Сабақтың технологиялық картасы (жоспары) Топ Күні нег. Вт >14. 11



бет5/10
Дата03.05.2020
өлшемі317,28 Kb.
#65572
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
00056471-d5db7a95
азаматтық қорғаныс, Эссе Мен ұстазбын, Эссе Мен ұстазбын
ІІІ. ЖАҢА ТАҚЫРЫПТЫ ТҮСІНДІРУ

V Бөлім. Adobe Flash бағдарламасы

Курс тақырыбы: 5.1 Adobe Flash-та жұмыс істеу негізі.

Сабақ тақырыбы: Flash-анимация құру әдістері.

Жоспар:


  1. Кадр бойынша (Классикалық) анимация

  2. Автоматтық анимациялау (Tweened анимациясы)

  3. Сценарийге негізделген анимация.

Оқушыларды ағылшын терминдерімен таныстыру

motion tweening - аралық қозғалысы

motion-animation - қозғалыс-анимация

Motion Guide - Басшылық Қозғалыс

Action Script - Сценарий-Іс-Қимыл

Layer – қабат
Flash’тегі анимация “мултикте” қолданылатын объектілердің қасиетін өзгертуге негізделген. Мысалы, мультиктерде объектілердің пайда болуы немесе жоғалуы мүмкін, сондай-ақ объектілер орнын, формасын, өлшемін, түсін, мөлдірлілігін т.б. өзгертуі мүмкін. Flash’те объектілерді анимациялаудың үш түрлі механизмі қарастырылған:
• кадрлап (“классикалық”) анимациялау – автор, құрып отырған мультигінің әр кадрын өзі безендіріп отырады.

• автоматты анимация (tweened-анимация), құрушы тек алғашқы және соңғы кадрларын жасайды, ал Flash аралық кадрларды өзі генерациялайды; tweened-анимацияның екі түрі бар: объектілерді жүргізуге негізделген (motion-animation) және объектілерді трансформациялауға (формасын өзгертуге) негізделген (shape-animation);

• сценарий негізінде құрылатын анимация, сценарий обьектілердің өзгеріп отыруын Flash’тің өз тілінде сипаттайды, ол ActionScript деп аталады; бұл тілдің синтаксисі Web-публикацияда қолданылатын басқа сценарий тілдерінің синтаксисін (мысалы, JavaScript және VBScript) еске түсіреді.
Бұл механизмдердің әрқайсысының артықшылығы болғанымен кемшіліктері де бар. Көп жағдайда tweened-анимацияның мынадай екі артықшылығы болады:


  • Біріншіден, автор әр кадрды жекелеп жасап қиналмайды;

  • Екіншіден, мұндай мультиктерді жүргізу үшін Flash тек алғашқы және соңғы кадрларды ғана сақтап отырады, бұл филмнің көлемі аз болуын қамтамасыз етеді.

  • Тweened-анимация қарапайым сюжеттер жасауға ғана күші жетеді.

  • Ал ActionScript сценарийлері арқылы объектілердің жетерліктей күрделі құбылыстарын жасауға болады. Бірақ ол үшін ActionScript тілін жетік үйрену керек. Басқа сөзбен айтқанда, өзіңіздің жеке мультигіңізді жасауға кіріспей тұрып, оны реализациялау механизмінің қай түрін таңдайтынымызды анықтап алуымыз керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет