Сабақтың түрі: тәжірибелік. Өткізу әдісі: түсіндіру, баяндау, көрнекілікпен көрсету



бет17/43
Дата07.02.2022
өлшемі77,24 Kb.
#83054
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43
Байланысты:
тер каз

Негізгі дəрі дəрмектер тізімі: *Левотироксин 25 мкг, 50 мкг,75 мкг, 100 мкг, 125 мкг, 150 мкг, таблеткалар.

Зобтың бір атауы – «жемсау». Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады. Қалқанша безі адамдарда кеңірсіктің алдыңғы қабатында орналасқан. Қалқанша безінің ұлғаюы мойының жуандауына әкеледі. Зоб ауруына шалдыққан кезде, қалқанша безінің қызметі бұзылып, гормондары не аз, не көп мөлшерде бөлінеді. Бұл ауру тек шығармашылық адамдарда ғана емес, барлық кәсіп иелерінде болады. Оның себебі тұқымқуалаушылық, инфекциялар, психикалық жарақаттар, ағзаның әлсіреуі, шаршау, депрессия, орталық жүйке жүйелерінің, жыныс бездерінің дұрыс қызмет істемеуінен болады. Күн тәртібіне бағынбай, түнде ұйықтамай, дер кезінде тамақтанбай шапқылап жүргендіктен болады. Оларға диффузды токсикалық зоб тән. Қалқанша безінің гиперфункциясы мен гипеплазиясы салдарынан пайда болған зоб. Есте сақтау қабілеті төмендеу, депрессияға, жүйке тозуы, терінің кеуіп, шаш түсуі, ағза температурасы төмендеу, ағзаға су жиналып, қабынудың салдарынан салмақ қосу немесе салмақ тастау. Бет домаланып, өңі қашуы болады.


Зобтың түрі көп. Соның ішіндегі көп тарағаны-эндемиялық зоб. Оның 3 сатысы бар: 1. қалқанша безі көрінбейді, сипалағанда сезілмейді. 2. қалқанша безі көрінбейді, бірақ сипалағанда сезіледі. 3. қалқанша безі жұтынған кезде көрініп тұрады.

Адам қанының құрамындағы йод мөлшері жыл мезгіліне байланысты азайып-көбейіп отырады. Қыркүйек, қаңтар айларында қан құрамында йод мөлшері азайып, ақпанда көтеріледі. Күн ысыған кезде мамыр айларында йод жоғарылайды. Еркектерге қарағанда, әйелдер 3-4 есе көп ауырады. Ағзадағы йодтың 90 пайызы тамақ арқылы толықтырылады. Күнделікті тағам құрамына мән берген жөн. Йод балықтарда, теңіз өнімдерінде, балдырларда, балық майында көп. Теңіз қырыққабатын ламинарияда көп болады. Жемістерден: апельсин, лимон, банан,қауын, жүзім, ананас, құлпынай, алма, құрмада көп. Сүт, жұмыртқа, сары май, сиыр еті, бидай өнімдері йодқа өте бай. Жидектер: сарымсақ, шалқан, қызылша, картоп, кәді, сәбіз, қызанақ. Бірақ ет пен балықты қайта-қайта мұздатқанда оның ішіндегі йод жойылады. Отаны асқынған жағдайда ғана жасаған дұрыс. Зоб аяғы ауыр аналарда қауіпті жағдай туғызуы мүмкін. Себебі ауру асқынған кезде шақалақ өліп кетуі мүмкін. Жаңа туған нәрестеде қалқанша безінің дамымай қалуы, туа біткен гипотиреоздық қалыптасуы ықтимал. Қауіптісі нәресте ақыл есі кемтар болып туылуы мүмкін. Диагноз қойылған бала өмір бойы гормондық ем алуға мәжбүр. Уақтылы емделсе, эндемиялық зобтан қауіп жоқ. Зобтың токсикалық түрі ұзақ уақыт емделіп, дәрігер қарауында болу керек. Дәрігердің рұқсатынсыз бала тууына болмайды. Егер отбасында біреу зоб болып ауырса, тұқым қуалауы мүмкін. Ол тиреоидтық гормон биосинтезінің генетикалық бұзылуы. Зобты әркім өзінше емдемеу керек. Эндокринолог дәрігерлер емдейді. Сырқаттың бірінші дәрежесінде тек қана йодталған Йодомарин, йодты калий сияқты дәрілер ішу. Йодқа бай тағамдар ішу. Емі дұрыс жүрген адам, йодты тағамдарды үнемі пайдаланса сауығып кетеді. Зобтың тұқым қуалайтын, қатерлі түрлеріне шалдыққандары құлан таза жазылып кетпесе де, дер кезінде емделсе, сырқат созылмалы күйінде қалады. Науқастар берілген мөлшердегі дәріні ішіп тұру керек. Егер ем дұрыс жасалса, 8 аптада жағдайы түзелуі тиіс. Кейде екі жылға дейін созылады. Қалқанша безінің көлемі қалпына келсе, бір жылдан кейін йод қосылған препараттарға көшу қажет.


Гипофиз (гр.«һурорһуsіs» - өсінді) аралық мидың астыңғы жағына жіңішке өсінді арқылы бекінеді. Пішіні үрмебұршақ тәрізді, ересек адамдар да салмағы 0,5-0,6 г-ға жетеді. Гипофиз - безді және жүйке ұлпаларынан тұрады. Гипофиз алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден тұрады. Бұл безден бөлінетін 25 түрлі гормонның 7-еуі жеке бөлініп алынып, толық зерттелген.
Гипофиз – ішкі секреция бездері қызметтерін реттеуге қатысатын эндокринді мүшелер жүйесінің орталық безі. Гипофиз – күрделі мүше, ол аденогипофиз (алдыңғы және орталық бөліктері) және нейрогипофиз (артқы бөлігі). Гипофиздің алдыңғы бөлігі 2 бөлікке бөлінеді: өсу гормоны пролактин және тропты гормондар (тиреотропин, кортикотронпин, гонодатропин).
Бірінші топқа самататропин және пролактин жатады. Өсу гормоны (самататропин) – өсуді реттейді және ақуыздың пайда болуын арттырады. Гипофиздің әсері эпифизарды шеміршектің өсуіне әсер етеді. Сүйектердің ұзына бойлап өсуіне әсер етеді. Самататропты гормонның гипофизді бұзылуы әр түрлі өзгертулерге, адам организмінің дамуы мен өсуіне әсер етеді. Егер бала кезде гиперфункция болса, онда гигантизм дамиды. Гиперфункция болған кезде – ергежейлік болуы мүмкін. Гиперфункция үлкен адам да бойға әсері жоқ, бірақ өсуге қабілеті бар ағза мүшелері үлкейіп өседі.
Пролактин – сүт бездерінің өсіп – жетілуіне байланысты. Бұл кезең (жыныстық жетілу кезеңінде) 10-12 жаста байқалады. Сүт бездері әйел босанғанда және жас сәбиді емізгенде өзінің даму шегіне жетеді, пролактин синтезделіп үлкейеді және лактация кезеңі келеді.
Емуанті жүйке жүйесінің рефлекторлы механизм арқылы пролактин бөлінуін стимулдайды. Пролактин лютеотропты қызметке ие, сары дененің ұзақтығына ықпал етеді және прогестерон өндіріледі. Екінші топқа жатады.
1. Тиреотропты гормон (тиреотропин) – қалқанша безге әсер етеді және оның функциясын жоғарлатады. Тиреотропиннің аз өндірілуінде, қалқанша бездің атрофиясы байқалады. Гиперпродукция болғанда – мөлшерден көп өсуі гистологиялық өзгерістер байқалып, оның активтілігін жоғарлатады.
2. Адренокортикотропты гормон (картикотропин). Глюкокортикоидты өндіруге стимулдайды. Кортикотропин бөлінуге және белоктың синтезін тежейді, антагонлетикалық өсу гормоны. Ол ең негізгі байланыстырғыш ұлпаны тежеп, толық жасушаларды азайтып, капилярлардың өткізгіштігін төмендетеді. Осы арқылы ісінуге қарсылығы анықталады. Картикотропин әсерінен өлшемдері және лимфондты мүшелердің салмағы азаяды.
3. Гонадотропты гормондар (гонодатропты – фоллийтропин және лютропин). Әйелдерде де, ерекектерде де болады.

Қызметі:
1) гипофиздің алдыңғы бөлігі құрамы нәруыздан тұратын өсу гормонын (соматотропин) бөледі. Өсу гормоны дененің, әсіресе ұзын сүйектерінің өсуіне әсер етеді;


2) нәруыздың, майдың, көмірсудың алмасуын реттейді;
3) жыныс бездерінің жұмысын қалпына келтіреді;
4) сүт безінен сүттің бөлінуін камтамасыз етеді;
5) бүйрек үсті безі қыртысының өсуіне, одан бірнеше гормондар бөлінуіне, қалқанша бездің дамуына әсер етеді;
6) кандағы темірдің тұрақтылығын сақтайды.
Гипофиздің ортаңғы бөлігі пигментті жасушалардың мөлшері мен санын ұлғайтады. Тері пигмент/ - меланиннің түзілуін күшейтеді.
Гипофиздің артқы бөлігінен 2 түрлі гормон (вазопрессин, окситоцин) бөлінеді. Бұл гормондардың біреуі (окситоцин) жатыр бұлшық етінің жиырылуын күшейтеді. Екіншісі (вазопрессин) ұсақ артерия қан тамырларының жиырылуын арттырып, артерия қысымын жоғарылатады. Ағзадан зәрдің бөлінуін азайтады (5-кесте).
Гипофиз безінің қызметі бұзылуынан болатын ауытқулар. Гипофизден бөлінетін гормондар химиялық құрылысы жағынан тек нәруыздан тұрады. Шамадан тыс көп бөлінген гормон жасушалардың қарқынды көбеюін тездетеді. Нәтижесінде нәруыз түзілуі күшейіп, азоттың денеден шығарылуы азаяды. Өсу гормоны артық бөлінсе, адамның сүйегі ұзынынан өсіп, бойы 2 м-ден асады.
Алыптылық әсіресе жас кезде сүйектің ұзынынан қарқынды өсуі кезінде байкалады. Аяқ-кол сүйектері ұзарып, маңдайы мен бет сүйектері алға шығыңқы болып, тілі аузына сыймайтын ауруға ұшырайды. Мұндай ауруды акромегалия (гр. «аkros» - аяк-қол сүйектері, «mega» - үлкен) деп атайды. Дыбыс сіңірлері жуандап, даусы «гүжілдеп» жағымсыз шығады. Бұл ауруды тек рентген сәулесімен емдейді.
Гипофиздің гормондары аз бөлінсе, адамның бойы өспей калады. Ер адамның бойының биіктігі 130 см, өйелдерде 100-120 см-ден ас-пайды. Терінің дәнекер ұлпасының нәруыз синтезі бұзылып, тері құрғап, бетке көп әжім түседі.
Ергежейлілік (гр. «nanos» - тым аласа бойлылық) - гипофиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша бездердің зақымдануынан пайда болады. Себебі бұл бездердің жұмысын орталық жүйке жүйесі реттейді. Ергежейліліктің 2 түрі бар: біріншісі - дене бітімінің сәйкестілігі (пропорционалды), екіншісінің дене бітімінің сәйкессіздігі (мүшелерінің пропорциясының сақталмауы).
Дене бітімінің сәйкестілігіне қарамай ергежейлі болуын -гипофизді ергежейлілік дейді. Гипофиздің алдыңғы бөлігінің қызметінің бұзылуынан адамның калкы өсуімен зат алмасу процесі өзгереді. Мұндай адамдардың дене бітімі, мінез-құлқы дұрыс дамығанымен денесі бала сияқты өспей калады. Жыныс бездері толық жетіліп дамымайды. Семіріп, беттерін әжім басады.
Дене бітімінің сәйкессіздігі қалқанша бездің зақымдануынан болады. Бұдан басқа қаңқасының сүйектенуі, терісінің тым құрғақ болуы, зат алмасуының бәсеңдеуі, психикасының толық дамымауына да себеп болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   43




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет