы мен зияны- әңгімелеу

ІІІ.Жаңа тақырып Жаңа сабақ: «Табиғаттың ғажайыптары». «Тәрбие бесіктен басталады» дегендей,болашақ ұрпақты экологиялық сауатты етіп,тәрбиелеуді отбасы,ошақ қасынан бастағанымыз дұрыс. Табиғаттың жасыл желегі мен аң-құсын аялау-көзі ашық, көкірегі ояу әрбір азаматтың борышы. Бүгінгі сабағымызда табиғат туралы білімдерімізді ортаға саламыз. 

  1. Сызбатірекпен жұмыс

ТАБИҒАТ

2.Презентация көрсету «ҚР табиғат ғажайыптары»

3.Мәтінмен жұмыс (оқу, аудару, сұрақ-жауап, жоспар құрастыру)

Табиғат -менің өз үйім, табиғат пен адам бір - бірінсіз өмір сүре алмайды. Табиғаттағы барлық өзгерістер адам үшін үлкен жаңалық. Адам табиғат құпияларын әлі зерттеп болған жоқ. Табиғат -тылсым дүние. Бір сәт көз алдарыңа елестетіп көріңдерші, биіктеп ұшып барасың, алысқа көтеріліп биіктеп барып, бос кеңістікке келдің, қандай күйде болар едің? Ештеңе жоқ, тек қана бос кеңестікте қалықтап ұшып жүресіз. Сен мұндай жерде тұрғың келер ме еді? Әрине, тұрмас едің. Жер планетасынан асқан сұлу табиғат жоқ. Табиғатта керек емес нәрсе болмайды, барлығы да бір - біріне қажет, әрі керек нәрсе. Сондықтан адам табиғатсыз, табиғат адамзатсыз күн көре алмайды. Осы табиғатты қорғау керек дейміз, қалай қорғауға болады?

 4.Сөзжұмбақ шешу. Адасқан әріптерді орнына қою арқылы құс атауларын табу


ӨРШНІЕКГ- көгершін
ҚТЫОДЛҚА-тоқылдақ
ЙАТОРҒ-торғай
УТАЫҚРКЕҮК-күркетауық
УҚАҚ-аққу


5. Жазбаша жұмысы

Қоршаған ортаны қорғау - әрбір Қазақстан Республикасы азаматының борышы.

Көктемде саябақты тазалауға шығамыз.

Адам үшін табиғат - ең қасиетті де қастерлі ұғым.

6.Ойын: балалармен есте сақтау қабілеттерін анықтау мақсатымен ойын өткізу. 
Оқушыларға 32 сөз оқылады, сол сөздерді қағазға жазады. Қай топ көп сөзді жазып үлгереді, сол топ жеңеді.
« Аю, терек, раушан, қарға, түлкі, шағала, кесе, қасқыр, қасық, роза, қарағай, табиғат, емен, орман, маймыл, қайың, үйрек, ағаш, қаз, шырша, жолбарыс, орман, арыстан, қарлығаш, қоян, аққу, бүркіт, күркетауық, тауық, таза, керік, экология».


ІҮ.Үйге тапсырма беру Табиғат туралы мақал-мәтелдер жаттау

Ү. Бағалау,қорытындылау
Каталог: uploads -> doc -> 0fc8
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fc8 -> Тәрбие сағаты 30. 11. 2015 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Президенті күні Мереке құтты болсын!!!!!!! Тақырыбы: «Елбасы – елдің тірегі, Елім деп соққан жүрегі»
0fc8 -> Қосымша білім беру ұйымдарында әлеуметтік педагогикалық қолдау көрсету
0fc8 -> Сабақ жоспары Cынып: 8 Пәні: химия Сабақтың тақырыбы: Электролиттік диссоциация


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет