Сабақтың түрі : дәстүрлі емес, зерттеу сабағы



Дата01.04.2017
өлшемі66,22 Kb.
#12829
Сабақтың мақсаты; Оқушыларды зерттеу жұмысына баулу. Қазақстанның қалалары туралы  мәлімет  беру, берілген мәтінді дұрыс оқуға, түсінуге дағдыландыру, оқушылардың іздену-зерттеу жұмыстарын жүргізуіне жағдай жасау. Өз ойларын еркін айта білуге үйрету.

Сабақтың міндеті : Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, ой - өрістерін арттыру. Оқушылардың лексикасын байыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру. Топтық процеске байланысты пікір алмасу, ақпараттарды зерттеу барысында проективтік ойлау, ортақ қорытынды шығару қасиеттерін арттыру. өз Отанын, халқын, жерін сүюге, өз жеріне мақтаныш етуге тәрбиелеу. Ұжымдық шығармашылыққа , ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : дәстүрлі емес, зерттеу сабағы.

Сабақтың типі : Жаңа сабақ

Сабақтың әдіс – тәсілдер : сұрақ – жауап , іздендіру, тестік әдіс, топтық жұмыс, ой ашар тәсілі, алгоритм , сыни тұрғысынган ойлау .

Сабақтың формасы : топпен жұмыс , жалпысыныптық жұмыс.

Сабақтың көрнекілігі : Қазақстан картасы, қалалардың суреттері, кесте, оқулық, альбом, кітаптар, тест тапсырмалары, бейнежазба, зерттеу жұмысының кестесі.

Пәнаралық байланыс : жағрапия, орыс тілі, информатика,Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі .

1. Сәлемдесу

2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Жақсы көңіл күй тілеймін!

ІІ. Жаңа сабақ. Тақыбырын өлең тыңдату арқылы ашамыз. Қазақстан өлеңі

1 кезең. Фонетикалық  жаттығу.

 Сабақтың мақсатын айту.

-Қандай қалаларды білесіңдер?

- Ең әдемі қала қалай аталады?

-Бізге қандай қала жақын?

-Әлемдегі ең үлкен қала ?

-Қай қалалар Қазақстан астанасы болды?


 

2 кезең. Қазақстан картасымен жұмыс.

                                        

-Біздің тақырыбымыз «Қазақстан қалалары». Оларды қалай білесіңдер қазір тексереміз 

- Жерімізге бұлт төңбес үшін әр бұлтты ашып, сұрақтарға жауап береміз. Қай қала екенін анықтаймыз. Кім бірінші бастайды ?

Бұлттағы сұрақтар.

1. Қазақстаның орталық аймағында орналасқан, алтын өндіретін, ауыл шаруашылығымен айналысатын қай өңір?

2. Оңтүстік шығыста орналасқан ауыл шаруашылығымен айналысады, жеміс – жидек мол жер? 

3. Батыста, Каспий  маңында орналасқан, мұнай өндіреді?

5. Оңтүстік орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, қызылша өсіреді?

7. Батыстың солтүстік жағында орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, газ өндіреді ? 

8. Орталықта орналасқан, көмір, қара металды аймақ?

9. Республиканың оңтүстігінде орналасқан күріш өсірумен айналасады? 

10. Республиканың солтүстігінде орналасқан, ауыл шаруашылығымен айналасады, темір рудасын өндіреді? 

11. Республикамыздың солтүстік аймағында орналасқан ауыл шаруашылығы астық бай өлке.

 3. кезең.

- Аталған қалаларды мен жұлдыздармен белгіледім. Ерекше үш жұлдыз тұр. Ол қандай қалалар? (Алматы,Астана,Қостанай)

- Неге бұл қалалар ерекше деп ойлайсындар ?

- Алматы – бұрынғы астанамыз. 

- Қостанай – біздің туған жеріміз. 

- Астана – жаңа ел ордамыз.

- Астана туралы не білесіңдер ? (оқушылардың жауаптары)

- Жарайсыңдар, енді Астана туралы бейнесюжетті көрейік. (бейнесюжетті көру). 

Бейнесюжетті көру.  (Алматы, Қостанай)

4 кезең

Жаңа сөздермен жұмыс

 қала мәртебесі-статус города

дамыған болу керек-должны быть развиты

күрделі байланыс жүйесі-крупная система связи

көгалдандыратын-озеленяющий

Қазіргі заманғы талаптарға –современные требования
Құнарлы-почвенная 
Топырақ –земля,почва. 

5 кезең. Топпен жұмыс. 

- Балалар, бүгінгі сбағымыз күндегі сабақтан ерекше болмақ. Себебі біз үш топқа бөлініп, зерттеу жұмысын жасаймыз.

-Үш топ: тобы – Алматы қаласын зерттейді.

                тобы – Астана қаласын зерттейді

                тобы – Қостанай қаласын зерттейді. 


Бәріміз бір топпыз

Жалқаулыққа жоқпыз.

Аянбай еңбек етеміз,

Мұратымызға жетеміз.

Бір – бірімізге тірекпіз,

Бірге соққан жүрекпіз

Аламыз білім жақсы ғып,

Тілейміз бәрімізге сәттілік!


 

- Топтың ішінде әр оқушының қызметі болады

-   ЗЕРТТЕУ ТОПТЫҢ ЖЕТЕКШІСІ  КОНСУЛЬТАНТ  қызметін атқарады -  ЛИНГВИСТ  қызметін атқарады.

-  ТАРИХШЫ   қызметін атқарады

 -  ГЕОГРАФ  қызметін атқарады

- Әр топқа зерттеу жұмысының жоспары берілді, және компьютер көмегімен ақпарат жинау

 

ЗЕРТТЕУ  ЖҰМЫСЫНЫҢ  ЖОСПАРЫ



1. Географтардың  зерттеу  жұмысы

-  географиялық орналысуы

- қаланың көлемі

- халықтың саны

- су ресурстары

- қала мәртебесін алған жылы

2. Тарихшылардың зерттеу  жұмыстары

- қаланған жылы

- бұрынғы аттары

- мәдени орындары

- тарихы ескерткіштері

3. Лингвисттардың зерттеу  жұмысы        

- фонетикалық талдау жасау ;                                                                                     

- топтарды басқару;

-  түсініксіз, таныс емес, бұрын кездеспеген сөздерді , сөз тізбектерді түсіндіру;

- топтардың оқулық іскерліктерін ұйымдастыру;

- оқушылардың сөйлеу сапасына, сөздік құрамына, дыбыс ерекшеліктеріне басты назар  аударып ,керекті жерлерін  түзетіп , қайталатып, қажет сөзді табуға көмектеседі.

- Сендердің жұмыстарынды басшы кесте бойынша бағалайды.   

- Жұмысқа кірісейік!

 

6 кезең. Зерттеу  жұмысы



- компьютермен жұмыс

- мәтінмен жұмыс

- жоспар бойынша зерттеу жұмысы

 

7 кезең. Қорғау кезеңі.



1. Басшылар.
2. Географтар. Жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.

 

Алматы Астана Қостанай



1. Географиялық орналысуы

2. Көлемі

3. Халықтың саны

4. Су ресурстары

 

3. Тарихшылар. Жоспар бойынша кестені толтырып, қорғайды.



 

Алматы Астана Қостанай

1. Қаланған жылы

2. Бұрынғы аттары

3. Мәдени орындары

4. Тарихы ескерткіштері

5. Қала мәртебесік алған жылы

 

4. Лингвисттер.                                                    ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ



 

 Алматы тобына Алматы сөзі

 

(Астана тобына АСТАНА  сөзі беріледі, Қостанай тобына Қостанай)



 
8 кезең. Бекіту кезеңі. 

- Бүгінгі сабақта алған білімдерінді тест бойынша тексереміз. Бір – бірімізді қалай тыңдадық. Тест сұрақтары

 

9 кезең. Қорытынды.



Синквейн әдісі арқылы

Қала


Әдемі, үлкен

Орналасқан, гулденген, дамыған

Астана ең әдемі қала.

Шаһар, кент

10кезең. Баға қою

. басшылар геогр\р тарих\р лингв\р қорытынды

– тобы

– тобы


– тобы

11 кезең. Үй  тапсырмасы. 



«Қазақстанның ірі қалалары» тақырыбына эссе жазу

оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне белгілеп алады.
Каталог: uploads -> doc -> 0bba
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0bba -> Тақырыбы: Дидактикалық ойынның маңызы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет