Сабақтың тақырыбы: «Қобыланды батыр»



бет1/4
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#126341
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
7-сабақ «Қобыланды батыр» жыры. Әйелдер бейнесі
өтініш назира1, язык Сидорова Н.Ю. 1, о

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ (Т1) 5-СЫНЫП

Тілі: қазақ тілінде

І бөлімнің 7 -сабағы

Бөлім тақырыбы: Таза, мінсіз асыл сөз

Сабақтың тақырыбы:

«Қобыланды батыр» жыры. Әйелдер бейнесі

Оқу мақсаттары

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстырып бағалау Б/С2.

Сабақтың мақсаты

Портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

Кейіпкерлерді шынайы өмірмен салыстыра алу.

Жырдан алған әсерін сипаттап хат немесе өлең жаза алу.



Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу Т/Ж3

Көркем шығармадан алған әсерін сипаттап авторға хат,

өлең жазу А/И4


Бағалау критерийлері

1.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы әйелдер образын ашады.

2.Жырдағы әйелдер бейнесін шынайы өмірмен салыстырып, баға береді.

3.Алған әсерін сипаттап,авторға хат немесе өлең жазады.

Батырлық эпостарға тән белгілердің бірі – ел қамқоры батырдың ең жақын досы, әрі жары, тамаша сұлу, ақылды әйелдер бейнесінің жасалуы. Ал кейбір халықтардың эпосында әйел қаһармандар батырлық жағынан ерлерден кем болмай, кейде асып түсетін боп суреттеледі.

Батырлар жырында көркемдігі кемел әйел бейнелері жасалған. Бұлар рудың, елдің бүтіндігіне септесетін дана аналар болып та елес береді 

«Қобыланды батырда» Құртқа ерекше шеберлікпен сомдалады. Жырда ол жиі көрінбегенімен, ең қажетті істерді атқарады.

Құртқажан, неге қамықтың?

Жолбарысың мен есенде

Осы барған сапардан,

Есен барып, сау қайтсам

Әйел де болсаң басыңды

Хан қылармын халыққа , — деп суреттейді. Бұдан біз Қобыландының ақ, адал махаббатының, өз жарының асқан ақылдылығына риза болғанын көреміз.

Күн секілді күллі əлемнің шырағы,

Нұрлы жүзің — жұмақтың бір гүл бағы.

Оймақ ауыз ашылса — шекер шашылар,

Соны көріп жайқалып — гүлдер ашылар.

Жалпы əйел баласын табиғат ерекше жаратады. Сұлулық пен көркемдікті тек əйелге ғана үйіп- төгіп береді. Қай халықта болмасын, сөздің төресі өлең, сазгерлік шығарма көбіне əйелге, сол бір ерекше жандарға арналады. Əйелдің сұлулығын жырлау барлық халықта бар.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет