Сабақтың тақырыбы: Нейтронның ашылуы. Ядроның моделі. Байланыс энергиясы. Термояролық синтез



бет3/7
Дата06.01.2022
өлшемі0,59 Mb.
#110146
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5103358478808 ОП9Д Нейтронның ашылу
1. Берілген символдық жазу бойынша сызбаны салып-engime.org, Шұға
Медицинада: Адам ағзасына сәулелердің әсері
Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері бар. Керісінше ультрадыбыстар кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру(сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен адамның денесіндегі әр түрлі ауытқулар – қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт нерв жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін.Бұнымен бірге Рентгендік сәулелерде денелерден өту қасиеті практикада кеңінен пайдаланылады, медицинада диагноз қою үшін. Сынған сүйекті, адам денесіне кіріп кеткен оқты, инені, шегені т. б іш құрылысындағы кеселді анықтауды жеңілдетеді. Сырқат органдарды емдеу үшін қолданылады.Радиоактивті сәулелердің зияны көп. Радиациядан тірі организм клеткаларының биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді «Күн өтіпті» деген халық диагностикасымен «сәулелік ауру» деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенімен өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының түйе жүн шекпенін тастамауында, халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Радиацияның шекті дозасы 0, 05 гр - ден аспауы керек. 3 - 10Гр (Грей ) адам өміріне қауыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет