Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»



Дата21.06.2017
өлшемі141,5 Kb.
#19444
түріСабақ
Лебяжі жалпы орта білім беретін мектеп

1 «Ә» қазақ сынып

Ашық сабақ

Тақырыбы: Гг дыбысы мен әрпі.



Дайындаған: Ахметова К.С.

2016-2017 жыл

Сабақтың тақырыбы: «Г дыбысы мен әрпі»


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушыларға Г дыбысы мен әрпін таныту, сөздегі орны туралы түсінік беру. Ол берілген сөздерді оқу және жазуға үйрету.
2. Дамытушылық: Балалардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын, сөздік қорларын, жұмбақ шешу, сөз ойлау арқылы тіл байлықтарын дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа баулу, таза, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер кеспе әріп.

Сабақтың барысы:


I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу
2. Психологиялық дайындық.
Сыныбымыз тап - таза
Борда дайын тақтада
Денемізді жинақтап
Отырайық партаға

ІІ. Өткен сабақты қайталау


Мұғалім: - балалар біз сауат ашудан нені үйрендік?
Оқушылар: - оқуды жазуды.
Мұғалім: - дыбыс дегеніміз не?
Оқушы: дыбысты естиміз, бірақ көрмейміз.
Мұғалім: - әріп дегеніміз не?
Оқушы: әріпті жазамыз, көреміз, оқимыз.
Мұғалім: - дыбыстар нешеге бөлінеді?
Оқушы: дыбыстар екіге бөлінеді, дауысты және дауыссыз дыбыс.
Мұғалім: - әріптерден не құралады?
Оқушы: - сөз.
Мұғалім: - сөзден не құралады?
Оқушы: - Сөйлем.
Мұғалім: - сөйлем қандай әріппен жазылады?
Оқушы: - бас әріппен.
Мұғалім: - сөйлемдерден не құралады.
Оқушы: - мәтін. Өте жақсы.
Мұғалім: -Оқушылар топ ережесін еске түсірейік: Топпен жұмыс, жұппен жұмыс,бір-бірін тыңдау,уақыт үнемдеу,тыныш отыру.

Мұғалім: -Енді барлығымыз тақтаға назар аударайық, не көріп тұрмыз? Үш тілде айтып көрейік.

Оқушы:Шырша - ёлка- Christmas tree.

Мұғалім: - Шыршаны қай мерекеде безендіреміз?

Оқушы: - Жаңа жылда
Мұғалім: - Қандай жыл келе жатыр?
Оқушы: - Тауық
Мұғалім: - Тауық ол қандай құс?
Оқушы: - үй құсы
Мұғалім: - Алдарында жатқан карточкалар арқылы өткен әріптерді еске түсіріп,шыршамызды безендіреміз.
Оқушы: - А әрпі дауысты,ашық. Сөз-Алма.сөйлем- Мен алманы жуып,жедім.

Мұғалім: - өткен сабағымызда қандай дыбыспен таныстық? Оқушы: Ғ дыбысы. Мұғалім: Ғ дыбысы қандай дыбыс?

Оқушы: дауыссыз,ұяң. Ғарышкер,сағат суреттерін іліп,сөздерді буынға бөлу.
Мұғалім: - Жаңа жылдан кейін қандай мереке? 8 Наурыз

III Жаңа сабақ


Мұғалім: Аналарға сыйлайтын,
Аралар бал жинайтын.
Бұл немене балалар,
Үзуге адам қимайтын.
(Гүл)
Мұғалім: балалар гүл дегенде қандай дыбыс естіліп тұр. Оқушылар Гг дыбысы. Мұғалім олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Гг дыбысы және әрпімен танысамыз.
Мұғалім: Гг дыбысы, дауыссыз дыбыс, ұяң дыбыс, сөздердің басында ортасында кездеседі.Айтқанда гі дейміз, еріндер, тістер ашыңқы, тілдің ұшы төменгі тістердің астында, тілдің арқасы көтеріңкі,дауыс желбезектері дірілдеп тұрады.
Гүлдің суреті. ГҮЛ - гүлді мерекеде, тойда, қуанышта, туған күнде, бір - бірімізге сыйлаймыз.
Оқулық пен жұмыс:
Е -гін – егіс алқабы, бидай егетін алқабы.
Е- геу - үйге қажетті қолданылатын құрал.
Е -гіз - бірге туған екі адам.
Ке- ре- ге - киіз үйдің бөлігі «шаңырақ, уық кереге»
Ше -ге - күнделікті тұрмыста қолданылады, ағашты бір - біріне біріктіру үшін шеге қағады.
Не -ге - сұрақ.

Мұғалім: Н. Баймұхамедовтің «Ақ көгершін» өлеңін мәнерлеп оқу.


Ақ көгершін, көгершін,
Қолғанат құс сен едің.
Бар, кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемін.
Әділеттің құсы деп,
Көз алмастан жолыңнан,
Бақыт құсы болсын деп,
Ұшырамын қолымнан.

Жұппен жұмыс: Берілген суреттерден сөз құрау. Жауабы: Айгүл,Гүлнұр


Осы екі сөзде г әрпі бар ма? Тұрған жерін анықтау.

IV. Сергіту сәті.


Шаршағанда ырғалып
Гүлге ұқсап дем алам
Қолымызды қозғалтып
Гүлдей болып жайқалам.

Дәптермен жұмыс:


Ауада жазу, тақтада көрсету.
Бас әріп, кіші әрпін жазу.

V. Шығармашылық тапсырма.


Гүл, көгершін сөздерін текшені, бояу.
VI. Жаңа сабақты бекіту.
Дидактикалық ойын « Кім шапшаң» ойыны.
Шарты: Гг дыбысы бар сөздерді ойлап тауып буынға бөлу.

VII. Жаңа сабақты қорытындылау.


Мұғалім: қандай дыбыспен таныстық, Гг дыбысы қандай сөздерде кездеседі екен?
Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Каталог: uploads -> doc -> 04b1
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет