ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Үй жануарлары тақырыбы бойынша сөйлесе алу, салт және сабақты етістіктерді ажырата алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің төлдері. Салт және сабақты етістік.
Сабақтың мақсаты: А) Салт және сабақты етістік туралы түсінік беруді әрі қарай жалғастыру , оны ажырата алуға үйрету. Төрт түлік мал туралы түсінік беру.
Ә) Оқушылардың тілін дамыту, сөздік қорын байыту, ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, тақта, үй жануарлар суреті, төрт түлік малдың суреті.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Етістікті қайталап келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
ІҮ. Жаңа сабақ.
1.Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.
Сабақты етістік (переходные глаголы) табыс септіктің сұрақтарына жауап береді.
Кімді? Нені?
Мысалы: Асқарды шақыр, қаламды бер, балаңды оқыт, нанды тура.
Салт етістік (непереходные глаголы) табыс септіктен басқа қалған етістіктің сұрақтарына жауап береді.
Мысалы: төсекте жатыр, үйге кел, орныңнан тұр, ұшақпен ұш, машинамен жет.
2.Мәтінмен таныстыру.
Үй жануарлары адамға қызмет етеді. Олдар адамға киім, тамақ береді. Түйе сүтінен шұбат, жылқы сүтінен қымыз жасайды. Сиыр мен ешкі де сүт береді. Біздің халық бұл жануарларды төрт түлік мал деп атайды.
Түйе-малдың үлкені.
Жылқы –малдың үркегі
Сиыр –малдың сүттісі,
Қой-түліктің құттысы.
3.Сөздікпен таныстыру.
Қызмет етеді-служат
Төрт түлік –четыре вида домашнего скота
Үркегі-пугливый
Құттысы-приносящий благо
3.Тапсырмалар орындау.
Ү. Бекіту бөлімі: Сұрақтар арқылы бекіту.
ҮІ. Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау, малдың пірі туралы жазып келу.
ҮІІ. Бағалау бөлімі: Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.
ІХ. Күтілетін нәтиже: Төрт түліктің төлдері тақырыбы бойынша сөйлесе алу, салт және сабақты етістіктерді ажырата алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Нәтиже сабақ. Менің сүйікті үй жануарым. Тұйық етістік.
Сабақтың мақсаты: А) Менің сүйікті үй жануарым туралы өз ойларын жеткізе алу, алған білімдерін пысықтау, ой-өрісін кеңейту.
1-тапсырма. Төменде берілген сөйлемдерді қатыстырып. Сурет бойынша әңгіме дайындау. Берілген етістіктің шақтарын анықтау.
2-тапсырма. Телефонмен сөйлесу.
Көктемгі каникул басталды. Күн жылынды. Сендер сыныптастарыңмен жексенбі күні тауға шықпақшы болдыңдар. Радиодан жексенбі күнгі ауа райының салқындайтыны туралы айтылды. Телефон арқылы сыныптастарыңа не айтар едіңдер?
VI. Бекіту бөлімі. Тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
К-көк
Ө-өзен
К-күн
Т-табиғат
Е-ериді
М-мезгіл
Ү. Үйге тапсырма. Ережені жаттап келу.
ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Етістіктің шақтарын ажырата алу, көктем туралы әңгіме құрай алу, сұрақтарға жауап бере алу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Мейірім. Осы шақ түрлері.
Сабақтың мақсаты: А) Осы шақ етістіктің түрлерімен таныстыру, ажырата алу.
Ә) Оқушылардың сөздік қорын байыту, ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту.
Б) Табиғатты қорғауға, табиғат арқылы әсемдікті тануға, оны қастерлеуге тәрбиелеу.
Бұрынғы өткен шақ сөйлеп тұрған кезден бұрын орындалған қимыл.
1.-ған, -қан, -ген, -кен жұрнақты жіктелген есімшеден, не осы күйдегі есімшеге еді сөзі тіркеседі.
М: барғанбыз, барған еді.
2.-ып, -іп жұрнақты көсемшеге еді сөзі тіркеседі.
М: келіп еді, барып еді.
Ауыспалы өткен шақ орындалып кеткен дағдылы қимыл.
1.-атын жұрнақты жіктелген есімшеден, не осы есімшеге еді сөзі жіктеле тіркеседі.
М:Баратын едім.
1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесіңдер.
2-тапсырма. Суреттердегі киім атауларынан сөз тіркестерін құру.
Көктемгі бас киімдер: бейсболка, кепка, орамал.
Көктемгі сырт киімдер: пальто, күртеше, кофта, пиджак, плащ.
Көктемгі аяқ киімдер: бәтеңке, етік, туфли.
VI. Бекіту бөлімі. Тапсырмалар арқылы сабақты бекіту.
Ү. Үйге тапсырма. Ережені оқып келу, 3-тапсырма 137-бет.
ҮІ. Бағалау бөлімі. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау.
ҮІІІ. Күтілетін нәтиже. Өткен шақ етістіктің түрлерін ажырата алу, қойылған сұрақтарға жауап бере алу, адамдардың көктемгі киімдерін айта білу.
Сынып: 6
Сабақтың тақырыбы: Бақылау диктанты.
Сабақтың мақсаты: А) Етістіктің шақтары бойынша алған білімдерін пысықтау. Сауатты, таза жазуға үйрету.
Ә) Оқушылардың тілдерін дамыту, сөздік қорларын байыту, ауызекі сөйлеу қабілеттерін арттыру.
Б) Жауапкершілікке, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: бақылау диктанты.
Сабақтың әдісі: баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: тақта.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
1. Оқушылармен амандасу.
2. Кезекшінің мәліметі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үйден ережені оқып келу.
ІІІ. Дәптермен жұмыс.
Күннің жадын және сабақтың тақырыбын жазу.
Диктант жазу.
Көктем.
Қар еріп болды. Көктем келе жатыр. Күн жылынып, жер көгеріп келеді.
Балалардың қуанышы қойнына сыймай жүр. Олардың үйге кіргілері келмейді.
Ауылды жерде егін салу басталды. Мен соқаға отырып, жер жырттым. Марат трактормен егін екті. Кешке дамылсыз жаңбыр жауып, жұмыс аз істелді. Бұған біз ренжідік. Бүгін күн ашылды, жұмыс қыза түсті. Күн батты, бірақ жұмыс біткен жоқ. Көмекке басқа адамдар келді. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», -дейді халық. Бірігіп, үлкен жұмыс істедік. (70 сөз)
Тапсырма: Берілген етістіктердің шақтарын анықтау.