Сабақтың түрі Теориялық



бет3/5
Дата02.01.2022
өлшемі25,76 Kb.
#107900
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Сүйекті шеміршекті балық
07.04.2020 Жалпы қолданылатын ыдыстар, 02.04.Вет сан ережелер, Жылқы етін дайындау және ұсақтау
Сүйекті балықтардың қазіргі кезде 20 000-нан астам түрлері бар. Дене пішіндері де түрліше. Денесі бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлінген. Сүйекті балықтардың терісі жалпақ әрі ірі қабыршақтармен қашаған. Қабыршақтарында ағаш діңіндегі жылдық сақиналарға ұқсас сызықтар бар. Осы сызықтарға қарап, балықтың жасын ажыратуға болады. Сүйекті балықтардың қаңқасында сүйектер өте көп. Олардың қаңқа бөлімдері шеміршекті балықтардың қаңқа бөлімдеріне ұқсас. Сүйекті балықтардың желбезектерінің сырты сүйекті желбезек қақпағымен жабылған. Сүйекті балықтардың көпшілігінің аузы бас бөлімінің алдыңғы тұсында орналасады. Жақсүйектерде және т.б. сүйектерде де тістері бар. Ал тұқы балықтарының желбезек доғаларында жұтқыншақ тістері де болады. Ауыз қуысына көлемді жұтқыншақ жалғасады. Қысқа өңеші қарынмен жалғасқан. Қоректік заттарға байланысты қарынның көлемі мен пішіні әр түрлі. Жыртқыш балықтардың (алабұғашортан) қарны үлкен әрі созылғыш. Қарыннан аш ішек басталады. Сүйекті балықтардың ішегі едәуір ұзын. Кейбір балықтарда аш ішек пен тоқ ішектің түйіскен жерінде ұсақ тұйық өскіндер болады. Олар ішектің ішкі сіңіру бетін үлғайтады. Тік ішек аналь тесігімен аяқталады. Бауырлық, үйқыбездің өзектері аш ішектің алдыңғы бөлігіне ашылады. Бауыр улы заттар мен зиянды өкімдерді зарарсыздандыруға қатысады. Сүйекті балықтарда ерекше мүше - торсылдақ болады. Іші ауаға толы торсылдақ ұрықтың даму кезеңінде ішектен бөлінеді. Ол балықтың дене салмағын өзгертіп, судың түрлі қабаттарына өтуіне жағдай жасайды. Торсылдақ кейбір балықтарда тыныс алуға, дыбыс шығаруға қатысады. Су түбінде тіршілік етуге бейімделген сүйекті балықтарда торсылдақ болмайды. Сүйекті балықтар желбезектерінің сыртында сүйекті желбезек қақпағы болады. Желбезек шашақтары бірден сүйекті желбезек доғаларына бекіген. Сүйекті балықтардың терілі желбезекаралық пердесі болмайды. Тынысалуы желбезек қақпағының қозғалуына тікелей байланысты. Сүйекті балықтардың қантарату жүйесі теміршекті балықтарға ұқсас. Қарыншаның қабырғасы құлақшадан қалың, одан құрсақ қолқа қантамыры басталады. Сүйекті балықтарда да екі бүйрек, екі несепағар өзек болады. Оларда алғаш рет зәрдің уақытша сақталатын мүшесі - қуық пайда болған. Зәр шығаратын тесік те сыртқа жеке ашылады. Сүйекті балықтар миының қүрылысы темір шекті балықтардың миымен салыстырғанда қарапайым әрі кіші. Алдыңғы ми - шағын, екі ми сыңарына бөлінбеген. Ортаңғы ми мен мишығының көлемі үлкендеу. Көзінің құрылысы шеміршекті балықтарға ұқсас. Есту мүшесі де тек ішкі құлақтан тұрады. Балықтар бірімен-бірі түрліше дыбыстар шығару арқылы байланыс жасайды. Дыбыстарды қабылдайтын; балықтар тіршілігінде маңызы зор.

Бұлардың иіс, дәм сезуі, бүйір сызығы шеміршекті балықтарға ұқсас. Балықтарда дара жынысты, қосжыныстылық сирек кездеседі. Тек теңіз алабұғасы ғана қосжынысты. Аталықтарының да, аналықтарының да екі-екіден жыныс бездері бар. Аталық безден бөлінген сұйықтық шовал деп аталады. Оның құрамында өте көп мөлшерде аталық жыныс жасушасы - сперматозоидтар болады. Аналық безде уылдырық деп аталатын майда жүмыртқа жасушалар жетіледі. Сүйекті балықтар сырттай ұрықтанады, сондықтан да өте көп мөлшерде уылдырық шашады. Кәсіптік мәні бар балықтарды көбейту үшін, арнайы балық зауыттарында қолдан ұрықтандырыл, шабақтар өсіріледі. Кейбір балықтар көбею кезінде жылыстап, өрістейді. Мысалы, бекірелер, албырттар теңіздей өзенге өрістеп, уылдырық шашады. Ал өзен жыланбалығы керісінше, өзеннен теңізге өтіп, уылдырық шашады. Ұрықтанған уылдырықтан бірте-бірте дернәсіл, одан шабақ өсіп жетіледі. Балықтар мүхиттарда, теңіздерде, өзендерде, басқа да су айдындарында кездеседі. Әсіресе, теңіз жағалауының 200 метрге дейінгі қабаттарында көбірек таралған. Ондай жерлерге күн сәулесі мол түсіп, су өсімдіктері көп өседі. «Балдырлы көлде балық көп» деген сөз соны аңғартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет