Сабақтың тақырыбы: Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер



бет1/4
Дата04.01.2022
өлшемі24,17 Kb.
#109608
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Дәріс


Сабақтың тақырыбы: Газдардың молекулалық кинетикалық теориясының негізгі қағидалары және оның тәжірибелік дәлелдемелері. Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер

Молекула  кинетикалық  теорияның  негіздеріне үлес қосқан ғалымдар:

 

Ашқан ғалым

Уақыты

Қай елдің ғалымы

Еңбегі

Тит Лукреций Кар

І ғасыр

Рим

Заттардың тегі жайлы

Демокрит

V  ғасыр

Грекия

Атомистикалық ілім

Эпикур

V  ғасыр

Грекия

Атомистикалық ілім

Гассенди

XVIII  ғасыр

Франция

Атомистикалық ілім

Ломоносов

XVIII  ғасыр

Россия

МКТ  жасады

 

         Жылулық құбылыс екіге бөлінеді: Термодинамикалық және молекула- кинетикалық.

Термодинамика дегеніміз— заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрлендірудің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі

Молекула-кинетикалық  теория осы жылулық құбылыстарды- қозғалыстарды Ньютон заңдарына  бағынатын молекулалар  мен атомдардан тұрады деген болжам негізінде  қарастырады.

Зат құрылымының молекулалы-кинетикалық құрылымы  теориясын (МКТ)  көптеген бақылаулар мен тәжірибелердің  жалпылама қорытындысы ретінде  М.В.Ломоносов  жасады. Оның негізгі қағидаларын атап өтейік:


  1. Барлық денелер микробөлшектерден (атомдардан немесе молекулалардан) тұрады әрі дененің массасы өзін түзетін микробөлшектердің массаларының қорытындысына тең:  m=m0N

  2. Денедегі микробөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады. Бұл қозғалыстың жылдамдығы дене температурасына тәуелді. Сондықтан жылулық қозғалыс деп атайды.

  3. Денендегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі. Дене бөлшектерінің арасында тебілу және тартылу күштері бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет