Сабақтың тақырыбы: «Күлтегін»



бет2/4
Дата06.02.2022
өлшемі64,07 Kb.
#39997
түріСабақ
1   2   3   4
ІІІ. Мағынаны тану
Болмасын деп байлығы басқаға азық,
Кеткен бабам тарихын тасқа жазып...
Б.Бәйітұлы
-деген өлең жолдарын бүгінгі сабағымыздың эпигрофы етіп алуымыздың өзі тегін емес еді. Жұмыр жер бетін мекендеген әрбір халықтың тарихы қадым замандардан, тіпті есте жоқ ежелгі дәуірлерден басталады. Әйтсе де әрбір халық өз тарихын белгілі бір оқиға болған кезден бастауды жөн көреді. Мәселен, Римдіктер өз шежіресін Римнің негізі қаланған күннен бастайды.Арабтар болса Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан бастап есептейді. Ал, француздар өз тарихын ұлы Карлдың империяны бөлген жылынан, яғни 843 жылдан бастайды.
Ал, ежелгі түркілер үшін мұндай кезең 545 жыл болды.Иә, дәл осы жылы Ұлы түркі қағанаты өмірге келген еді.Сөйтіп түркілер өздерінің тұңғыш мемлекетін құрады.Бумын қаған түркі тайпаларының басын қосып, әлемге әйгілі түркі қағанатының негізін құрады. Бумын 552 жылы қайтыс болды.
Бумынның мұрагері Мұқан қаған Сары теңізден (Хуанхэ) Каспийге, Гобиден- Байкал көліне дейінгі аралыққа созылған түркі қағанатының батыс өлкесінің билігін әкесінің інісі Естемиге береді де өзі Орхон өзенінің жоғарғы ағысындағы хан ордасында болды.
Мұқан мен Естемиден соң олардың ұлдары билікті екіге бөлді.Түркі қағанаты батыс және шығыс қағанаты болып екіге айрылды.Әлсіреген қағанат осыдан былай көрші қытайдың таң империясының уысына түсе бастады. Ішінара күрестен ештеңе шықпай, 630 жылы шығыс және батыс түрік қағанаты құлады.жарты ғасырдай уақыт түркі елі табғаштарға құлдыққа өтті.Олардың есін жиған кезі Елтеріс пен Тонықұқтың тұсында болды.елтеріс 682 жылы көтеріліс бастап жеңіп шықты.
Елтеріс қаған қайтыс болғанда артындағы ұлдары Білге 7 мен Күлтегін 5 жастағы балалар еді.Хан тағына Елтерістің інісі Қапаған отырды. 716 жылы Қапаған қаза тапқаннан кейін, жаужүрек Күлтегіннің көмегімен ағасы Білге қаған болды.Қасына Тоңұқұқ жырауды ақылшы қылып алды.Күлтегінге әскердің билігін берді.Сөйтіп осы үш ердің тұсында 15 жылда түркілер айбынды жұрт болып, бір тілек, бір мақсатта өмір сүрген, Күлтегін 713, Білге 734 жылы, одан соң Тонықұқ өмірден озғаннан кейін, түркі салтымен олардың моласының басына биіктігі 3м, ені 2- 2,5 м алып тастар қойылып, тірісінде жасалған жақсы істерін жыр қылып жазған. Жырды батырдың ағасы Білге Иоллығ тегін жырауға шығартқан. Тасқа қашалған көне жәдігерлерден бізге жеткендерінің ең ірілері- Білге қаһанға, Күлтегінге, Тоныкөкке қойылған құлпытастардағы жазулар.
Орхон- Енесей өзендерінің бойынан табылған бұл жазу ескерткіштері руналық жазбалар деп аталады. «Рун» деген сөз скандинавия халықтарының тілінде «құпия», «сыры ашылмаған» деген ұғым береді. Осы жазудың ішіндегі ең көрнектісі «Күлтегін» ескерткіші. Бұл ескеткішті алғаш рет орыс ғалымы Н.М.Ядренцев 1899 жылы Моңғолия жеріндегі Орхон өзенінің бойынан тапқан. Содан бұл жазулардың сыры ұзақ жылдар бойы құпия болып келген.Бұл жазба ескерткіштерін оқудың «кілтін» тауып, сырын ашкан Дания ғалымы В.Томсен болды.Кейін орыс ғалымы В.В.Радлов оның аудармасын жасады.Ал, түпнұсқадан тура қазақшаға аударған Ғ.Айдаров, М.Жолдасбеков, Қ.Өміралиев, Ғ.Құрышжанов, Ә.Томанов сынды белгілі ғалымдарымыз еңбек етті.

Орыс ғалымы Дания ғалымы Орыс ғалымы Қазақ ғалымы


Н.М.Ядренцев В.В.Томсен В.В.Радлов М.Жолдасбеков

Біз бүгінгі сабақта Монғолия жеріндегі Орхон өзенінің бойында тұрған Күлтегін құлпытасындағы жыр-дастаннан үзінді оқимыз. Бұл ескерткіштің айна-қатесіз көшірмесі Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия университетіне 2001 жылы әкелініп қойылған.


Ескерткіштің елге келуі туралы: «Төл тарихымыздың ең көне ескерткіштерінің бірі- түркі жұртының ортақ мақтанышы, ұл қолбасшы Күлтегін ескерткішінің туған топыраққа оралуы, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілгендей зор қуаныш»-дейді Қазақстан Республикасының Қоғам қайраткері, Астана қаласының әкімі, жерлесіміз Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов.



Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет