Сабақты талдау мен өзіндік бағалаудың өзі мұғалімнің шығармашылығының элементі: Өзіндік талдаусыз мүмкін емес



бет3/3
Дата03.02.2022
өлшемі21,69 Kb.
#130577
түріСабақ
1   2   3
Мұғалім портфолиосы

Мұғалім портфолиосы туралы түсінік

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:

- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;

- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;

- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;

- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.

- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.

- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.

Портфолоионы жасақтау қиындықтары

- Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау.

- Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі.

- Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы.

- Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.

Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары

1. Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы.

2. Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.

3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.

Мұғалім портфолиосының түрлері

1. Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).

2. Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).

Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері

“Автопортрет” бөлімі:

Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.

“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:

Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер. “Жұмыс материалдары” бөлімі:

Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен). “Менің жетістіктерім” бөлімі:

Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.

Мұғалім портфолиосының мазмұны

- Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.

- Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.

- Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.

- Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.

- Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытынды, түпкі нәтижелері.

- Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.

- Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).

- Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.

- Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграммалар).

- Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.

- Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары.

- Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.

- Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.

- Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары.

- Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері.

- Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецензиялары.

- Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).

Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы

1.Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;

2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.

3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзімді көрсету;



4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.

5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет