Сабақтың түрі: ашық альбом Барысы: 1-слайд І бет «Отты жылдар шежіресі»


Петр Иосифович Теряев (1922-1945)



бет3/7
Дата11.11.2016
өлшемі0,69 Mb.
#1474
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7


Петр Иосифович Теряев
(1922-1945)


Петр Иосифович Теряев Қарқаралыда туды. Петр 1943 жылдан бастап соғысқа қатысты. Ержүрек ұшқыш 154 рет жауынгерлік тапсырмамен аспанға көтеріліп, дұшпанға соққы берді.
1945 жылғы ақпанның 15-де кезекті шайқаста оның самолетіне оқ тиді. Ол өзінің даңқты әріптесі Николай Гастелло және жерлесі Нұркен Әбдіровтің ерлігін қайталап, самолетін фашист танктері тұрған алаңға бұрып, ерлікпен қаза тапты.

Прокопий Прокопьевич Корниенко

1911 жылы қазіргі Тельман ауданы Ростов ауылында туған. Солтүстік майданның атқыштар полкінің барлаушысы болған П.П. Корниенко - Кеңес Одағының Батыры. Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.


Нұркен Әбдіров
(1919-1942)

Кеңес Одағының Батыры - Әбдіров Нұркен 1919 жылы Қарқаралы дүниеге келген. Барлығы 17 рет әуе шайқасына қатысқан.


1942 жылы желтоқсанның І9-да біздің батыр жерлесіміз соғыс аспанына соңғы рет самғап шыққан еді. Жау оғы оның самолетіне дөп тиіп, өртене бастады. "Өзекті жанға бір өлім" деген ой шарпып өткен ұшқыш, отқа оранған күміс қанат сұңқарды фашист танктері шоғырланған тұсқа қарай бұрды.



Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»

3-слайд

ІІІ бет - «Майдангер ақын, жазушылар»

Мұғалім: Деректерге сүйенсек: Қазақстаннан Ұлы Отан соғысына 60-тай ақын, жазушы қатысқан екен. Соның 48-і қазақ ұлтының өкілдері. Сондай жандардың бірі әрі жерлесіміз, әрі жұртшылыққа талантымен танымал Б.Бұлқышев.

Мұғалім: Жоқ, болмайды, мен өлмен,

Өшпес менде өмір бар.

Өлім мен өмір күресте,

Өлімді өмір жеңе алар.

Біз алмастай қамал жоқ,

Дүлей дауыл соқса да.

Жеңбестей еш күш жоқ,

Алысса да, атса да, - деп жырлаған батыр да ақын ағамыз Баубек Бұлқышев осы қанды соғыстың құрбаны болды.

Әдебиетте жарқ етіп көрініп, жұлдыздай тез сөнген Баубек Бұлқышев ағамыз небәрі 28 жыл ғана өмір сүрді. Ол Қарағанды облысы, Ұлытау ауданындағы "Аманкелді" аулында 1916 жылы дүниеге келді. Баубектің әкесі А. Иманов басқарған ұлт-азаттық қозғалысына белсенді қатысқан.

Ол Ұлы Отан соғысында ұрыстарға алғашқы күндерден бастап қатысады.



Шығармаларын қазақ, орыс тілдерінде жазған. “Балалық шақ” поэмасы, “Ауылдан Алматыға” атты әңгімесі, “Өмір мен өлім туралы” деген өршіл, отаншыл мақаласы, “Алматы — менің туған қалам” деген бітпей қалған романы және “Айсұлу” деген поэмасы бар. Көптеген өлеңдер жазған. Б.Бұлқышев соғыс жылдарында жауынгер -публицист ретінде жарқ етіп көзге түскен. Оның "Өмір мен өлім туралы", "Өмір сүргім келеді", "Заман біздікі", "Шығыс ұлына хат", "Тыңда, Кавказ", "Жауыздық пен махаббат" деген публицистикалық шығармалары майдан жауынгерлерін ерлікке, патриоттылыққа үндеді. 1944 жылдың бас кезінде майданда қаһармандықпен қаза тапты.


Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет