Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнек Сабақтың мақсаты: 1 Оқушыларға әріпті өрнек туралы түсінік



бет1/2
Дата13.02.2017
өлшемі2,88 Mb.
түріСабақ
  1   2
Батырбекова Аймжан

№9 Д.Нұрпейісова атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Сайрам ауданы. ОҚО
Сабақтың тақырыбы: Әріпті өрнек

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушыларға әріпті өрнек туралы түсінік

беру, өрнектің мәнін табу жолымен танысу.

2) Оқушылардың оқу – танымдық және ойын іс – әрекетін қалыптастыру арқылы пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін, ой өрістерін дамыту.

3) Адамгершілікке, ұйымшылдыққа,

шапшаңдыққа, экологиялық тәрбиеге сауатты

жазуға, қамқорлыққа, шығармашылыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Суреттер, кеспелер, схемалар, семантикалық

парақшалар, ребус, сөзжұмбақтар.

Сабақтағы пайдаланылған

техникалық құрал: Интерактивті тақта.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, тест алу әдісі.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу өнері, қазақ тілі.


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгелдеп, сабаққа әзірлеу.

Психологиялық дайындық.

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басымызды иіп біз.
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр екен. Енді сабақты бастамас бұрын біздің елімізде де көптеген елдерден қонақтар тарихы жаңалық болып жатыр. Сол туралы не білесіңдер?


Қазақстан қауіпсіздік ұйымына төрағалық ететінін туралы айтылады.

Балалар, ал енді сабағымызды жаңашыл – педагог Шерхан Әленовтың тәлім сәтінен бастайық.




Мұғалім:

  • Әрбір адам?

  • Әрбір сабақ?

  • Әрбір ісің?

  • Әрбір сөзің?

Оқушы:

  • Туыс, дос, жұрағат

  • Үйрену, ұғу, ұлағат

  • Тірлік, тірек, адамдық

  • Шындық, бірлік, адалдық

Олай болса, әрбір ісмізге мұқият болайық!


Үй тапсырмасын пысықтау, қорыту.

Сөзжұмбақтар






  1. Бір, екі, үш, ... не?

  2. Шеше

  3. Тоғыздан үлкен сан?

  4. Мектебіміз кімнің атымен аталады?

  5. Жыл мезгілі

  6. Өрмек тоқитын жәндік?

  7. Тақта қаламы

  8. Қасиетті тағам

  9. Шарты бар тапсырма

  10. Қазір қай мезгіл?




  • Балалар қазір қай мезгіл? (Күз)

  • Күз туралы не білеміз? (Абай, Күз)

  • Алда қандай мерекелер бар? (16- желтоқсан, Алтын күз мерекесі, Валюта мерекесі)




  • Біз күз туралы не білеміз?

  • Қандай мерекелер бар? Алтын күз

  • Қандай шығармалар өттік? (Күз. Абай)

Жаңа сабақ. Ребус шешу. Әріпті өрнек