Сабақтың тақырыбы: Менің арманым Мақсаты


слайд.(Қара жорға биі көрсетіледі)



бет8/13
Дата05.02.2022
өлшемі186,43 Kb.
#18991
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
8 слайд.(Қара жорға биі көрсетіледі)
Сергіту сәті:Би: «Қара жорға»

Бала күнімде нағашыларымнының ауылына өте көп баратынмын. Нағашыларымның үйі темір жол вокзалына жақын еді. Сол себеп болды ма, кішкентайымнан пойызға құмар болдым. Ауылда жүргенде алыстан пойыздың дауысын естей қалсам тамның төбесіне қарай сатымен өрмелейтінмін. Тамның үстіне шығып алып сол пойыздың вагондарын ерінбей санайтынмын. Көрген пойыздарды екіге бөлетінмін. Жаман пойыз және әдемі пойыз деп. Күніне он шақты пойыздың вагондарын санап көзбен шығарып салатынмын. Кейде үйден қашып шығып вокзалға барып жүрмей қалған пйыздардың ішіне кіріп алып арман қуалап ойнап қайтамын.


Бала кезімде туған туыстарыма көп қыдыратынмын және барлығына пойызбен жүретінбіз. Әкемнің туып өскен жері, өзімнің ауылыма баратын кезде бір жылап алатынмын. Өйткені ол жақа пойыз бармайтын. Ал мен машинамен емес пойызбен барамын деп жылайтынмын.
Мектепте бесінші сынып оқып жүргенде бір сабақтан шығарма жаздық. Тақырып: «МЕНІҢ АРМАНЫМ» еді. Сыныптастарымның көбісі ҒАРЫШКЕР, ӘНШІ, ДӘРІГЕР, ПРЕЗИДЕНТ, ӘКІМ болуды армандаған. Ал менің шығармам «АРМАНЫМ ПРОВОДНИК БОЛУ» деген тақырыпта еді. Шығармамды оқыған мұғалімім, ата-анам әбден күлген. Бірақ сол кезде анам жөнді нәрсе армандасаң қайтеді деп ұрысқан болатын.
Сөйтіп жүріп тоғызыншы сыныпты бітіріп Шымкент көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжіне «ТАСЫМАЛДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТЕМІР ЖОЛ КӨЛІГІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСТЫ БАСҚАРУ» мамандығын таңдап түстім. Оқу барысында жаман пойызды жүк тасымалдайтын (ГРУЗОВОЙ) ал әдемі пойызды адам тасымалдайтын (пассажирский) пойз екендігін және өзімді қызықтырып жүрген көптеген сұрақтарыма жауап алдым. Қызыққан мамандығым болғандықтан ба, сабақтан қалмайтынмын.
Әлі күнге дейін қайда барсамда пойызбен жүргім келеді және пойызбен баруға тырысамын. Достарыма үйленгенде гулянкамда лимузинмен емес пойызбен жүремін деп әзілдеймін. Әр әзілде бір шындық! Пойызбен шығып қалуым да ғажап емес. Егер пойызбен шығып қалсам барлығыңызды хабардар етемін
Алға қойған мақсатым Бала күнгі арманымды орындап, темір жол саласының маманы болу. АЛЛАҺ ТАҒАЛА сол күнге жеткізсін!!!

Ғалым да, шахтер де бас иетін,


Ұстазым, бар сенің қасиетің.
Білім берген, ой берген, ақыл берген,
Көз алдымнан кетпейді асыл бейнең …
Осы тақырыпты алғаннан соң көп ойландым. Шындығында мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.
Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі – бәрі ұстаздан білім, тәлім алған, сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.
Қиындығы да, қызығы да жетерлік, ең бастысы - жауапкершілігі жоғары мамандықтың бірі ұстаздық ету екені ақиқат. Өйткені бұл мамандық иелерінің мойнына ешнәрседен хабары жоқ, мыңдаған тарыдай ғана бүлдіршіндердің бойына білім нәрін сеуіп, тәрбие ұрығын егіп, таудай азамат етіп шығару міндеті жүктелген. Сондықтан басқа мамандық иелерінің баршасы да ұстаздарға борыштар деп ойлаймын.
2009 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Физика – математика» факультетінен «Математика пәнінің мұғалімі» мамандығын игеріп, жоғарғы білімді маман атандым. «Дипломмен ауылға» бағдарламасына сәйкес М. Шәменов ауылындағы №34 Ә. Бердаулетов атындағы орта мектебіне мамандығым бойынша жұмысқа орналасып, қаржылай әлеуметтік көмек алдым. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім. Мен өзімнің ұстаздарыммен қатар еңбек етіп, баланың бойына ақыл – білім дәнін сеуіп, аялап, көңілін табуды, алаламай сүйе білуді үйрендім. Менің шәкірттерім Серәлі Нарбота 2011 жылы аудандық пәндік олимпиадасынан ІІІ орын, ал аудандық пәндік ғылыми жобажарысында Жақсылық Жұлдызай І орын иеленді. Осы мамандықты таңдауыма математика пәні мұғалімдері Байқожаев Болат ағай мен анам Дәулетбайқызы Шынардың еңбегі үлгі болды.
Дана халқымыз «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» демекші, «Ұстаздар жанұясы» болғанымыз мен үшін үлкен бақыт.
Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде мұғалімдер алдында үлкен жауапкершілік жүктеді. Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан ұстазын мәңгілік есінде сақтайды. Нағыз мұғалім, міне, осы. Өйткені, әрбір мемлекеттің өсіп өркендеуінің, бәсекеге қабілетті болуының ең басты ошағы – ұстаз берген білімде. Сондықтан да дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді.

«Ұстаз» – құрметті сөз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді.


«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген сөз де орынды айтылған. Баланың бойындағы шынайы білім, біліктілік дағдылары, мінез-қалпы, шарапаттылығы жақсы ұстаздан қалған әдет болса керек.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - деген Абай сөзін өзінің өмір қағидасы еткен ұстаз әрдайым құрметті. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Халықтың «Ұстазыңды атаңнан да әзіз тұт» дейтіні де сондықтан.
Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады. Мәселен Абылай хан өзін Төле бидің, Шәкәрім, осы замандағы көптеген дарын иелері өздерін Абайдың шәкірттері деп есептеген.
Шәкірттің өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашқан, адамдардың дүниелік түсінігін тереңдеткен ұстазға деген сый-құрметі де айрықша болса керек.
Ұстаз бен шәкірт арасындағы осындай өзара қамқорлық, сыйластық сезімі олардың бірлесіп атқаратын білім мен біліктілікті шыңдау әрекетіне жағымды ықпал етері анық.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет