Сабақтың тақырыбы: Жарнама Сабақтың мақсаты


Жарнама қалай жұмыс жасайды



бет2/7
Дата10.06.2020
өлшемі22,56 Kb.
#72939
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Жарнама
зандылык жане кукыктык тартип
Жарнама қалай жұмыс жасайды. Өтпелі экономика қиыншылықтарын бастан кешіріп отырған жас мемлекетімізде бәріміз де шамалы кәсіпкер болуға мәжбүрміз. Сіздің жеке фирмаңыз болмаса да, өзіңіз шыратын тауарды сатпасаңыз да, жұмыс берушімен келісім шартқа отыру үшін жарнама ережелерін білуіңіз қажет. Жарнама істің (кәсіптің) тиімді кіріспе бөлігі болып табылады.. Өз тауарыңды өткізу үшін, тек қатты айқайлап сатып алушыларды шақырып қана қоймай, қазіргі заманғы жарнама қулықтарының барлығын да білген жөн. Сауданы мәдениетті жүргізуде бірден бір қажетті іс – жарнама.

Сатып алушы сізді таңдау үшін жарнаманы қалай жасау керек?

Жарнама қашан да қажеттілікке ие. Тұтынушыға қажетті тауарды табуға, ал өндіруші мен сатушыға оны өткізуге көмектесе отырып, жарнама айналымды жеделдетеді. Неғұрлым жарнама сәтті болса, соғұрлым сауданың жүруі кеңейеді. Жарнама жаңа сұранысты тудырады. Ақырында, осы жарнама өмірге жаңа мамандықты, кәсіпшілікті, армандар мен идеядарды әкелді.

Кәсіпкер жақсы және нашар жарнаманың ерекшелігін білуі қажет, бұл үшін жарнаманың құрылу принциптерін білу қажет. Тауарды өткізу туралыәртүрлі керекті ақпаратты жинау, өңдеу және ұйымдастыру әрекеттерін біріктіретін – нарықтық сараптама. Мұның өзі мөлшерлік және сапалық нарықтық сараптама болып бөлінеді. Осыдан жарнаманың негізгі мәні анықталады: бұл тауар туралы айту емес, сатып алушының сол жарнамаланған тауар қанағаттандыруы тиіс қажеттілігін еске салу.



Жарнамада айтылатын адам қажеттіліктерінің негізгілері мынадай:

Азық-түлікке деген қажеттілік – тағамдар мен сусындардың рөлінің қандайлығы айтпаса да түсінікті. Көпшілік адамдар үшін түскі ас, әсіресе үй асханасынан басқа жерде тамақтану ұнайды. Бұл әрі адамдармен кездесу уақыты. Бұл байланысты тағам мен сусын жарнамасында тиімді пайдалануға болады.

Өзін-өзі сақтау қажеттілігі. Өзін-өзі сақтауға үлкен қауіп - жұмыссыздық, кірістің болмауы, ауру және мүгедектіктен келеді. Тұтынушы мен оның отбасының қауіпсіздігін сақтандыру компаниялары, фармацевтикалық өнеркәсіптер, медицина, полиция, өрттен қорғау, мемлекеттік ұйымдарды реттеу жарнамалары бекіте алады.

Денсаулық. Бұл себеп жеміс-жидек шырынын, спорт тауарларын, киімнің бөлек түрлерін, туристік жолдамаларды, тұрғын үйлер желдеткіштері жабдықтарын сату кезінде сәтті қолданылады.

Махаббат қажеттілігі. Егер ұсынылатын тауарды әйел адам қолданса, онда ер адамның ол тауарға қызығушылығы артады және керісінше. Сондықтан бұл себеп жарнамаға негіз бола алады.

Сыйласуға деген қажеттілік. Өз-өзі туралыжақсы ойлау және басқалардың да сен туралы солай ойлағандығын армандау, барлық адамға тән қасиет. Әрбір адам қоғам бөлшегі болуға, «барлығы» сияқты болуға ұмтылады және әрбір адам өзінің «менін» ерекшелеп көрсетуді армандайды. Сатып алушылар жарнамаланатын тауарды тестілеуден өткізеді: «Адамдар бұған не айтар екен? Мұны сатып алсам қандай пайда, әсер аламын?»

Көңіл көтерудегі қажеттілік. Жарнамалық өнім негізінде жаңа тауарға деген адамның талпынысы жатуы керек. Егер сауда орталығының басшылары уақытты қызықты өткізуді де қанағаттандыру керектігін түсінбесе, онда нарықтың өз үлесін кеңейтуге оның үміті ақталмайды. Бұрын мұны бәрі білді және тұтынушыларын қала өсектерімен, күлдіргі әңгімелермен қызықтырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет