Сабақтың тақырыбы: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тригонометриялық функциялары



бет3/6
Дата23.05.2020
өлшемі306,5 Kb.
#70860
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатынастар

Лабораториялық жұмыс.

Оқушыларға катеттері 6 cм, 8 см және гипотенузасы 10 см болатын тікбұрышты үшбұрыш салу тапсырамын.



  • Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын жаз;

  • Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын жаз;

  • Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасын жаз.

Дескриптор

  • Қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын жазады;

  • Іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасын жазады;

  • Қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасын жазады.

Тікбұрышты үшбұрыштың кабырғаларының қатынастары арқылы бұрыштың синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің анықтамалары беріледі.



Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына іргелес жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың косинусы деп аталады.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің гипотенузаға қатынасы осы бұрыштың синусы деп аталады.
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышына қарсы жатқан катеттің іргелес жатқан катетке қатынасы сол бұрыштың тангенсі деп аталады.

  • sin α, cos α және tg α анықтамаларынан мынадай ережелер шығады:

  • α бұрышына қарсы жатқан катет гипотенуза мен sin α-ның көбейтіндісіне тең;

  • α бұрышына іргелес жатқан катет гипотенуза мен соs α-ның көбейтіндісіне тең;

  • α бұрышына қарсы жатқан катет екінші катет пен tg α -ның көбейтіндісіне тең




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет