Сабақтың тақырыбы: «Информатика айналамызда»



Дата03.02.2022
өлшемі18,36 Kb.
#130550
түріСабақ
Байланысты:
Информатика айналамызда
Баскетбол

Информатика пәнінен сыныптан тыс іс - шара
мұғалімдер мен оқушыларға арналған ойын

Сабақтың тақырыбы: «Информатика айналамызда»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық: ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Тәрбиелік: өз білімдерін дамытуға, бір – бірін құрметтеуге, информатика пәні туралы білімін толықтыру.
Сабақтың типі: Сыныптан тыс жұмыс
Жабдықталуы: Интерактивті тақта, тапсырмалар, викториналық сұрақтар.
Көрнекілігі: Слайд презентация.
Пән аралық байланыс: қазақ тілі, математика,

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру.
Командалар
І топ –
ІІ топ –

Сайыс жоспарын таныстыру.
Жарыс кезеңдері:
1. Кім жүйрік?
2. Жұмбақтарды тап
3. Ойлаңда тап
4. Адасқан әріптер
5. Кім тапқыр?

Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Информатика айналамызда» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Компьютер – сенің көмекшің
Қаламың, әрі қағазың!
Керек емес демессің,
Аздаған болса хабарың.
Үйрену керек бәрін де –
Ақпараттық заманың! – дей келе «Информатика айналамызда» атты ойынымызға қатысушыларды қошеметтейік.
Мәңгі бақи есте қалар,
Қызықты бір жиын болсын
Білімдірек шәкірт озар,
Сұрақтары қиын болсын – дей отырып, ойынымыздың «Кім жүйрік?» деп аталатын
І кезеңін бастайық. Бұл бөлімде ойыншыларға сұрақтар қойылады. Жауап нақты, болу керек. Әр топқа 4 сұрақтан береді, жауап бермесе келесі топқа жауап беруге рұқсат. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

I топ.
1. Әріптер мен сандарды енгізу құрылғысы (Пернетақта)
2. Өшірілген құжаттар қайда сақталады (Қоқыс жәшігі)
3. Бас әріпті жазу үшін қандай пернені басу керек (Shift)
4. Компьютердің алдына қандай өсімдікті қою қажет (Кактус)

II топ.
1. Тінтуірдің (тышқан) неше батырмасы болады? (2)
2. Интернетке қосылуға арналған құрылғы (Модем )
3. Word Pad бағдарламасында келесі жолға өту үшін қай пернені басу керек? ( Ентер)
4. Дыбыс шығару құрылғысы қалай аталады? (Колонка)
Жүргізуші: Топтардың жауап бергендеріне байланысты ұпайларын береміз.

“ Жұмбақтарды тап” атты ІІ кезеңімізді бастайық. Бұл кезеңде жұмбақ беріледі. Жауабын тауып, сөзді орыс, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Бір тілде жауап берсе 1 ұпай, екі тілде жауап берсе 2 ұпай, 3 тілде жауап берсе 3 ұпай қосылады.
1 - топ
1. Биологияда бұл паразит

Көзге зорға көрінер

Информатикада өлшем бірлік

Ақпараттарды өлшер (бит)
2. Жануарға ұқсас атым бар,

Бағдар көрсетер затым бар.

Кілемше үстінде тұрамын,

Ең қажетті құралмын. (тышқан)
3. Экранның бетінде оның тұрағы,

Қашан болсын жыпылықтап тұрады. (курсор)
2 - топ
4. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан - мышка - maus)
5. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта - клавиатура - keyboard)
6. Жақтаулар арқылы шектеледі
Бейнебетте төртбұрыш болып бейнеленеді. (терезе, окно, windows)

Жүргізуші:
Қойылған сұрақ есепке,
Ойланып жауап іздейік.
Уақытты текке өткізбей,
Қатесін анықтап берейік, - дей келе
“ Ойлаңда тап” атты ІІІ кезеңімізді бастайық. Бұл бөлімде екі топқа 'Kahoot’ арқылы тест шешу беріледі дұрыс жауапқа 1 ұпай.

Жүргізуші:
Жарысайық сайыста,
Кімнің ойы мықты екен?!
Кімнің күші аздау боп,
Кім озып алға шықты екен деп,
ІІІ кезең бойынша топтардың ұпайын санаймыз.

Жүргізуші: Ойынымыздың IV кезеңі “Адасқан әріптер” бұл кезеңде информатикаға қатысты сөздер берілген. Осы адасқан әріптер арқылы дұрыс сөз құрастыру, әр топқа 4 сұрақтан. 4 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапқа 5 ұпай.
1. Нимотор ----------- Монитор
2. Пьюромтек ------- Компьютер
3. Енрепатқат -------- Пернетақта
4. Лайф ---------------- Файл
5. Рльоукятакл ------ Калькулятор
6. Атқсуа -------------- Сақтау
7. Аэкторикелн ----- Электроника
8. Дңеөу -------------- Өңдеу

Жүргізуші:
V. «Кім жылдам?» атты бесінші кезеңімізді бастайық. Берілген торкөздердегі әріптерден кім жылдам және информатикаға қатысты атауларын табар екен?

М К А К О М П
О Н К С Т Н Ь
В И Т У Ы А Ю
И Т О Р Ш Қ Т
Р П С К А Р Е
У Е Е Т Н Е Р
С Р Н А Қ Т А

Жауап: бұл жерде 7 информатикаға қатысты сөз жасырылған (МОНИТОР, КОМПЬЮТЕР, ВИРУС, КАКТУС, ПЕРНЕТАҚТА, СКАНЕР, ТЫШҚАН)
Топтардың тапқан сөздеріне байланысты ұпайларын береміз.
Әділқазыларға сөз беріледі. Ойынның қорытындысы айтылады.
Жүргізуші. Бүгінгі көріп тамашалаған «Информатика айналамызда» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет