Сабақтың түрі: Сайыс сабақ. Жоспары І бөлім. «Ой қозғау»



бет1/2
Дата16.02.2023
өлшемі29,52 Kb.
#168980
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
Саба ты т рі Сайыс саба . Жоспары І б лім. «Ой оз ау» (2)
КТП 10-11 сынып


«Жас математик» атты интеллектуалды ойын.
Мақсаты: Оқушылардың білім – білік дағдыларын байқау, олардың қабілетін ашу, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыру.
Жылдам ойын қорытып жауап беруге жаттықтыру, логикалық математикалық тілді дамыту.
Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ.


Жоспары
І бөлім. «Ой қозғау» (логикалық, теориялық сұрақтар)
ІІ бөлім. «Сандар сөйлейді»(Тәуелсіздікке байланысты сұрақтар)
ІІІ бөлім. «Сырлы сандар әлемі»
IV бөлім. «Ойымды жалғастыр»(мақал-мәтелдер)
V бөлім. «Математиканың ұлы тұлғалары».
VI бөлім. «Криптограмма».

Мұғалім: Қымбатты ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі біздің 5 - 9 сыныптар арасындағы " Жас математик " атты интеллектуалдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Математика – ермек емес балалық,
Математика – көрегендік, даналық.
Математика – құрметтеуге лайық,
Кел, балалар, мұны жақсы ұғайық!

Оқушылар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Сіздер бұл әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіңдер.
Біздің сайысымыздың ерекшелігі – оқушылар арасындағы бірден жарыстың басталуында. Сайыста сіздерге әр түрлі қызықты сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу үшін, сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек ойланып, жауап берулерің керек және тапсырмаларды орындауларың қажет. Әр дұрыс жауап үшін оқушы балл алады.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді, - дей отыра, қатысушыларымызды ортаға шақырайық.
5 сынып оқушысы – Асылбек Мөлдір
6 сынып оқушысы – Закария Айзере
7 сынып оқушысы – Елекешов Нуралы
8 сынып оқушысы – Тажанова Диана
9 сынып оқушысы – Болат Аманат

Мұғалім: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық.



  1. Математика пәнінің мұғалімі – Мусагалиева Сара Абуханқызы

  2. Ұланбасы – Тажанова Диляра Орынбасарқызы

  3. Бастауыш пәні мұғалімі – Берік Жанар Қанатқызы



1 бөлім. Ой қозғау
1) 7жұмыртқаның бағасы 7 теңге болса,100 жұмыртқаның бағасы қанша теңге? (100)
2) 1 - ге көбейтілген сан... (сол санның өзі)
3) Тік төртбұрыштың периметрінің формуласы. Жауабы:Р = 2 (а + в)
4) Жарты түзу. (Сәуле)
5) Арақашықтықтың төрт өлшем бірлігі. (км, м, см, дм)
6) Ең кіші жай сан. (2)
7) Киелі сан. (7)
8) Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша? (3 кг)
9) Бүтін және бөлшек бөлігінен тұратын сан. (аралас сан)
10) Бөлшек сызығының астыңдағы сан. (бөлімі)
11) Кесіндіні өлшейтін құрал. (сызғыш)
12) Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (дұрыс бөлшек)
13) 6 нөлі бар ондық сан. (1000000)
14) Ағаш үстінде 30 торғай отыр еді. оның екеуін атты, нешеуі қалды? (2)
15) Нөлге көбейтілген сан... (0)
16) Квадраттың ауданының формуласы. (S=а2)
17) 9 нөлі бар ондық сан. (млрд)
18) Ең кіші натурал сан. (1)
19) Алымы бөлімінен үлкен бөлшек. (бұрыс бөлшек)
20) Тәуелсіз айнымалы қалай аталады? (икс)
21) Ешкіні қазыққа арқандағанда қандай фигураның шөбін жейді? (шеңбер тәріздес)
22) Бөлшек сызығының үстіндегі сан. (алымы)
23) Екі бөлгіші бар сан қалай аталады? (жай сан)
24) Жай да, құрама да сан емес. (1)
25) Түзулер екі нүктемен шектелген бөлігін не деп атайды? (кесінді).
26) Массаның төрт өлшем бірлігі. (кг, г, т, ц)
27) Спутник жер шарын 103 минутта айналып өтті, ол неше сағат, неше минутта айналып өтті? (1 сағ 43 мин).
28) Кез келген санның нөл дәрежесі (1)
29) Барыс бір секіргенде 288 см ұзындыққа секіреді. Неше метр, неше дециметр, неше сантиметр? /2м 8 дм 8 см/
30) «6 аяқ,2 арқа,1 бас».Бұл не?(Орындықта отырған адам)


ІІ бөлім. « Сандар сөйлейді» (Тәуелсіздікке байланысты сұрақтар)


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет