Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру



Дата02.05.2020
өлшемі39,5 Kb.
#65529
түріСабақ
Байланысты:
лепти сойлем Жумагалиева Р


Ақтөбе қаласы,

№1орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Жумагалиева Роза
Қазақ тілі 2 - класс

Сабақтың тақырыбы: Лепті сөйлем

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға лепті сөйлемнің мағынасын түсіндіру,

көңіл - күйді, сезімді білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Сабақтың міндеті:

1. Лепті сөйлемді тиісті дауыс ырғағымен оқуға жаттықтыру;

лепті сөйлемнің қандай мағына білдіріп тұрғанын анықтату.

2. Өз бетімен жұмыс жасай білуін және өзін бағалай білуге үйрету,

байланыстырып сөйлеуін, жазба тілін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

3. Ұйымшыл болуға, әділдікке, адалдыққа тәрбиелеу.

Типі: жаңа білімді меңгерту

Әдісі: Б. Блум таксономиясы, түсіндіру, сұрақ - жауап, тест, көрнекі.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тірек - сызба, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Психологиялық дайындық

Өзімізге: Сәттілік, қуаныш!

Қонағымызға: Жақсы көңіл - күй!

Елімізге: Ашық аспан, молшылық!

2. Сабақтың мақсатын хабарлау

3. Сабақ кезеңдерімен таныстыру

Б. Блум бойынша:

Әр кезең бойынша бағалау парағына ұпай сандарын қойып отыру.
ІІ. Негізгі бөлім

Білім


Мақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру

Тапсырма: Сөйлем туралы не білеміз? Белгіленген уақыт ішінде сұрақтар беру.

1. Сөйлем дегеніміз не?

2. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?

3. Сұраулы сөйлем дегеніміз не?

Жауап парағы арқылы тексеріп, соған сай ұпай қойып бағалау парағына қойып отыру.

Түсінік

Мақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру. Слайд. Тірек сызбамен жұмыс

Сөйлем

Хабарлы сөйлем Сұраулы сөйлем



Бейбітшілік жасасын!

Көйлегім қандай әдемі!

Отан сүйер ұлан бол!

Жүйрік тұлпарым болса ғой!

Сөйлемдерді мәнерлеп, дауыс мәнерін келтіріп оқу. Оқушыларға осы сөйлемдерге қатысты сұрақтар қою арқылы ереже шығару.

1. Әр сөйлем қалай оқылды?

2. Сөйлемдегі ой қандай көңіл - күйде айтылып тұр?
Адамның көңіл - күйін, сезімін білдіретін сөйлемді лепті сөйлем дейміз.

Лепті сөйлем көтеріңкі дауыспен айтылады.

Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады. (Слайд. Кестемен жұмыс)
Ойын «Сәйкестендір»

Өкіну --- Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

Армандау --- Қап, бақшаның есігін жауып қоймағаным - ай!

Бұйрық ---- Қане, күнделігіңді берші!

Ұрандату ----- Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!
Қолдану

Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін нақтылай түсу

Оқулықпен жұмыс.

1. Көркем жазу

2. Жаттығу жұмыстарын орындау.
Сергіту сәті. Әуенге сай қимылмен билеу.

Талдау


Мақсаты: Берілген сөздерден лепті сөйлем құра білу дағдысын жетілдіру

Тапсырма: Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз

1. Біз, алақай, жеңдік

2. Бекер, ренжіттім – ау, қап


Жинақтау

Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін қорыту, бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру. Өзін - өзі бағалау

Тест


1. Сөйлемді белгіле.

А) Кітап, мұз. Ә) Р, ш, ұ, ы, қ. Б) Мына тау қандай биік!

2. Мына сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

Алақай, ағам келді

А) сұрау белгі Ә) леп белгі Б) нүкте

3. Аяқталған ойды білдіретін не?

А) мәтін Ә) сөйлем Б) сөз

4. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

А) Сұраулы сөйлем Ә) Лепті сөйлем Б) Хабарлы сөйлем

5. Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?

А) нүкте Ә) сұрау белгі Б) леп белгі

Бағалау


Мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін анықтау

Ұпай сандарын есептеп, бағалау.

18 - 17 ұпай - «5»

16 - 14 ұпай – «4»

9 - 13 ұпай – «3»
ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Лепті сөйлемнің өзіндік белгілері:

- Адамның көңіл - күйін, сезімін (қуану, ренжу, өкіну, ұран т. б.) білдіреді;

- Лепті сөйлем үнемі көтеріңкі дауыспен айтылады;

- Лепті сөйлемнің соңына леп белгісі (!) қойылады.
ІV. Үйге тапсырма

V. Сабақты бекіту

Сабақ барысында әр оқушы қолданатын сабақ картасы:
Бөлім Тапсырма Ұпай Деңгейлік тапсырма

Білім


Мақсаты: өтілген материалдар бойынша алған білімдерін тексеру

Сөйлем туралы не білеміз? 1

Сөйлем дегеніміз не?

1

Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді?



1 Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
Түсінік

Мақсаты: Лепті сөйлем туралы түсінік беру Берілген сөйлемдер қандай мағынада айтылып тұр?

Ойын «Сәйкестендір»

Бірін - бірі бағалау

1. Сүйікті менің Қазақстаным жасасын!

2. Қап, бақшаның есігін жауып қоймаған екенмін!

3. Қане, күнделігіңді берші!

4. Шіркін, айға самғап ұшсам ғой!

Қолдану

Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін нақтылай түсу

Оқулықпен жұмыс

4 ұпай


190 - жаттығу 71 - бет

Лепті сөйлемдерді теріп жаз.

Талдау

Мақсаты: Берілген сөздерден лепті сөйлем құра білу дағдысын жетілдіру



Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрап жаз

2 ұпай


Біз, алақай, жеңдік

Бекер, ренжіттім – ау, қап

Жинақтау

Мақсаты: Лепті сөйлем туралы білімдерін қорыту, бекіту

Тест сұрақтарына жауап беру

Өзін - өзі бағалау



Бағалау

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет