Сабақтың тақырыбы: Рабғузи "Лұқман хакім" әңгімесі 8- сынып Сабақтың кезеңдері



Дата02.07.2018
өлшемі0.84 Mb.
түріСабақ
  • Атырау облысы, Атырау қаласы,
  • И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің
  • қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
  • Латипова Гүлфара Мақсотқызы

Сабақтың тақырыбы:

  • 8- сынып
  • Сабақтың кезеңдері:
  • Ұйымдастыру кезеңдері:
  • Топтық тапсырмалар
  • Ұлылар шығармашылығындағы үндестік
  • Адамгершілік – ұлы қасиет
  • І. Қызығушылықты ояту.
  • 1. Махмұт Қашқаридың өмірі,
  • шығармашылығы
  • 2.«Қорғайдың аққу – қазы қаңқылдайды» өлеңін жаттау, өлеңді талдау.
  • 1.Ғалымның өмір жолын  сатылай кешенді талдау арқылы түсіндіреді.
  • 1.Ғалымның туған, өлген жылы белгіліме?
  • 2.Туған жері: Барысхан қаласы
  • 3.Толық аты - жөні қалай аталады? 4.Махмұттың әкесі кім болған? 5.Оны кім деп танимыз? 6.Білім алған қалалары:
  • 7.Меңгерген тілдері: 8.Еңбегі :
  • 9. «Диуани лұғат-ат - түрк» еңбегі қашан жазылған? 10.Өлеңдерінің негізгі идеясы:
  • 11.Сөздіктегі мақал - мәтелдердің тақырыптары:
  • 12. Сөздікте қанша тайпаның аты аталады? 13.Дөңгелек картада аталған елді мекендер:
  • 14. Қолжазбалары бар ма? 15. Қай халықтың грамматикасын жасады?
  • 3.«Қордайдың аққу-қазы қаңқылдайды» өлеңін
  • сатылай кешенді талдау.
  • 1.Авторы: 
  • 2.Тақырыбы:    
  • 3.Жанры:          
  • 4. Идеясы:
  • 5.Тармақ:        
  • 6.Бунақ:           7.Буын:           
  • 8.Ұйқас түрі: 
  • 9. Әдеби теориялық ұғымдар:
  • Алмастыру  
  • 10.Тәрбиелік  мәні:   
  • Адамгершілік
  • Рабғузи
  • “Лұқман хакім”
  • әңгімесі
  • Сабақтың тақырыбы:
  • Үшінші әңгіме
  • Екінші әңгіме
  • Бірінші әңгіме
  • Адалдық
  • Достық
  • Қайырымдылық
  • І топқа.
  • Бірінші әңгіме: Лұқман хакім қарыз сұрап келген кісінің бетін қайтармайтын еді. Бір күні бір кісі келіп, мың алтын алады. Іштей: «Қарызын бермей кетейін»,-деп ойлайды. Жолда бара жатып, бір жерге демалады. Сол кезде бір құс ұшып келіп, жатқан түйіншекті іліп ала жөнеледі. Құс Лұқман хакімнің үйінің төбесінен ұшып бара жатқанда түйіншегі жерге түсіп кетеді.
  • Қарыз алған кісі Лұқман хакімге қайтып келеді, тағы мың алтын беруін өтінеді. Ішінен:«Е»гер осы жолы берсе, мың алтынын екі мың қылып қайтарармын-ау», - деп ойлайды.
  • Лұқман сұрағанын береді. Алтын алған кісі сауда жасап, мың алтыннан он мың пайда көреді. Лұқманның алған қарызын екі есе қайтарады. Сонда Лұқман хакім: «Бірінші алғанда бермей кетейін деп арамдық ойлап едің , ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай қара ниет болма»,-дейді.
  • Тапсырма:
  • Лұқман хакім жайлы әңгіменің тәрбиелік маңызын түсіндір. Рабғузи әңгімесіндегі адамгершілік идеясындағы адам қандай болу керек? Неден сақтану қажет?
  • ІІ топқа.
  • Екінші әңгіме: Лұқман хакімге қожасы: «Жақсы ет асып бер»,-деді. Лұқман хакім бір қойды бауыздап, оның тілі мен жүрегін асып береді. Біраз күн өткен соң, қожасы тағы: «Енді маған жаман ет асып бер»,-дейді. Лұқман тағы да қойдың тілі мен жүрегін асып береді. Қожасы мәнісін сұрағанда: «Тәтті болмақ та тіл мен жүректен, ащы болмақ та тіл мен жүректен»,-депті.
  • Тапсырма: Лұқман хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны
  • анықта. Сұрақ: Неге Лұқман хакім қойдың тілі мен жүрегін асып берді? Тілдің қасиеті мен адамға тигізер зияны жайында қандай мақал - мәтелдер, даналардан шыққан сөздерді білесіңдер?
  • ІІІ топқа.
  • Үшінші әңгіме: Бір залым патша Лұқман хакімді ұлымен бірге зынданға тастатады. «Данышпандығын көрейін, осы құдықтан қалай аман шығар екен»,-дейді. Құдықтың аузын диірменнің тасымен бекіттіріп, үстіне егін ектіреді.
  • Лұқман ұлына: «Арқама мініп тұрып, бір кісі отыратындай пышақпен ой»,-дейді. Ұлы орнын сайлап болған соң, 40 түйір құрма беріп, сол жерде қалдырады да, ары қарай қазып кете береді.
  • Лұқман құдықта жеті жыл жатады. Баяғы патша өліп, оның орнына басқа кісі болады. Бір күні патша құрма жеп отырып, тамағына сүйегі тұрып қалады. Қақалып өлуге таянады. Сонда бір қарт кісі: «Мұның амалын Лұқман деген кісі табар еді. Бірақ ендігі өліп қалған шығар»,-дейді. Патша лезде құдықты аштырады. Баласы өліп қалған екен, кірпігі қимылдап жатқан Лұқманды тауып әкеледі. Лұқман хакім құдықтың жанынан үй тіктіріп, тамақтың иісін иіскеп қана жатады. Содан соң: «Енді сандық әкел, денеме жел тигізбей, соның ішіне салып шығар»,-дейді. Лұқман түрлі дәрі қайнаттырып ішіп, тағы үш күн жатады. Ақыры, патшаға алып барады. Оған: «Сіз өз балаңыздың жүрегін пісіріп жемесеңіз, жазылмайсыз»,-дейді. Патша оған көнбей қиналады. Ақыры , уәзірлерініңайтуымен көнеді. Лұқман баланы патшаның алдына перде тұттырып қояды. Жасырып, тағы бір қойды аяғынан байлап әкеледі. «Ей, жігіт, саған ажал, маған бұйрық келді. Әкең үшін сені бауыздаймын».-деп, қойды тамағынан пышақпен қор еткізіп тартып жібереді. Патша талып түседі. «Ах!» - дегенде сүйек атып шығады. Есін жиып қараса, баласы алдында тірі отыр екен. Патша қатты қуанып, Лұқманға көп сыйлық беріп қайтарады.
  • Тапсырма: Лұқман хакім жайлы хикаядан шығатын қорытындыны анықта. Даналық дегенді қалай түсінесің?
  • Барлық адамда бола ма?
  • І топқа.
  • Тапсырма: Хикаятты өз ойларыңмен аяқта
  • Хикаят. Хазрет Лұқманға қожасы: «Бидай ек» деп бұйырды. Бұл кісі арпа екті.Қожасы айтты: «Мен бидай ек десем, арпа егіпсің». Хазрет Лұқман айтты: «Арпа ексем,бидай шықпай ма?». Қожасы айтты: «Қашан арпадан бидай шығып еді?» . Сонда Хазрет Лұқман айтты: ...................................................................
  • «Олай болса не үшін жамандық жасап, жақсылықтан үміт етесіз?». Бұл әңгімеден кейін қожасы жаман істен тыйылды.
  • ІІ топқа.
  • Тапсырма: Хикаятты өз ойларыңмен аяқта
  • Хикаят. Хазрет Лұқпан өмір сүрген уақытта бір патша озбырлық жасап, шаһардан тысқары жерден зындан жасатып, екі ұлымен бірге Лұқпанды салып, аузын бекітіп тастады. Алайда Хазрет Лұқпан зынданға түсерде қорегі үшін қырық батпан мейіз алып кіріп еді. Мың жыл сонда жатты. Ол патша өлді. Көп ұрпақ алмасып, біреу патша болды. Бір қария кісі айтты: «Пәлен патша Лұқпан деген хакімді ұлдарымен бірге зынданға тастап еді. Алайда ұзақ уақытқа жететін ауқатты қамдап алып кіріп еді.Қандай болған екен?»- деді. Сол сәтте аттанып, зынданды тауып аштырып , ішіне бір кісіні түсірді. Ол кісі: «Бір өліктің сүйегі бар, тірі кісі жоқ»,-деп шықты.Әлгі мағлұмат берген кісінің даналық ғылымынан хабары бар еді. Ол кісі өзі түсіп, шырақ алып көрді: «Ұлы өліпті, өзінің тынысы бар». Шығып патшаға айтты: «Тірі», «Мұның қалай да бір лажын тапқан дұрыс» деп,ол бірнеше данышпан хакімдермен бірге түсіп қараса, кеудесінде болар – болмас дем қалыпты, көз тисе тоқтап қалуы күдік емес. Содан кейін ақылдасып, кеңесіп, айла әдіс істеді: Хазрет Лұқпанның жанынан көр қазып, кілем төсеп, үстіне мақта салды, оны үстіне домалатып алды. Тыста күн тиеді деп көтеріп тұрды. Төртінші күні сары маймен сылап, бір қасықтан үш уақыт аузына тамызды. Жеті күн дегенде көзін ашты. Күннен-күнге әлі кіріп, бір айдан кейін түрегеліп отырды. Хазрет Лұқманның бұл сипатта бейнет тартпағының себебі мынау еді: Бір күні екі ұлымен бірге бір жерден өтіп бара жатып, бір шымшықтың ұясына кез болды. Балалары оны көріп: « Ұстап бер!» - деді. Хазрет Лұқман ұяның аузына шүберек жапты. «Қайтарымызда алармыз»,-деді. Естерінен шығып кетті. Шымшықтың екі балапаны бар еді, өлді,өзі шала-жансар болып жатты.Бірнеше күннен кейін ойларына түсіп келсе, осы жайды көрді, анасын шығарып жіберді. Содан кейін Лұқман ұлдарына былай деп айтты: ....................................................................................................................................................................
  • «Жазамыз сол, біздер де зынданға түсеміз,
  • сендер сонда өлесіңдер, ал мен шығамын».
  • ІІІ топқа.
  • Хикаят. Пайғамбар Адамға: «Алты түрлі жануарды өлтірмеңіз. Бірінші қарғаны бағалаңыз. Адамға жол көрсеткен еді. Екінші құмырсқаны бағалаңыз. Сүлеймен пайғамбарға насихат қылған еді. Үшінші– әтет құсы. Сүлейменге елші болғаны үшін. Төртінші - су бақасы. Намруд отына су сепкені үшін. Бесінші -бал құрты. Балы адамдарға шипа болғаны үшін.
  • Сұрақ: Сіздердің ойыңызша алтыншы жануар не? Және не үшін өлтірмеуіміз керек?
  • Алтыншы - қарлығашты құрметтеңіз. Нұх пайғамбардың кемесін тышқан тесіп, сол тесікті жылан бітеп жатып, Нұхтан дүниедегі ең тәтті етті сұрайды. Маса: «Адам етінен басқа тәтті ет жоқ»,- деп айтпақ болғанда, қарлығаш масаның тілін тістеп, жұлып алады. Яғни, адам баласын жыланға ырыздық болудан құтқарып ыждаһат қылғаны үшін.
  • Ой толғау.
  • «Адамгершілік – ізгі қасиет»
  • • Рабғузи әңгімелерін оқи отырып қандай шешімге келдің? • Өз алдарыңа қандай мақсат қойдыңдар? • «Жақсыдан үйрену, жаманнан жирену» деген ойды жинақтай келе өз шешіміңді, дәптер бетіне түсір.
  • «Иә» немесе «Жоқ» стратегиясы
  • Тапсырма
  • Лұқманға замандастарының бірі:«Пайғамбарлардан үйренген
  • іліміңізді қорытындылап, тәрбие жөнінде бізге қысқаша
  • түсіндіріп беріңізші?»-деп өтініш жасапты.
  • Хакім Лұқман:«Екі дүниеде де пайдасы тиетін бір сөз айтайын.
  • Өткендердің және кейінгілердің ілімдерін дұрыс түсініп,
  • оларды пайдаға асыру үшін сегіз нәрсеге мән беру керек.
  • Олар төрт уақытта төрт нәрсені қорғау, екі нәрсені ұмытпау,
  • екі нәрсені мүлде жадынан шығару.
  • Тапсырма: Лұқман Хакімнің берген жауабы қандай болды?
  • Сендердің ойларыңыз қандай?
  • Берер жауаптарыңызды топта талқылап, талдаңыздар.
  • Ұмытатын екі нәрсе:
  • Біреуге істеген жақсылығыңды,
  • басқаның өзіңе істеген жамандығын.
  • Қорғайтын нәрселер:
  • Намазда көңілді,
  • халық арасында тілді,
  • жеп-ішуде тілді ,
  • біреудің үйіне барғанда көзді.
  • Ұмытпайтын екі нәрсе:
  • Аллахтың ұлылығы мен
  • өлетін уақыты
  • Жауабы
  • Шығарма шын мәнісінде былай аяқталады:
  • Шашынан ұстап шапалақпен тартып жібереді. Бәлкім бұл ұрған шапалағы енді қайтып опасыздық етуіне кедергі болар. Баласының көз жасына қарамастан үйіне кіріп,әйеліне:- Мына баланың мектепте кімдермен жүргенін білуіміз керек. Егер бос жіберетін болсақ,басымызға бәле болуы мүмкін. Кейін ең оңай жолын табады. Баласы күнделігін көрсеткісі келмесе де тыңдамай,күнделігін оқи бастайды. Ең соңғы бетіне былай жазғанын көреді.
  • «Бүгін түнде жаман түс көрдім. Цехта жұмыс істеп жатқан кезде әкемді тоқ ұрған екен. Аллаһ оны сақтай гөр. Мен қолымнан келгенін істеймін.»
  • АКТ тапсырмалары
  • 1.Насыр-ад-дин Рабғузидің еңбегін көрсетіңіз
  • A) «Хұсрау - Шырын». B) «Қисса Жүсіп» C) «Қисса-сул әнбия» D) «Түркіше Гүлстан»
  • 2.Насыр-ад-дин Рабғузи қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін көрсетіңіз
  • A) Алтын Орда дәуірінің B) Ежелгі түркі дәуірінің C) Қайта өрлеу дәуірінің D) Хандық дәуірдің
  • 3.«Қисса-сул әнбия» қай жылы жазылғанын белгілеңіз
  • A) 1350 B) 1310 C) 1340 D) 1380
  • 4.«Қисса-сул әнбия» 1914 жылы қай қалада басылып шыққанын көрсетіңіз
  • A) Ташкентте B) Стамбулда C) Қазанда D) Уфада
  • 5.«Қисса-сул әнбияны» тақырып-мазмұны мен идея - мәніне қарай 3 топқа жіктеп қарастырған қазақ ғалымын белгілеңіз.
  • A) М.Әуезов B) Б.Кенжебаев C) Е.Ысмайылов D) З.Ахметов
  • 6.«Лұқман» сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы –
  • A) шешен B) ақын C) өнерпаз D) данышпан
  • 7.Рабғузи «Қисса-сул әнбия» еңбегін қай тілде жазғанын көрсетіңіз.
  • A) тәжік B) түркі C) араб D) парсы
  • 8.Үзіндідегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңыз.          Бірінші алғанда, бермей кетейін деп арамдық ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай ................ болма.
  • A) сараң B) қызғаншақ C) қараниет D) ақылсыз
  • 9.Үзіндідегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңыз.......          Тәтті болмақ та, ащы болмақ та ...
  • A) ақыл мен білімнен B) ой мен ниеттен C) тіл мен жүректен D) көңіл мен сезімнен
  • 10. Қарлығаш жыланға масаның сөзін басқаша түсіндіріп, ненің еті тәтті деп алдайтынын белгілеңіз.
  • A) құрбақаның B) тышқанның C) маймылдың D) тауықтың
  • Сендердің ойларыңша Лұқман хакім
  • қандай адам?
  • Ұлылар
  • шығармашылығындағы
  • үндестік
  • неде?
  • С. Сарай
  • Әбу Насыр
  • әл -Фараби
  • А. Иассауи
  • Қорқыт
  • Рабғузи
  • АКТ тапсырмалары
  • 1.Насыр-ад-дин Рабғузидің еңбегін көрсетіңіз
  • A) «Хұсрау - Шырын». B) «Қисса Жүсіп» C) «Қисса-сул әнбия» D) «Түркіше Гүлстан»
  • 2.Насыр-ад-дин Рабғузи қай дәуір әдебиетінің өкілі екенін көрсетіңіз
  • A) Алтын Орда дәуірінің B) Ежелгі түркі дәуірінің C) Қайта өрлеу дәуірінің D) Хандық дәуірдің
  • 3.«Қисса-сул әнбия» қай жылы жазылғанын белгілеңіз
  • A) 1350 B) 1310 C) 1340 D) 1380
  • 4.«Қисса-сул әнбия» 1914 жылы қай қалада басылып шыққанын көрсетіңіз
  • A) Ташкентте B) Стамбулда C) Қазанда D) Уфада
  • 5.«Қисса-сул әнбияны» тақырып-мазмұны мен идея - мәніне қарай 3 топқа жіктеп қарастырған қазақ ғалымын белгілеңіз.
  • A) М.Әуезов B) Б.Кенжебаев C) Е.Ысмайылов D) З.Ахметов
  • 6.«Лұқман» сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы –
  • A) шешен B) ақын C) өнерпаз D) данышпан
  • 7.Рабғузи «Қисса-сул әнбия» еңбегін қай тілде жазғанын көрсетіңіз.
  • A) тәжік B) түркі C) араб D) парсы
  • 8.Үзіндідегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңыз.          Бірінші алғанда, бермей кетейін деп арамдық ойлап едің, ол саған бұйырмады. Екіншіде адалдық ойлап едің, пайда таптың. Бұдан былай ................ болма.
  • A) сараң B) қызғаншақ C) қараниет D) ақылсыз
  • 9.Үзіндідегі көп нүктенің орнына тиісті сөзді табыңыз.......          Тәтті болмақ та, ащы болмақ та ...
  • A) ақыл мен білімнен B) ой мен ниеттен C) тіл мен жүректен D) көңіл мен сезімнен
  • 10. Қарлығаш жыланға масаның сөзін басқаша түсіндіріп, ненің еті тәтті деп алдайтынын белгілеңіз.
  • A) құрбақаның B) тышқанның C) маймылдың D) тауықтың
  • Үйге тапсырма:
  • 1.Сендердің ойларыңша Лұқман хакім қандай адам? деген тақырыпта эссе жазып келіңдер
  • 2.Рабғузидің шығармаларын оқып келу.
  • 3.Әдебиет теориясы «Миф» жаттау
  • «Екі жұлдыз, бір тілек»
  • Бағалау.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет