Сабақтың тақырыбы: «Наурызым-нақыл жыр»



бет1/2
Дата15.04.2018
өлшемі0,52 Mb.
түріСабақ
  1   2
Актөбе облысы, Шалқар ауданы, Бозой орта мектебі

Музыка пәнінің мұғалімі: Сыргабекова Айнагул Амитжановна.







Сабақтың тақырыбы: « Наурызым-нақыл жыр»

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде,әдет-ғұрпында ерекше орын алған Наурыз тойын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсіндіру.

Білімдік мәні: Наурыз мерекесі, ұлттық тағамдар, әдет-ғұрып туралы білім берумен қатар, наурыз мерекесі туралы әндер үйрету.

Тәрбиелік мәні:

Ұмытылып бара жатқан әдет-ғұрыпты, сақтауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

Дамытушылық мәні:

Оқушылардың музыкалық сауаттылықтарын одан әрі дамыту.

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгеру сабағы.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, баяндау, ән тыңдау, саяхатқа шығу, ән салу т.б.

Көрнекіліктер: наурыз сарайлары, керуен, наурыз тойы бейнеленген слайдтар,ұлттық тағамдар, наурыз көже т.б.

Ұйымдастыру бөлімі: 1) Оқушылармен сәлемдесу , Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

- Балалар, қазір жылдың қандай мезгілі?

- Көктемде алғаш қандай құс ұшып келеді?

- Олай болса, қарлығаш бүгін бізге қонаққа келіпті:

- Қане, қарлығашты қарсы алайық.

- Адамның досы қарлығаш,

Болсада нәзік талдырмаш.

Қиялдарды шарлайсың,

Бақыт құсы болғайсың.

Қарлығаш бізге жәй келмепті, өзімен бірге көптеген тапсырмалар ала келіпті. Егер, біз қарлығаштың тапсырмаларын дұрыс орындасақ, ол біздерге «Наурыз сарайларын» тамашалатпақшы.

Конверттен арнайы тапсырмалар алынады. Оқушылар үйге берілген тапсырмаларға жауап беріп, үй тапсырмасы бекітіледі.

Жаңа сабақ:

Балалар, біз қазір «Наурыз сарайларына» саяхатқа шығамыз. Саяхатқа керуенмен шығайық. Керуен туралы қысқаша түсінік беріледі.

«Шежіре сарайы»

Наурыз ол-ертеден келе жатқан мейрам. Наурыз сөзі парсы тілінің "нау"-жаңа, "рыз"-күн деген сөздерінен шыққан, жылдың бірінші күнін білдірген.

Ал, қазақ тілінде «Наурыз» сөзі біріншіден жыл басында тойланатын халықтың мейрамы; екіншіден-наурыз айы; үшіншіден ұлыс күні жасалатын көжеге байланысты тойланатынын айтқан. Бұл күн аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн мен түн теңесетін жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстіне шаттық орнаған күн.

Бұл күнгі амандасу да ерекше болған. Адамдар бір-біріне кездескенде :

  • Жасың құтты болсын!

  • Өмір жасың ұзақ болсын!

  • Ұлыс бақты болсын,

  • Төрт түлік ақты болсын!

  • Ұлыс береке болсын,

  • Пәле-жала жерге енсін! – деп, адамдар қос-қолдасып, төс қағыстыра, құшақтасып амандасқан.

Бұл күні үлкен ақсақалдар көкжиекті көру үшін қырға шыққан.

Адамдардың барлығы жаңа шыққан күнге салем беріп, бас иген.

Қазақ елі осы күнде «Ұлыстың ұлы күні-ұлыс күні» деп атаған.) «Салт-дәстүр сарай».

Қазақ халқында ежелден келе жатқан салт-дәстүрлер өте көп. Бала шыр етіп дүниеге келген күннен, еңкейіп қарт болған шағына дейін тойлар тойланып, салт-дәстүрлер сақталған. Салт-дәстүрлер: бала дүниеге келген кезде де азан шақырып ат қою, баланы бесікке бөлегенде бесік тойы, баланың жүрер шағындағы тұсау кесер тойы, мектепке алғаш барғанда жасалатын тіл ашар тойы, атқа алғаш мінгенде немесе алғаш жолға шыққанда жасалатын тоқым қағар тойы т.б. салттар бар.

Бесікке салу мен тұсау кесер рәсімі көрсетіледі. «Ән – думан сарайы»

Оқушылар бұл сарайда Ж.Керімованың"Наурызым нақыл жыр" әнін үйренеді.

«Дәм- думан сарайы».

Қазақтың келесі, ұлттық тағамдары : ет, наурыз көже, қазы-қарта, сүт, ірімшік, май, қатық, құрт, жент т.б. Бұл тағамдардың өздеріне тән ерекшеліктерімен қатар, тіл үйірер дәмдері бар. Наурыз мейрамында міндетті түрде Наурыз көже пісіріледі. Наурыз көже ішкен адам жақсылыққа кеңеліп, бәле-жаладан алыс жүреді екен.

Қонақтарға Наурыз көжеден дәм татқызу.

- Енді балалар сыныбымызға оралу үшін Наурыз мерекесіне арнап бата берейік.

Наурызға бата:

  • Ұлыс оң болсын!

Ақ мол болсын.

Қайда барса жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Бәле-жала жерге енсін!

Ұлы халқым тоқ болсын,

Көйлектерің көк болсын!

Уайым-қайғың жоқ болсын,

Қуаныштарың көп болсын!

Қортынды:

Қарлығаш "Наурыз сарайларын" тамашалатқаны үшін, оған ұя жасау арқылы сабақты қорытындылаймын.

ҚОРЫТЫНДЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

Наурыз қандай мейрам?

Қандай салт-дәстүрді білесіңдер?

Наурыз көже қалай дайындалады?

Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?т.б

Бағалау:Оқушыларды көктемнң алғашқы белгілі бәйшешек гүлін үлестіру арқылы сабақты қорытындылаймын.

Үйге тапсырма:

"Наурызым-нақылжыр" жаттау.

Мақал-мәтел жаттау.

Сабақ аяталды!

  1. Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
    2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
    2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
    2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
    2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
    2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
    2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
    2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
    2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет