Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну заңы»



бет1/2
Дата30.04.2020
өлшемі1,44 Mb.
#65207
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
физика (1)


Сабақтың тақырыбы: «Жарықтың сынуы. Жарықтың сыну

заңы».

І-тәжірибе. Екі қабатты линза тәжірибесі.

Әртүрлі мөлдір заттар жарық сәулесін түрліше сындырады. Стакандағы судың бетіне кастор майын (ол жоқ болса басқаша мөлдір май) қалыңдығы 1 см болатындай етіп құямыз. Стаканға жақсылап жарықтандыру керек.

Ине алып оны стаканның дәл ортасынан майға батырамыз. Май қабатынан өткен соң ине суға да 1 см –дей еніп тұруы керек. Егер стаканның бүйірінен қарасақ жуандығы әртүрлі бір бүтін инені көреміз: иненің суға батып тұрған астынғы бөлігі қолымызға ұстап тұрған үстінгі бөлігінен жуандау, ал, майда тұрған ортанғы бөлігі бәрінен жуан болып көрінеді.

Инені аздап оңға – солға стакан шетіне қарай қозғап көреміз, сонда ол күтпеген жерден үш бөлікке «кесіліп» кетеді; иненің жоғарғы бөлігі мен астынғы бөлігі шетке қарай аздап ығысса, ортанғы бөлігі тіптен ығысып кетеді...



Инені жылжытуды жалғастырамыз. Сонда мынаны байқаймыз: ортаңғы бөлік бәрінен де тез ығысады, одан соң астынғы бөлік, ал үстінгі (ауадағы) бөлік ең баяу жылжиды. Ине үшке бөлініп кетті. (Әрине оптикалық тұрғыдан

ғана).

Бүгінгі сабағымызда жарық сәулесінің аса бір қызықты қасиеті жарықтың сынуы мен мен оның қолданылуын қарастырамыз.

Бұл тәжірибелер екі түрлі ортаның шекарасында, яғни су-ауа шекарасында жарық сәулесі түскенде бір бөлігі шағылып, ал бір бөлігі екінші ортаға өтетінін және өткенде бағытын өзгертінін (сынатынын) дәледейді.

Осы құбылыстан қандай тұжырым жасауға болады?

Жауап: Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде, жарықтың таралу бағытының өзгеруін жырқтың сынуы дейміз.

Сынған сәуле мен екі ортаны бөлетін шекараға сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр арасындағы бұрыш () сыну бұрышы деп аталады.

Жарық аудан шыныға өткенде сынған сәуле перпендикулярға жақындайтынын тәжірибеден көрдік. Бұл сыну бұрышы түсу бұрышынан аз екенін көрсетеді. Сонымен қатар тұсу бұрышын сан мәнін (градус)сыну бұрышының сан мәніне бөле отырып олардың тұрақты екеніне назар аударамыз.

Бұдан қандай тұжырым айтуға болады?

Жауап:


  • Түскен сәуле, сынған сәуле және екі ортаны бөлетін бетке сәуле түскен нүктеден тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

  • Түсу бұрышы синусының сыну бұрышы синусына қатынасы екі орта үшін тұрақты шама болып табылады.

, бұл формула мен анықтаманы сыну заңы деп атайды.

Бұл заңды Синелус заңы деп те атайды. Оны ХVІІ ғасырда (1621ж) В Синелус тұжырымдаған. Ал 1630 жылы Р. Декарт оған теориялық негіздеме жасаған. Формуладағы


n – сындыру көрсеткіші деп аталады.

Сындыру көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес және тек ортаның оптикалық тығыздығына тәуелді. Заттың ауамен салыстырғандағы көрсеткіші «абсалют сындыру көрсеткіші» деп аталады.

Жарық сәулесі вакумда 300000 км/с жылдамдықпен тарайды. Жарық 300000 км/с кем жылдамдықпен таралатын орта оптикалық тығыздығы жоғары орта деп аталады.

Жарықтың бір ортадан екінші ортаға өткенде сыну себебі әртүрлі ортада жарық жылдамдығының түрліше болатындығынан. Яғни, оптикалық тығыздығы жоғары ортада жарық жылдамдығы кемиді. Ортаның сындыру көрсеткіші осы жылдамдықтың неше есе кемитінін көрсетеді.

Сонда берілген екі орта үшін (ауа – су, ауа – шыны...) заттың сындыру көрсеткіші



формуласымен де анықталады. С- жарықтың вакумдағы жылдамдығы, v –ортадағы жылдамдығы, Онда екі формуланы біріктіріп былай жазуға болады.

Қазіргі кезде көптеген заттардың сындыру көрсеткіштері тәжірибеде анықталып жазыған кестеге жазылған.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет