Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзу Сабақтың мақсаты



Дата29.01.2018
өлшемі23,66 Kb.
#35668
Сабақтың тақырыбы: Координаталық түзу

Сабақтың мақсаты:

А) білімділік: координаталары бойынша нүктені тік бұрышты координаталық жүйеге салуды, берілген нүктелердің координаталарын таба білуге үйрету;

Ә) тәрбиелік: оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті сүюге тәрбиелеу;

Б) дамытушылық: оқушылардың ойын дамыту, тапқырлыққа, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, ойы орамды, тілі бай, мәдени өрісі кең, адамгершілігі мол азамат қалыптастыру.

Сабақтың типі: Білімді бекіту

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, топтық және жеке жұмыс

Көрнекілігі: сөзжұмбақ жазылған плакат

Пәнаралық байланысы: Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, сурет, тарих

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Үш топқа (Координата, Ордината, Абсцисса) бөліп әр топтың басшысына бағалау парағын үлестіру

II. Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша (екі бекітілген оқушы тексереді)

III. «Білгенге маржан» қайталау сұрақтары:


  1. Қиылысатын түзулер жазықтықты неше бұрышқа бөледі?

  2. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады?

  3. Перпендикуляр түзулер жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

  4. Қандай түзулер параллель түзулер түзулер деп аталады?

  5. Екі түзуде неше нүкте қиылысады?

  6. Түзу қалай белгіленеді?

  7. Перпендикуляр сөзі қай елде шыққан?

  8. Оның мағынасы қандай?

  9. Параллель сөзі қай елден шыққан?

  10. Оның мағынасы қандай?

V. Мақсатын хабарлау. Тарихи мағлұматтар.

Координаталық жазықтың қолданылуы. Күнделікті өмірден мысал келтіру. (шахмат, кинотеатрдағы орын, ұшақтар мен кемелердің орналасуы)

Нүктенің координатасын табу. Координатасы бойынша нүктені салу.

«Жеті жұрттың тілін біл» үш топқа нүктелердің координаталары беріледі.

I топ. (3;2), (3; -2), (-4; 2), (-4;2), (-1;5), (3;2), (1;1), (-2;-1), (-2;1).

ІІ топ. (-3;3), (3;1), (-6;2), (-3;3), (5;3), (5;1), (5;2), (-3;2).

ІІІ топ. (2;0), (2;5), (5;5), (4;4), (5;3), (2;3).

Сергіту


«Координата» сөзжұмбағын шешу.

  1. Бір-бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қандай түзулер деп аталады?

  2. О У осі қалай аталады?

  3. Координаталар басы қандай әріппен белгіленеді?

  4. Бір жазықтықта жататын бір-бірімен қиылыспайтын екі түзу қандай түзулер деп аталады?

  5. Тік бұрышты координаталар жүйесін басқаша қалай атауға болады?

  6. Координаталар осьтері жазықтықты төрт бөлікке бөлгендегі бір бөлігі қалай аталады?

  7. Х осіндегі кез келген нүктенің ординатасы неге тең?

  8. ОХ осі қалай аталады?

  9. «Координаталар» сөзінің қазақша баламасы?

  10. Өзара тең бұрыштар?

VII. Бекіту

Кітаппен жұмыс №1134, №1136, №1138.



VIII. Үйге тапсырма №1135, №1137, №1140.

Оқушылар білімін бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 083f
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
083f -> «Ән-жұмбақ» сайысы Өтетін күні: 19 наурыз 2015 жыл Өтетін орны: 209 кабинет


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет