Сабақтың тақырыбы: Зар заман поэзиясы. Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы 5 апта Дәрістің мақсаты



бет1/2
Дата01.02.2022
өлшемі17,86 Kb.
#130360
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
№5 дәріс
10 сынып алгебра бақылау, Факультатив 11 сынып матсауаттылық, Текст 3 ученик, DriverLicense РАБИГА БАЛКЫБЕКОВА5380097345342668202, ekman-p.-psihologiya-lzhi.-obmani-menya-esli-smozhesh-getlib.ru


Бесінші дәріс
Сабақтың тақырыбы: Зар заман поэзиясы. Шортанбай Қанайұлының әдеби мұрасы

5 - апта

Дәрістің мақсаты:


  • Қазақ әдебиетіндегі зар заман поэзиясы туралы Ы.Алтынсаринның, М.Әуезовтің, М.Мырзахметовтың, Ә.Кекілбаевтың тұжырымдарын зерделеу.

  • Шортанбай Қанайұлының өмірі мен шығармашлығы. Ақын мұрасының зерттелуі және басылым жайын зерделеу.

  • Шортанбай Қанайұлының шығармаларындағы шариғат негіздеріне тоқталу.

  • Шортанбайдың өлеңдеріндегі заман зарына тоқталу. Ресей патшалығының отарлау саясаты туралы шығармаларды тарихи деректерге сүйене отырып дәлелдеу.

  • Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы туралы Х.Сүйіншәлиев, Қ.Мәдібай, Б.Омаровтардың еңбектерін зерделу..

  • Шортанбай поэзиясының өрімі, тіл кестесіне тоқталу.

Қазақ әдебиеті тарихындағы зар заман ағымы. Зар заман поэзиясындағы негізгі сарын. Зар заман әдебиетінің айтулы өкілдері.

Зар заман – қазақ әдебиетінің тарихындағы елеулі ағым. Зар заман – қазақ әдебиетінің ауызшадан жазбашаға ойысқан өтпелі кезеңнің әдебиеті. М.Әуезовтің қазақ әдебиеттану ғылымында зар заман ағымының ғылыми негіздемесін жасаудағы орны. Зар заманды жүз жылдық дәуірдің әдебиеті деп атап, оның туын тікелей орыс отаршылдығымен байланыста қарастыруы. Оның зар заманды үш кезеңге: әлеуметшілдік, ісшілдік, дін мен мәдениет иісі шыққан кезеңдерге бөлуі. Зар заман сарынының күшейген түсы қазақ жерінің отаршыл жер отарына айналған кезеңі (1867 жылдан кейінгі) деп атап көрсетуі. Зар заманның одеби ағым есебіндегі көркемдік негіздемелерін тұжырымдауы. С.Мұқановтың зар заман әдебиетіне байланысты айтқандары. Зар заман әдебиетінің зерттелу тарихындағы саяси негіздемелер. Оның қилы қалыпта бағалану, танысу тарихы. Зар заман поэзиясының негізгі сарын, көркемдік сипат жөнінен кейінгі кезеңдердегі зерттелу жайы. Зар заман дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдері. Шортанбай, Дулат, Мұрат, Шернияз, Әбубәкір, т.б. шығармашылық мұрасының әдебиет тарихындағы орны. В.Радлов, Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, С.Мұқанов, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, Ә.Қоңыратбаев, С.Қирабаев, Т.Кәкішұлы зар заман поэзиясы туралы. А.Шәріп, Б.Омарұлы, Қ. Мәдібай, т.б. зар заман ағымының көрнекті түлғаларының шығармашылық мұрасын қазірге кезеңде зерттеуі.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Өмірібаян деректері. Шығармашылық мұрасының басылым, зерттелу жолы. Шортанбайдың «Бала зары» жинағы (1880). Шортанбайдың «Зар заман», «Бала зары», т.б. толғауларындағы замана күйі. Шортанбай өлеңдеріндегі ел мінезі. «Мініп көрер күші жоқ, сауып ішер сүті жоқ» ақша дейтін мал шыққан жаңа заманның әлеуметтік кеселдерінің айқын көрініс табуы. Анасын тыңдамайтын қыз, атасын тыңдамайтын ұл өсіп, жақынын жаттай көріп, бай болсам, болыс болсам деп ақкөзденіп, ар-иманнан безген жұрттың азған қалпын жеткізудегі ақын шеберлігі. Шортанбайдың үлгі-насихат, үлгі-өнеге, тәрбие мәнді толғаулары. Шортанбай толғауларындағы дін жайы. Ақынның тіл кестесі. Өлең құрылымы. Текстологиялық мәселелері.

Шортанбайдың «Зар заман» қолданысы қазақ әдебиеті тарихындағы әдеби ағымның атауына айналуы.



Шортанбай шығармашылығының М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, Қ.Жұмашев, С.Талжанов, Ы.Дүйсенбаев, Б.Сүлейменов, Х.Сүйінішәлиев, т.б. ғалымдар тарапынан бағалануы. Шортанбайдың әдеби мұрасын саяси жөннен бағалаудың себеп-салдары. Шортанбай Қанайұлының шығармашылығын зерттеудің қазіргі кезеңдегі көкейкесті мәселелері. Ақын шығармаларының текстологиялық мәселелері. Шортанбай Қанайұлының айтыстары, толғау өлеңдері, арнау өлеңдері – қазақ әдебиетінің құнды жәдігерлері.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет